Әкім болғым келеді (2 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Лев Толстой деген жазушы «Бәрі Ресейді құтқарғысы келеді, ал ешкім өз жанын құтқарғысы келмейді» деген екен. Ішкі дүниеңізді жадыратар, қайғырғаныңызда демеу болатын өмірлік ұстыныңызды айтып бере аласыз ба? Сол өмірлік тәжірибеден шыққан рухани қуатты жастар да пайдалана жүрсе деп сұрап отырмыз.
– Жеке ұстанымым, балаларыма да айтатыным – өтірік айтпа, ұрлық жасама, ешкімді сатпа. Досыңды сатпа, жақсы болсын, жаман болсын. Пенде болғаннан кейін қалған дүние әркімнің басында бола береді. Сатпаудың ішінде көп нәрсе жатыр – досыңды, халқыңды, жеріңді, арыңды т.б. Осы уақытқа дейін ұрлық жасаған жоқпын, арымды сатқан жоқпын, арыз айтқан жоқпын, тілімді тигізген жоқпын. Содан кейін қазақты құртатын көреалмаушылық. Кең болу керек. Ғафу Қайырбековтың «Аспан кең ұшам деген қанаттыға» деген сөзі бар.
Тазаратын кез келді. Өткен ғасырда ағалар тастап кеткен былықтан 21-ші ғасырда тазаруымыз керек. 20-шы ғасырда боққа батпаған адам жоқ. Ал, айтатындар айта берсін, қолымда қаламым, жақсы ма, жаман ба оны уақыт көрсетеді. Мүмкін ертең бәріміз ұмытылармыз, онда тұрған ештеңе жоқ. Бәріміз Абай, Махамбет емеспіз ғой. Қолымнан келгенше халқыма қызмет жасадым. Күйім келгенше жаздым. Ал халық керегін алып, керек емесін тастар.
– Сонда өзіңізді өмірде жағымды кейіпкер ретінде сезінесіз бе?
– Өзін жек көретін ешкім жоқ, айналайын. Кез-келген шошқа өзін жақсы көреді. Бізде кез келген «халтурщик» өзін классик көреді. Сондықтан бұл сұрағың мен үшін орынсыз!
«Әркім өзін тазартатын болса, қазақ есін жияды»
– Қазір кәрістің керемет тарихи сериалдарын халық тамашалап отыр, балалар бойларына сіңіріп жатыр. Мен Жұмоңмын, мынау Дон И деген сияқты қаһармандар пайда болғаны белгілі. Осылай, шынайы, моральдық кейіпкерлер мен тақырыптарға барар біздің жол әлі ұзақ па? Ол «ауыл» бізден неге алыс?
– Осының барлығы біздің өзі-міздің қаһармандарды насихаттай алмай отырғанымыздан. Ұрпаққа насихатталсын деп, бұрынғы батырларды қайталап жазып жүрмін. Балалардың көретіні шетелдің батыры болса, олар ертең кім болып шығады? Мысалы, Сыр бойындағы Жанқожа батыр. Оны қазіргі бала білмейді. Осының бәрін насихаттау керек, жазу керек. Айтпасаң, жазбасаң ұрпақты кінәлауға болмайды ғой. Балабақшадан бастап, өткенімізді, батырлық жырларымызды санасына құю керек. Әркім өзінің отбасын, баласын, қызын, немересін тәрбиелесін. Оған ешкім қой демейді. Айқайлағыш, мұқатқыштар көп. Олар «Стипендия алғыш», «Мырзатай бүйтіп кетіпті» деген әңгімеге шебер. Әрбір бала үшін, әрбір адам үшін күресу керек.
– Аға, күнделік жазасыз ба?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 12.04 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 102

Похожие материалы