Компетентность учителя русского языка в педагогической деятельности

Предмет: Русский язык и литература
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:
Компетентность учителя русского языка в педагогической деятельности Жанадилова Жанерке Учитель русского языка школы 219 им. Ы.Алтынсарина. Шиелийский район, Кызылординская область, Республика Казакстан. «Алтын ине», «Доктор Иманғали Әбдіхалықовтың алтын инесі», «Соның арқасында құдайға шүкір, денсаулығымды түзедім» деген сөздерді облыстың түкпір-түкпірінен жиі естуге болады. Шиелінің өзінде күйеуінің қылығына ренжимін деп даусынан айрылып қалған телефонистканың Ресейдің көптеген емханаларынан дауа таба алмай Иманғалидың алтын инесінен кейін өз даусын естіп, талып қала жаздағанын естігенім бар. «Жын-шайтанның азарына ілігіп, аузы қисайып қалғандардың алтын инеден кейін жұрт үрке қарайтын қалпынан айрылғанын, төсегі құрғамайтын шыжыңдардың алтын инеден кейін төсегң құрғағанын... Тізе берсең сан жетпейді. Барлығы «Доктор Иманғали Әбдіхалықовтың алтын инесінің құдіреті» деп ризашылығын білдіріп жатады. Сонымен... дәрігер Иманғали Әбдіхалықовтың алтын инеге барар жолы қалай басталып еді. «Өмір бір көшкен керуен» дейді халық даналығы. Сол көшке ілескен әрбір адамның одан өзінің ылайықты орнын табуы оның мақсатшылығы мен табандылығына байланысты екендігі дәлелдеуді қажет етпейтін аксиомаға айналғаны қашанда шындық. Оған жарқын мысал ретінде осы айда жетпіс жасқа толғалы отырған дәрігер Иманғали Әбдіхалықовтың өмір жолын алуға болады. Ол өмірі бір орыс көрмеген, орысша тіл ұстартпаған ауылда – Ортақшылда өсті. Ана тілінің, қазақ дәстүрінің барлық қадір-қасиетін бойына сіңірген жас бала жеті жылдық мектепті жақсы бағамен бітіріп Қызылорда қаласындағы медициналық училищенің оқу бағдарламасын игерумен өз білімін де байыта түсті. Социлистік Республикасы болғанымен сабақ та, іс жүргізу де ана тілінде емес – орыс тілінде қолданыс табатын. Бай тілді меңгеру, оны түсінікті етіп қайыра жеткізе айтып беру шалғайда өскен ұлға қиынның қиыны болды. Оның үстіне адам анатомиясы, кеше ғана жер тіреп тұрғандай боп жүрген адамның өлі денесін ұстап көру, жік-жігімен сабақ ретінде өту бұл да батылдық пен табандылықтың шешуші шегіндей болатын. Алғашқыда сабақты түсінбей жаттау, кітапта жазылғанын үтір-нүктесінедейін айтып беу, кейіннен ол табандылықтың арқасында түсінікті тілге айналады. Қиындықтың қамалы алынғанын ол алғаш рет 4-5 деген баға алғанында айқын сезінді. Ол сәттегі қуаныш оның бүкіл өмірінің жарық жұлдызы – жол басына айналды. 1954 жылы Қызылорда медициналық училищесін, 1958 жылы Алматы медициналық институтын бітіргенде қос қызыл диплом оның бүкіл болашағын айқындады. Бойында босалқы бөлшегі жоқ адам атаулының басы ауырып, балтыр сыздаса табынатын, құдіретіне жүгінетін дәрігерлеріне айналды ол. Біліктілік пен жұмсақ жайлы мінез оның ел алдындағы қадірін арттырды. Қонған бақты көтеру үшін де салқын жүрек, байсалды парық қажеттігін таразыламаған кездері де болды оның... Содан бері 47 жыл өтті. Қаншама адам жарты ғасырға жуық уақыт ішінде доктор Иманғали Әбдіхалықовтың жылы сөзін естіп, емін алды, сырқатын сылып тастағандай күй кешті! Санау мүмкін емес! Қазір аудан дәрігерлерінің ақсақалы атанған Иманғали Әбдіхалықұлының еңбек жолын саралар болсақ, ол манданып, қызмет істеген мидицина саласы жоқ десе де болады. Облыстық онкодиспансерде бас дәрігер. Қазалы Қаракөл савхозы мен Жөлек селолық ауруханасында, аудандық тубдиспансерде бас дәрігер. Соңғысында қатерлі дерттің алдын алу, оны дөп басып емдеу саласын жақсы жолға қойғаны үшін кезінде ССР Денсаулқ сақтау министрлігінің ауыспалы қызыл туын жеңіп алып, алты жыл бойына кабинетіне қастерлеп ұстағанын әлі ұмыта қойған жоқ. Ол сол қоғамға байланысты адам өмірінің абырой сезіміне бөленген бір сәттері ғана еді. Ал аудан өміріндегі дәрігердік қызмет – психиатрр, нарколог, невропотолог ретінде жалғасқанын жұртшылық жақсы біледі.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 49.5 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 124

Похожие материалы