Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Отегенова Сауле Дарьябаевна
|
Пән аты: Информатика Сыныбы : 8«А», «Ә», «Б» «В» Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Компьютердің негізгі коПән аты: Информатика
Сыныбы : 8«А», «Ә», «Б» «В»
Сабақтың тақырыбы: Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Компьютердің негізгі компоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес компьютердің
құрылымы және оның жұмыс істеу принциптері туралы білімдерін қалыптастыру.
Тәрбиелігі: Жауапкершілікке баулу, дәлдікке үйрету.
Дамытушылығы: Оқушының әрбір сабаққа ынтасы мен қабілетін біріктіріп,
пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың өту әдісі: сөздік, көрнекі, практикалық
Сабақтың көрнекілігі: компьютерлер, топтамалар, тест сұрақтары т.б.б.
Оқыту формалары: жеке, топтық және ұжымдық.
Сабақтың барысы:
а) ұйымдастыру кезеңі
б) сабақ сұрау
в) бағалау
г) жаңа сабақ
д) бекіту
е) үйге тапсырма
ж) қорытынды
Қоңырау соғылып сабақ басталған соң балаларды ұйымдастыра отырып сабақты бастаймын.
Сабақтың өту барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.
ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру.
Компьютердің негізгі компонентері (процессор, жедел жады және сыртқы құрылымдар) өзара қалай байланысты?
Қазіргі барлық дербес компьютерлердің ортақ принципті (негізді) сұлбасы, яғни архитектурасы бар.
Дербес компьютерлердің архитектурасы –бұл, қолданушы мен программашының көмегімен тапсырмаларды орындайтын аппараттық және программалық құралдар жинағы. Архитектура сыртқы және ішкі болып бөлінеді.
Дербес компьютерлердің архитектурасының негізіне магистральды- модульдік принцип жатады. Модульдік принцип компьютердің қажетті конфигурациясын жинақтауға, оларды модернизациялауға мүмкіндік береді.
Магистраль - бұл процессор, жедел жады және сыртқы құрылғылар арасындағы ақпараттық байланыс.
Магистраль компьютердің барлық компоненттері (процессор, жедел жады және ақпараттарды енгізу мен шығару құрылғылары) параллель қосылатын сымдар жиынтығы. Ол мәліметтер шинасы, адрес шинасы және басқару шинасынан тұрады.
Мәліметтер шинасы мәліметтерді беруге немесе қабылдауға арналған. Шинаға бір мезгілде сигналдар көбейген сайын мәліметтер көбірек беріледі және ол тезірек жұмыс істейді.
Адрес шинасы мәліметтер жіберілетін немесе одан алынатын жады ұяшықтарының адрестерін беруге арналған.
Басқару шинасы басқару сигналдарын, яғни жадыны басқару, мәліметтер алмасуды басқару, мәліметтер алмасуды басқару, т.с.с. беруге арналған.
Жаңа сабақты бекіту сұрақтары:
Үйге тапсырма: §4.2. Компьютердің негізгі компоненттерінің өзара әрекеттесуі
Сабақты қорытындылау: Жаңа материалды пысықтау, оқушылардың меңгерген білімдерін талдау,
бағалау.
Оқушыларды бағалау. мпоненттері және жұмыс істеу принципі, дербес
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 694 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |