КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ ИНФОРМАТИКА 5-СЫНЫП
Предмет: | Информатика |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Жакупов Зинур Темирбулатович
|
КОМПЬЮТЕРДІҢ ҚҰРЫЛҒЫЛАРЫ 5-СЫНЫБЫНА АРНАЛҒАН ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚ
Жүйелік блок (Системный блок) - бұл компьютердегі кез келген ақпараттарды (текстік, графиктік, т.б.), электр сигналдарының тізбектері ретінде өте үлкен жылдамдықпен қабылдауға және өңдеуге негізделген құрылғы.
Жүйелік блокқа компьютердің негізі құрылғылары жинақталған және қосымша құрылғыларды қосуға арналған қосқыштары орналастырылған, сонымен қатар жүйені электр тогына қосатын батырма қойылған.
Оның ішінде:
Аналық (материнская, системная)
Процессор
Қоректендіру блогы
Жедел жад
Қатты диск
CD-ROM
Көрініс платасы
Дыбыс платасы
Және т.б. құрылғылар орналасқан.
Процессор -ол компьютердің басты бөлігі. Ол өзіне ұсынылған программа бойынша есептеулерді жүзеге асырады және компьютерлерді жалпы басқарады. Оны кез-келген компьютердің “миы” деуге болады.
Монитор (дисплей)-бұл кез-келген ақпараттарды (текстік, графиктік және т.б) экранға шығаруға негізделген құрылғы. Мониторды адамға ақпараттарды беріп отыратын компьютердің “тілі” деп қарауға болады . Монитордың алдында көп отыруға болмайды, себебі:
Көз тез шаршайды.
Дисплей жұмыс атқарып тұрғанда электромагниттік және ультракүлгін сәуле бөлініп отырады.
20 минут жұмыс жасағаннан кейін 5 минуттай демалуды, көз жаттығуларын жасап отыруды Ұмытпа!
Пернетақта (клавиатура)-бұл кез-келген ақпараттарды (сандық, символдық және т.б) компьютерге енгізуге негізделген құрылғы. Пернетақтамен жұмыс кезінде мыналарды үнемі есіңнен шығарма:
• Пернелерді ақырын басу;
• Қатты соққылардан сақтану;
• Қолың таза және құрғақ болсын!
• Пернетақтаның үстіне зат қоюға болмайды!
Пернелер бірнеше блокқа (топқа) бөлінеді.
Тип материала: | Архив RAR (rar) |
---|---|
Размер: | 6.08 Mb |
Количество скачиваний: | 2 |