Компьютерлік технология пәнінде ойын технологиясын пайдалану

Предмет: Информатика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың тақырыбы:      Деректер қоймасы

                                               Формаларды деректерді енгізу және редакциялауда қолдану.

                                               Есеп беруді құру.

Сабақтың мақсаты:         

Білімділік:                              MS Accеss деректер қоймасында мәліметтермен жұмыс

                                                 жасай отырып, формаларды деректерді енгізу және  

                                                  редакциялауда қолданып, есеп беруді құра білу.

Дамытушылық:                  Өмірдегі күнделікті тіршіліктен мысалдар келтіре отырып, өз

                                                 бетімен іздену, білімдерін іс – жүзінде қолдана білу  

                                                 дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік:                             Деректер қоймасына халық құндылықтарын енгізе отырып 

                                                 шапшаңдыққа,  ұқыптылыққа және еңбек сүйгіштікке, халық  

                                                 дәстүрін қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:                     практикалық, жарыс сабақ.

Сабақ әдісі:                          Халықтық педагогика технологиясы және деңгейлік оқыту        

                                                технологиялары арқылы алдына мақсат қоя отырып оқыту,     

                                                 зерттеу әдістері.

Пән аралық байланыс: Тарих, қазақ тілі, математика, астрономия, география    

Сабақтың жүрісі:  

І Ұйымдастыру.

1)      Сабаққа дайындықтарын тексеру

2)      Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Маңызды сөздер(шарты: сөздердің мәнін ашу)

A.    Информация сөзінің мәні?

B.     Компьютер қандай құрылғы?

C.     «Қойма» сөзінің мәні?

D.    Ақпараттың қандай түрлерін білесіз?

ІІ. Үйге берілген тапсырманы тексеру.

Сұрақтар: (жеті қазына суреттеріне сұрақ жасырылған)

  1. Excel бағдарламасы не үшін қажет?
  2. MS Word бағдарламасы қандай элементтерден тұрады?
  3. MS Word бағдарламасында бос кестелерді тұрғызудың қанша тәсілі бар?
  4. Power Point бағдарламасының негізгі мүмкіндіктері қандай?
  5. Кесте дегеніміз не?
  6. Жазба дегеніміз не?
  7. Жан бітім дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа тақырып.

Microsoft Acces- MS Access ең кең тараған деректер басқару жүйелерінің (ДҚБЖ) бірі болып табылады. Оның шежіресіне көз жүгіртетін болсақ төмендегідей мәліметтерді айтуымызға болады:

·         1995 Access 7 (Windows 95 үшін MS Office 95 пакеті)

·         1997 Access 97 (MS Office 97 пакеті)

·         1999 Access 2000 (MS Office 2000 пакеті)

·         2001 Access 2002 (Office XP пакеті)

·         2003 Access 2003 (MS Office 2003)

·         2007 Microsoft Office Access 2007 (MS Office 2007)

·         2010 Microsoft Office Access 2010 (MS Office 2010)

Microsoft Access бағдарламасы ол – кез-келген фирма, мекеме, шағын кәсіпкерлік шаруашылықтар бір-бірі туралы мағлұмат алу үшін, немесе келісу үшін, арнайы қағаздар толтырып, құжаттар дайындап, қағаздардың санын көбейтіп әуре болмайды. Мұның бәрін осы бағдарлама жасайды. Бұл бағдарламада кесте түрінде, сызба түрінде, кез-келген фирманың толық мағлұматтары болады. Оны алып қарап, онымен тікелей жұмыс жасай беруге болады. Microsoft Access бағдарламасы қазіргі кезде компьютерлік технологиялардың құрал ретінде кеңірек пайдаланылуы. Бұл бағдарлама қазіргі таңда компьютерді осы бағытта пайдаланудың нақты мысалдары көп емес. Бұл бағдарламаны оқушыларға оқыту жүйесіндегі көптеген сатылардан біртіндеп меңгеру арқылы жүргізіледі

Форманы құру. Форманы көрсету режимдері.

Формалар – деректер базаны ақпаратпен толтыратын қызметкерлерге қажет. Олар ақпаратты енгізуге, қарап шығуға және кесте немесе сұраныстағы ақпаратты модификациялауға көмектеседі.

Құру тәсілдері:

1.      автоматты түрде – Автоформа.
2.      шебер арқылы – Мастер форм.
3.      өз қолымен – Конструктор.

Форманы көрсету режимдері:

1.      конструктор режимі
2.      форма режимі
3.      кесте режимі

Режимдер арасында ауысу Вид менюі арқылы іске асады.

Басқару элементтері.

Конструктор режимінде форманың көлбеу және тігінен орналасқан сызғыштар, форматтау тақтасы және құралдар тақтасы бар. Қосымша басқару элементтер тақтасын  экранға шығаруға болады. Ол арқылы формаға жаңа объектілер енгізуге болады.

Басқару элементтер – бұл формада немесе есепте орналасқан және деректерді бейнелеуге, операцияларды жасауға немесе жай әсемдік үшін арналған графикалық объектілер болып табылады.

Формаларда үш бөлім және бірнеше басқару элементтер болуы мүмкін.

Форманың бөлімдері:

  1. форманың тақырып жолы – бұл бөлім форманың 1-ші бетінің ең басында орналасады және тақырыптың атауын орналастыруға арналған;
  2. форманың ескерту бөлімі – соңғы беттің ең соныңда орналасқан, пайдаланушыға арналған кеңестер және басқада қажет ақпаратты орналастыруға пайдаланады.
  3. деректер аумағы – деректердің жазулары орналасқан.

Экранға көрінбейтін бөлімді шығару үшін Вид /Заголовок/Примечание формы командасын орындау қажет.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 366 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 139

Похожие материалы