Мақсаты: Қоршаған ортадағы жан-жануарларды аялауға және мейірімді болуға тәрбиелеу Балаларды қоянның тыныс тіршілігімен таныстыру. Геометриялық пішіндерді айыра білуге үйрету; оларды көлеміне қарай салыстыра білуді жетілдіру, қою әдістерін пайдалана отырып; пішіндерді қағаз бетінде орналастыра білу; бірлесіп жұмыс істей білу, ұсақ қол қимылдарын жетілдіру. Баланың ойлау қабілетін,сөздік қорын дамыту.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс-әрекеті
Балалардың іс-әрекеті
Дәлелдеу ояту
І.Ұйымдастыру кезеңі
Балалар, бүгін бізде ерекше күн. Біздің бізге қонақтар келіп отыр. Кәне, қолдарымызды күнге созып, жақсы көңіл-күймен амандасайық:
Шаттық шеңбер
Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын
Өзі кішкентай,
Құлағы ұзын,
Өзі қорқақ.
Дұрыс , балалар.
Қане,қане тұрмайық
Үлкен шеңбер құрайық
Құрсақ енді шеңберді
Алақанды ұрайық
Қуан,шаттан,алақай!
-Қуанатын күн келді.
-Қайырлы таң.
-Қайырлы күн
-Қоян
Ұйымдастыру іздену
Балалар бүгінгі жапсыру ұ.о. іс-әрекетінде қоянның бейнесін жасаймыз.
Қоянның ерекшеліктеріне назар аудару.
- Қоян қандай аң?
- Қоянның құлақтары қандай?
- Неше аяғы бар?
- Құйрығы нешеу?
- Құлақтары мен аяқтары қандай пішінге ұқсайды?
Балалар ,мынау хат кімнен келген екен?
Хат қояннан келіпті . Қоян сендерге қонаққа келгісі келемін депті. Қабылдайсыздар ма?
Экраннан қоян сөйлейді.
-Саламатсыздар ма ,балалар !
-Мен сендерге қонаққа барамын.
-Менімен дос болғыларың келе ме?
- Балалар , қоян сиқырлы қоян екен.
оның санын көбейтіп ,бәріміз пішіндерден қоянның бейнесін жапсырсақ, ол шын қоянға айналып кетеді.
-Балалар қоянның бейнесін жапсырамыз ба?
-Балаларға пішіндер таратылады. Бірінші денесін,содан кейін басын, аяқтарын,құлақтарын, құйрығын жапсырамыз.
Жұмыс орындарыңды таза ұстап және ұқыпты жұмыс жасаңдар.
Сергіту сәті
Балалар енді қызықты ойындар ойнайық.
Ойын: «Тығылыспақ »
Ойын: «Құйрықтарын тап»
Аңдардың құйрықтарын табу.
Ойын: «Қоян қай ертегіде»
Қояндардың көжегін санату
Ғажайып сәт: Экраннан қоян балаларға рахметін айтып, шын қоянға айналатынын айтады.
Балалар қоянның түсі қандай?
Көзі қандай?
Балалар қоянға арнап кім тақпақ айтып береді.
Рефлекстік түзету
Балалардың жұмыстарын тексеріп ,
смайликтермен бағалау . Мадақтау.
Білді: қоянның тыныс –тіршілігін білді, қоянның үй жануарына жататынын білді.
Меңгерді: пішіндерді қағаз бетінде орналастыра білуді , бірлесіп жұмыс істей білуді.