Конспект по казахскому языку

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

баяндама

Қазақстан республикасы Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050» стратегиясы жолдарымен бастауды жол көрдім.                               «Жаңа Қазақстандық патриотизм- біздің көпұлтты және  көп конфессиялы қоғамымыз табысының негізі-Қазақстан патриотизмінің іргетасы барлық азаматтардың тең құқығы және олардың Отан намысы алдындағы жалпы жауапкершілігі. Өз бойымызда және балаларымыздың бойында жаңа Қазақстандық патриотизмді тәрбиелеуіміз керек. Бұл ең алдымен елге және оның игіліктеріне деген мақтаныш сезімін ұялатады.Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу бөлімі бар және басқа ұлт өкілдерінің Қазақстан халқына деген сыйластығын,қазақтың салт-дәстүрін сыйлауға, өнер қайраткерлерін құрметтеуге, өнерін түсініп тыңдауға,қошеметпен қарауға,тұрып жатқан Отанын сүюге, халықтар достығын, ұлт-аралық қарым-қатынасты сақтауға,одан әрі дамыту мақсаты айқындалған. Әр түрлі ұлт өкілдері оқитын мектепте Қазақстандық патриотизмге тәрбиелеудің басты құралы ретінде этнопедагогиканы алып, мемлекеттік тілді әр бала ата анасындай ұлықтауға тәрбиелеудің тиімді жолдарын іздеудеміз. Патриоттық сезімге тәрбиелеуде мектептен тыс болатын шаралардың маңызы да аз емес. Солардың ішінде патриоттыққа жетелейтін бұл Республика күні, Тәуелсіздік күні, Ата Заң күні, Тілдер күні сияқты мемлекеттік мерекелерді өткізу және даярлау барысында балалар қажетті ақпарат іздеп көп жұмыс істейді, "Наурыз" мерекесінде әдеп-ғұрыптармен, ұлттық киімдермен, халықтық әндермен таныс болады. Осының бәрі де оларды қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерімен, салт-дәстүрлерімен табыстырады.
            Қазақ елінің ғасырлар бойы қалыптасқан отансүйгіштік тәлім-тәрбие дәстүрлерін, әдістері мен құралдарын жинақтап, оны бүгінгі патриотизм тұлғасын тәрбиелеуде оқу-тәрбие үрдісінде ұтымды қолдану - уақыт талабы. Тарихты парақтасақ, қазақ патриотизмі ерте кезден бастап қалыптасты. Себебі, сонау сақ дәуірінен Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде туған жер үшін білектің күшімен, найзаның ұшымен күресіп, келешек ұрпағына Отанымызды, "Қазақ" атауын бізге мұра етіп қалдырған батырлар, билер, хандар заманында хатқа "қазақ патриотизмі" деп жазылмаса да, ауызекі түрде кейде жыр, өлеңмен тараған отансүйгіш өсиеттердің негізінде жеткен

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 19.18 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 105

Похожие материалы