Конспект по математике на тему "3 санын қосу және азайту (қайталау)"

Предмет: Математика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Математика

Сабақтың тақырыбы: 3-ті қосу және азайту (қайталау)

Сабақтың мақсаты:

Танымдық қызығушылықты және салыстыру, талдау, пайымдау білігін дамыту. Есептің жаңа түрлері туралы білімді тиянақтау. Есептеулер жүргізу дағдыларын жетілдіру. Логикалық ойын, есте сақтау қабілетін дамыту . Шапшаң әрі дұрыс есептеуге үйрету. Ертегі арқылы қаталау жұмыстарын жүргізу.

Сабақта пайдаланылатын әдіс-тәсіл: сұрақ-жауап , түсіндіру

Түрі: ашық сабақ

Көрнекілігі: ертегіден суреттер, бауырсақ суреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі Оқушылардың назарын сабаққа аудару

Күннің нұры шуақты,

Сергітеді бойымды.

Құрдастарым сияқты,

Оқушымын мен енді.

Күн міне ерте оянды,

Қарады біздің әйнекке.

Асығамыз сабаққа

Шақырған соң математика.

ІІ. Білімді еске түсіру.

Ауызша есептеу.

Логикалық есеп.

Гүлмира қуыршақтармен ойнауды және кітап оқуды ұнатады, ал Тимур спортпен айналысуды ұнатады. Осылардың қайсысына сыйлық ретінде қармақты, ал қайсысына ойыншық аюды беруге болады және неліктен?

Карточкамен жұмыс.

1 қатар 2 қатар 3 қатар

3+5= 1+4= 3+2=

1+6= 4+5= 5+3=

2+8= 2+6= 4+3=

4+4= 7-3= 9-3=

1+9= 9-4= 7-2=

10-4 10-2=

Ойын: «Санды ойлап тап»

5;6;9 санынан 1-еуі артық санды тап.

4;7;8 санына 2-еуі артық санды тап

1. Жанар бақшадан 5 қияр, ал Талғат 3 қияр әкелді. Олар неше қияр әкелді? (8 қияр)

2. Жасыл терек түбінде 7 саңырауқұлақ өсіп тұр еді. Кірпі 3 саңырауқұлақты алып кетті. Неше саңырауқұлақ қалды? (4 саңырауқұлақ)

ІІІ. Қайталау сабағы.

- Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Қайталаусабағы» деп аталады. Біз бұл сабақты ертегілердегі жан – жануарлар арқылы өткізетін боламыз. Ал, балалар, мен ертегіні бастаймын. Мұқият тыңдаңдар.

Ертеде шал мен кемпір болыпты. Бір күні шал кемпіріне:

- Бүгін маған дәмді бауырсақ пісіріп берші, - дейді.

- Үйде ұн жоқ. Бауырсақты неден жасаймын? – дейді кемпірі.

- Қаптың түбін қырып, қалған ұннан бауырсақ пісір, - дейді шал

Кемпірі қаптың түбін қағып, бір уыстай ұн жинап алады. Оған қаймақ қосып қамыр илейді, содан соң оны майға қуырып, піскен бауырсақты терезенің алдына суытып қояды.

Бауырсақ терезеден түсіп, домалай – домалай орманға қарай кетеді.

Бауырсақ домалап келе жатса ,алдынан қоян шығады.

- Бауырсақ, бауырсақ ,мен, сені жеймін.

- Мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым

Енді сенен де қашамын

-Балалар, бауырсақты қояннан құтқару үшін, қане, бәріміз қоянның тапсырмасын орындайық.

- Бауырсаққа көмектесейік пе?

- Ендеше оқулығымыздың 109 бетіндегі №1 тапсырманы ашып қарайық. Оны №2 дәптерміздің 11 бетіне жазамыз.

Оқы. Есептерді салыстыр және шығар.

- Жақсы, балалар, бауырсақты қояннан құтқарып қалдық.

- Енді ертегімізді жалғастырайық. Қояннан құтылған бауырсақ домалап келе жатса алдынан қай жануар шығады деп ойлайсыңдар.

- Иә, қасқыр екен.

- Бауырсақ, бауырсақ ,мен, сені жеймін.

- Мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым.

Қояннан да қаштым,

Енді сенен де қашамын.

- Балалар, қасқырдың түсі қандай?

- Сұр, қорқынышты.

- Қасқыр қайдан шықты?

- Орманнан.

-Балалар, бауырсақты қасқырдан құтқару үшін, қане, бәріміз қасқырдың тапсырмасын орындайық.

Оқулықтағы №2 тапсырма

- Жақсы, балалар, ертегіні ары қарай тыңдауға күш жинап алайық. Боймызды жазып алайық

- Қане, бәріміз орнымыздан тұрып жаттығу жасап жіберейік.

Орнымыздан тұрайық,

Қолды белге қояйық.

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

-Жақсы, енді ертегімізді жалғастырайық.

- Қасқырдан құтылған бауырсақ домалап келе жатса, алдынан қорбаңдаған аю шығады.

- Бауырсақ, бауырсақ ,мен, сені жеймін.

- Мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым.

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қаштым

Енді сенен де қашамын.

-Балалар, аюдың түсі қандай болады?

-Балалар, бауырсақты аюдан құтқару үшін оның да тапсырмасын орындап тастайық

Оқулықтағы №3 тапсырма

- Сонымен, аюдан құтылған бауырсақ домалап келе жатса...

- Балалар, мен, сендерге осы жерде бір жұмбақ жасырайын. «Өзі қу екен, жүрген жері айғай да шу екен»

- Дұрыс, бауырсақтың алдынан түлкі шығады екен.

- Бауырсақ, бауырсақ ,мен, сені жеймін.

- Мені жемеші, мен саған өлең айтып берейін.

Мен атадан қаштым,

Мен әжеден қаштым.

Қояннан да қаштым,

Қасқырдан да қаштым

Аюдан да қаштым

Енді сенен де қашамын.

-Әнің жақсы екен, бірақ мен қартайдым ғой, құлағым естімейді. Менің тұмсығыма шығып әніңді қайта айтып берші. Жақсылар тыңдап алайын.

Мақтанған бауырсақ, ойланбастан түлкінің тұмсығына мініп алып әндете жөнеледі. Сол-ақ екен, қу түлкі оны «ап» деп жеп алады. Қарнын сипап, түлкі бір тояды.

- Бүгінгі ертегі осымен аяқталды.

- Балалар, ертегеі ұнады ма?

- Біз ертегі орманында қандай аңдармен кездестік?

- Қоян, қасқыр, аю, түлкі.

- Балалар, қазір «Кім тапқыр?» ойынын ойнаймыз.

9 1 > 5 4

Тура теңсіздік болу үшін тиісті « + » « - » таңбаларды қой.

Сабақты қорытындылау.

- Осымен біздің сабағымыз аяқталып қалды .

- Біз бүгін сабақты не істедік?

- Сабақ сендерге ұнады ма?

- Несімен ұнады?

- Сендер үшін барлығынан да не сәтті болды?

- Ал ерекше не сәтті болды?

Ашық сабаққа жақсы қатысқан балаларды мадақтап, бауырсақ таратамын.

Үйге тапсырма. Оқулықтың 109 бетіндегі №4 тапсырманы №2 жұмыс дәптердегі 11 бетке орындау.

Бағалау.


Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 1.34 Mb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 100

Похожие материалы