Конспект урока қазақ тілі тема:зат есімнің көпше және жекеше түрі
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Исмаилова Баглан Абдрасиловна
|
Пәні: қазақ тілі
Сабақ: № 86
Күні:18.02
Сабақтың
тақырыбы
Зат есімнің жекеше және көпше түрі
Сілтеме
2 сынып. Қазақ тілі Ж.Балтабаева,М.Солтанғазина
Мақсаты:
-Зат есімдердің жекеше, көпше тұлғада жұмсалатындығын түсіндіру;
Нәтиже
1.Оқушыларға жекеше түрдегі зат есімдерді көпше түріне айналдыра
білуге үйренеді;
Қосымшаларын ажырата білуге және дұрыс жалғай білуге үйренеді.
2.Ұжымда жұмыс істей алады.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Қолданылатын әдістер
Сын тұрғысынан ойлау стратегиялары
Керекті - құрал жабдықтар
Оқулық,кеспе қағаздар,дидактикалық материалдар, кесте, интер-белсенді тақата
Сабақ кезеңдері
Мұғалім әрекеті
Оқушы әректі
Кіріспе
Үй тапсырмасын тексеру
1.Ұйымдастыру
Топқа бөлу:
Түрлі-түсті жүрекшелерді оқушы-ларға таңдату.Сол түстер бойынша оқушылар топқа бөлінеді.
Психологиялық ахуал туғызу
Оқушыларға бір-біріне тілек айтқызу
5-жаттығудағы өлеңнің мазмұны бойынша әңгіме құрап келу
Топқа бөлінеді
Оқушылар қол ұстасып,бір-біріне жақсы тілектер білдіреді.
Құраған әңгімелерін оқиды
Қызығушылығын ояту
«Жоғалған сөз» ойыны бойынша оқушыларға сөздерді тапқызу және әр топқа өздеріне ұнаған сөз тіркесіне шағын әңгіме құрату.
Оларға сұрақ қойып зат есімді тапқызады және жекше /көпше түрінде тұрғанын анықтату.
«Жоғалған сөз» ойыны бойынша оқушылар сөздерді табады және әр топ өздеріне ұнаған сөз тіркесіне шағын әңгіме құрайды.Оларға сұрақ қойып зат есімді табады жәнежекше /көпше түрінде тұрғанын анықтайды.
Мағынаны тану
1-жаттығу Сөздерге тиісті жал-ғауларды қосып жазу
2-жаттығу Берілген сөздерді кес-тедегі орындарына жазу.Сөздерге сұрақтар неліктен әртүрлі қойылған?
Сергіту сәті
3-жаттығу Өлеңді мәнерлеп оқыту
Теңеу сөздерді табу.Көптік жал-ғауы бар зат есімдерді теріп белгілету және дәптерлеріне орындату
5-жаттығу Өлеңді жатқа жазғызу жекеше және көпше тұлғадағы зат есімдерді тапқызу
Жаттығуларды берілген нұсқауға сәйкес орындайды.
Өлеңді мәнерлеп оқиды
Теңеу сөздерді табады.зат есімдерді табады,дәптерлеріне
жазады
Өлеңді жатқа жазады,зат есімдерді табады.Оқушылар дәптерлерімен алмасып бір-бірін тексереді.
Ойтолғау
Зат есімнің жекеше түрі қандай сұраққа жауап береді?
Зат есімнің көпше түрі қандай сұраққа жауап береді?
Ережені қайталап айтады
Мысалдар келтіреді
Ұйқасын табады
Рефлексия
-Нені білдіңдер?
-Ережені қайталау.
Сабақты қорытады Стикерлерге пікірлерін жазады.
Бағалау
Әр кезеңде оқушыларды бағалап отырамын
Оқушылар өздеріне берілген бағалау парағы бойынша білімдерін бағалайды
Үйге тапсырма
4-жаттығу 143-бет
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 178.15 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |