Конспект урока по истории "Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары"

Предмет: История
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің білімді ұрпақтары».
Типі: тарихи – танымдық ойын. 
Мақсаты:
Білімділік: оқушылардың тарих сабағынан ҚР - сы туралы алған білімдері бойынша қайта - лау арқылы жинақтап, одан әрі танымдылығын арттыру.
Тәрбиелілік: оқушыларды туған халқына, Отанына, оның тарихи тағдырына деген құрмет сезімін қалыптастыру, отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Дамытушылық: өткен тақырыптар бойынша оқушылардың білім деңгейін байқауға, тез ойлауға, есте сақтауға, өз ойын жан - жақты толық жеткізе білуге, қосымша іздену, өз ойын мәдениетті түрде қалыптастыру.
Әдісі: дәстүрлі емес.
Қатысушы: 5-6-7-8 «А» сынып оқушыларынан құрама «Бәйтерек» және «Дарын» топтары.

Жоспары:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
А) Мұғалімнің сөзі: ойынның мақсаты мен жоспарын таныстыру.
Б) Ойынның кезеңдерімен таныстыру
І кезең: « Қанат қақты ». Топ басшыларының сайысы. Сұраққа жауап беру.
ІІ кезең: « Әріптер сөйлейді ».
ІІІ кезең: « Көкпар ».
ІҮ кезең: «Отаным алтын бесігім». Карточкамен жұмыс.
Ү кезең: «Сөзжұмбақ шешу»

ҮІ кезең: «Финал. Тарихи терминдер».
ІІ. Жүргізуші сөзі: Сәлемдесу, топтармен таныстыру.
ІІІ. Әділқазылар алқасымен таныстыру.
ІҮ. Ойынды бастау.
Ү. Қорытындылау: Әділқазылар алқасына сөз беру.
ҮІ. Мұғалімнің қорытынды сөзі.

 

ІІ. Жүргізуші сөзі: - Армысыздар, қадірменді оқушылар! - Армысыздар, жақсы ниетпен келген ұлағатты қонақтар! Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын, шежіресін білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы. 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 20.31 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 124

Похожие материалы