Конспект урока по казахскому языку на тему "Ұлттық киімдер"
Предмет: | Иностранные языки |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Касенова Алмагуль Амангалиевна
|
Сабақтың тақырыбы: Ұлттық киім.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Ұлттық киімдер жайында білімдерін толықтыру.
Тәрбиелік: Мемлекеттік тілді дәріптеу. Ұлттық салт-дәстүрге деген құрмет.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд
Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру сәті. Түгендеу. Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Сабақ ұлттық киім жайында мұғалім әңгімесімен басталады.
Біз қазақпыз, сыйласа үлкендерін
Шапан жауып құрметтер салтымыз бар.
Ата-баба дәстүрін берік ұстап,
Құрмет-тұтып, қадірлер, халқымыз бар. (Қасенова.А.А)
Әр ұлттың өзіне тән ұлттық киімдері бар. Сол сияқты қазақ халқының ұлттық киімдері де ыңғайлы, төзімді және әдемі болған. Қыстық киімдер қысқы суықтан қорғаған. Ыстық күндері жеңіл киімдер ыңғайлы болған. Жауын-шашыннан да қорғайтын киімдер болған. Сонымен қатар бұл киімдер жүріп – тұруға, көшіп – қонуға өте ыңғайлы болған.
2 . Слайд «Ұлттық киімдер» атты слайдты тамашалаймыз.
3. 7 саны қасиетті сан. 7 септікті қайталаймыз. Балалар, сөйлемдерді оқып, аударыңдар, ШАПАН сөзі қай септікте тұрғанын айтып беріңдер.
1. Шапан – қазақ халқының сырт киімі.
2. Қазақтар шапанға жоғары баға берген.
3. Шапанды батырға, билерге жапқан.
4. Шапанның жағасын баспайды.
5. Шапанда әдемі оюлар салынған.
6. Сыйға берген шапаннан үлкен құрметті көреміз.
7. Шапанмен бірге қалпақ киген.
4. Ертегі. «Қожанасыр мен Бай» ертегісін тамашалаймыз.
5. Үй тапсырмасын қайталап өтеміз. Суретпен жұмыс. Балалар, айтыңдаршы, кім ұлттық киім үлгілерінің эскизін салған? (Айша Ғалымбаева).Ал ,енді мен сендерге өздеріңе ұнаған ұлттық киім үлгілерін салып келуді тапсырғанмын. Қазір суреттеріңді көрсетіп, сол бойынша сөйлем құраңдар. Болашақта қандай ұлттық киім үлгілерін көргілерің келеді? Балалар сурет бойынша сөйлемдер құрайды.
6. Ал енді, балалар, сергіту сәтін орындайық. Бәріміз би билеп, сергіп алайық. Сергіту сәті .«Қара жорға» биін орындаймыз.
7. Мақалды аяқта. Мына мақалдарды аяқта, аудар.
Адам көркі – ...
Ағаш көркі – ...
Дерево листья украшает
Человека - одежда.
Жылы киім тәнді ...
Жылы сөз жанды ...
Теплая одежда тело согревает,
Теплое слово – душу.
Киім кірі жуса ...
Көңіл кірі айтса ...
Одежда очищается при стирке,
Душа – от задушевной беседы.
8. «Қоржын» ойыны. Балалар, мына қоржында 7 түрлі киім бар.Оларда сұрақтар жазылған , біз оларға жауап беруіміз керек:
1. Тымақ – Тымаққа кімді салып асыраған? (баланы)
2. Тақия – Тақияға көз тимесін деп не тағады? (үкі)
3. Кимешек – Кимешекті кім киеді? (апа)
4. Қалпақ – Қалпақты неден жасайды? (киізден)
5. Шапан – Қазақ шапанды кімге сыйлаған? (сыйлы адамға)
6. Сәукеле – Сәукеленің биіктігі қандай болады? (25-50см)
7. Бөрік – Бөрікті неден тігеді? (аң терісінен)
9 Жұмбақ шешейік .Мен сендерге жұмбақ дайындап келдім, олар ұлттық киім туралы. Ал, енді, сендер оны шеше қойыңдар:
1.Әдемі ол тым –ақ
Оның аты ... (тымақ)
2.Береді қызға көрік
Киіп алса ... (бөрік)
3.Дейді әже кимесек
Басымызға ... (кимешек)
4.Басына киіп алмақ
Өрнектелген ... (қалпақ)
5.Сүрініп ол кетіпті
Аяққа киіп ... (етікті)
6.Мықты болар денсаулық
Басыңа кисең ...(жаулық)
7.Дүкеннен алдым он
Әдемі қара ... (тон)
8.Жылы дейді атам
Киіп алып ... (шапан)
9.Кеттім қатты сөйлеп
Үстімде әдемі ... (көйлек)
10. Қуанады балақай
Басына киіп ...(малақай)
10. Жаңа тақырыпты бекіту.Біз ұлттық киімдерге қатысты көптеген ырымдар мен тыйымдарды білеміз, қазір соларды есімізге салайық:
Киімдерге байланысты тиымдар мен ырымдар
Бас киім:
1. Бас киімді іліп қояды, жерге тастамайды.
2. Тамақ пісіргенде басқа орамал тағу керек.
3. Бас киімді басқаға сыйламайды, сатпайды.
4. Сыйлыққа тек жаңа баскиім мыйлайды.
Аяқ киім:
1. Аяқ киімді төңкермейді.
2. Аяқ киімді теріс кимейді.
3. Табанға қарамайды, себебі аяқ киім барлық жерде жүреді дейді.
Сырт киім:
1. Жағалы киімнің жағасын баспайды.
2. Киімді оң қолдан, оң аяқтан киіп, сол қолдан, сол аяқтан шешеді.
3. Киімді желбегей жамылуға болмайды.
11. Сабақты қорытындылау.
Не білемін: оқып, аудару
Сәукеле:
1. Ең қымбат киім
2. Оны дайындауға 1 жыл кетеді
3. Оның биіктігі 25-50 см болады
4. Моншақпен безендіреді
5. Міндетті түрде үкі таққан
Тымақ:
1. Қасиетті бас киім
2. Оны айырбастамайды, аяққа баспайды
3. Жаңа туған баланы салып өсірген
4. Кешірім сұрағанда жерге тымақ тастайды
Шапан:
1. Сырт киім
2. Ат мінгізіп, шапан жабу – үлкен құрмет
3. Батырға, билерге дәреже бергенде жапқан
4. Шапанды сыйға алу – құрмет.
12.Үй тапсырмасы:
Кимешек, бөрік жайында жазып келу.
Сөзжұмбақ
1. Ұл баланың бас киімі
2. Ненің биіктігі 25-50см?
3. Қыста киетін сырт киім
4. Шала ту
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 22.13 Kb |
Количество скачиваний: | 41 |