Конспекты по казакскому языку на тему "Үй жануарлары" начальный кллас

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:


ҮЙ ЖАНУАРЛАРЫ


Мектепалды даярлық тобы

Тақырыбы: Үй жануарлары
Мақсаты: Балаларға үй жануарлары туралы түсінік беру және тереңдету, оларды бір-бірінен ажыратуға , оларға қамқорлық жасауға, әңгімені мұқият, зейін қойып, тыңдауға гу. үй жануарларына байланысты тақпақ, мақал-мәтелдерді қайталай отырып сұрақтары арқылы тіл байлығын дамыту. Әдіс-тәсілдері: Сұрақ-жауап, көрсету, түсіндіру.
Көрнекілік: Суреттер, төлдердің үлгілері.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі. Балалардың назарын сабаққа аудару.
- Балалар жылдың қай мезгілі.
- Қыс мезгілі.
- Қай ай
- Ақпан айы.
- Аптаның қай күні. Сәрсенбі.
- Күн қандай
- Жақсы.
- Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы әңгімелесеміз. Үй жануарлары деп үйде ұстайтын жануарларды айтамыз. Олар мыналар;қой, ешкі, сиыр, түйе, жылқы. Сендер көздеріңді жұмыңдар, көз алдымызға ауылдағы төлдердің, үй жануарларына не жатады дедік айтайық.
- Мына жайлаудағы суретке қараңдар. Үй жануарлары төлімен жайылып жүр екен. Осы үй жануарларының төлдерін қалай айтамыз.
Түйенің төлі - ботақан,
Қойдың төлі - қошақан,
Ешкінің төлі - лақ,
Жылқының төлі - құлын,
Сиырдың төлі - бұзау.
Балалар енді бүл жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік. Түйе боздайды. Қой маңырайды. Ешкі маңырай. Жылқы кісінейді. Сиыр мөңірейді. Сергіту сэті;Сағаттың тіліндей Иіліп оңға бір, Сағаттың тіліндей Иіліп солға бір Оң аяқ, сол аяқ Жаттығу оң аяқ.

- Балалар серігіп болсақ, мен сендерге осы төлдер туралы айтылғанын табыңдар.
Шөре, шөре, лағым,
Секеңдеме деміңді ал,
Тентек болма шырағым,
Селкеңдемей құлағың, - деп нені айтамыз.
- Лақты.
Қара көзің мөлдіреп,
Қызықтырмай қоймайды.
Жібек жүзің үлбіреп, - деп нені айтамыз.
- Ботаны.
Әукім-әукім әукешім,
...әукесін,
Енең әне келеді,
Ақ мамасын береді.
Әукешім - деп нені айтамыз.
- Бұзауды.

- Балалар, мен сендердің әрқайсыңа мына суреттерді көрсетемін, әртүрлі үй жануарлардың суреті, солардың аттарын атап қимылын жасайсыңдар немесе дыбысын келтіруге болады.
- Ал енді балалар осы үй жануарлары туралы мен жұмбақты қимылмен көрсетемін, сендер шешуін шешіңдер.
Басында екі таяғы бар.
Төрт аяғы бар.
Адам деуге болмайды,
Сақалы тағы бар.
(Ешкі)
Тәрбиеші: Балалар енді көктем мезгілінде малдар төлдейді. Мен сендерге сурет көрсетемін соған қараңдар, мынау қой малы. Ал қой туралы кім тақпақ айтып береді. Мағжан:
Қой баласы қоңырым,
Қойдан жуас момыным.
Шопан ата түлегі
Қошақаным қайдасың
Пүшайт - пүшайт. Тәрбиеші: Бүл ненің суреті. Балалар: Ешкінің.
Тәрбиеші: Ешкі туралы кім тақпақ айтады?
Сымбат:
Жауын жауса бақырған,
Ешкі атасын шақырған.
Өріске өскен жануар,
Шекетайым қайдасың.
Шөре - шөре
Тәрбиеші: Тамаша, енді не көріп тұрсыңдар? Балалар: бұл жылқы.

Нұрдаулет:
Жолға шықса көлігім,
Жапанда жүрсем серігім
Қамбар ата өсірген,
Құлыным менің қайдасың?
Құрау-қүрау.
Тәрбиеші: Мынау қандай төлдің суреті? Балалар: Сиырдың.
Тәрбиеші: Сиыр туралы кім тақпақ біледі?

Радамира:
Тілім мұрын жалаған
Тілім бойын тараған.
Зеңгі баба өсірген.
Әукешім менің қайдасың?

Әукім - әукім.
ал. осынау қандай жануар? Түйе
Екі көзі толадай,
Екі өркеші баладай.
Ойсыл қара бабасы,
Ботақаным қайдасың

Көс - көс. (Түйе,бота)
Тарпаң - тарпаң тайлағым,
Ботақаным, маймағым.
Қара - көзің мөлдіреп,
Жібек жүнің желбіреп
Желк - желк етіп желесің
Енеңе еріп келесің.

Карақат (құлын)
Құлдыр - құлдыр құлыншақ,
Тынымсыз бір ұрыншақ
Ұршықтай боп бұлтылдап
Жұмыр, жоның жылтылдап.

Гүлкектем (қозы)
Қошақаным қоңырым
Мыңқ етпейтін момыным
Түрі неткен әдемі
Бұйра - бұйра тоның.

Аружан (бұзау)
Томпаң - томпаң торпағым
Шошаладан қорқағым
Сүзісуге батырым
Жарысуға шорқағым

Гүлназ( лақ)
Тентек лақ тынымсыз
Мінезі бар ұғымсыз
Ертелі кешке ермейді
Қозыға маза бермейді.
Балалар сендер дұрыс айтасыңдар. Енді шамалы дем алайық орнымыздан тұрайық сергіту сәтін жасайық.
Сергіту сәті:
Тербеледі ағаштар
Алдымнан жел еседі
Кіп-кішкентай ағаштар
Үлкен болып өседі.

III. Қорытынды
- Балалар сендер бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар. Осымен сабағымызды аяқтаймыз. Әр уақытта да осындай белсенді болуларыңа тілектеспін Балаларды мадақтау, рахмет айту.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 17.72 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 109

Похожие материалы