Коучинг жоспары «Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық»

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Апта 4

Күні 31.03.2015

Коучинг тақырыбы:

«Оқыту мен оқудағы басқару және көшбасшылық»

Сілтеме:

Нұсқаулық,ғаламтор материалдары.

Мақсаты:

Коучингке қатысушылардың көшбасшылық қасиеттерін анықтау;

Коучингке қатысушылары көшбасшылык арқылы мектепті дамытуға болатынын ұғыну;

Басқару және көшбасшылық туралы көзқарастарын қалыптастыра отырып, практикалық тапсырмалар арқылы түсініктерін кеңейту.

Оқыту нәтижесі:

Қатысушыларда басқару және көшбасшылық, «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы» туралы түсінігі қалыптасады, көшбасшы түрлерінің ерекшеліктерін айқындай отырып, қажетті жағдайда тиімді пайдалануға үйренеді.

Негізгі идеялар:

Әр адам өз бойындағы көшбасшылық қабілетін жетілдіреді.

Тапсырмалардың түрлері:

Тапсырманы орындау барысында қолданылатын тәсілдер.(сәйкестендіру, постер жасау, пікірлесу, ой бөлісу)

Ресурстар

Таныстырылым, тест нұсқалары, тапсырманы орындауға арналған парақтар, постер,маркер,стикерлер, бейнероликтер.

Топқа бөлу

«Сөйлем құрау»

Танысу. «Өрмекшінің торы» тренингін өткізу.

Қиылған сөздерден сөйлем құрастыру, топтарға бөліну:

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім

қандай болса, мектеп сондай болмақшы. А. Байтұрсынов

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға. Абай Құнанбайұлы

5 минут

№ 1 тапсырма

Тестпен жұмысты ұйымдастыру

Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?" /15 сұрақ/

Өзін - өзі бағалау.

7 минут

Кіріспе тапсырма

Бейнероликті көрсету

Тақтада төменде аталған ұлы адамдардың суреттері көрсетіледі:

А.Құнанбаев, Абылай хан, Ы.Алтынсарин,А.Байтұрсынов, Б. Момышұлы, Ә.Назарбаев

- Осы көшбасшы тұлғалардың қандай қасиеттері бар деп ойлайсыздар? (Әр топ өз ойын ортаға салады )

- Қауым көшбасшыларды қалай қабылдайды?

- Көшбасшылықтың қандай түрлерін білесіздер?

- Сыныпта, ұжымда, қоғамда көшбасшы қажет пе? Не үшін?

- Кез келген адам өзінің көшбасшылық қабілетін дамыта ала ма?

- Көшбасшы қауымның өмірін өзгерте ала ма?

Қатысушылар «Лидерство. Видео MailRu» бейнеролигін көреді.

3 минут

3 минут

№ 2 тапсырма

«Ойлан, жұптас, пікірлес!» Сәйкестікті анықтаңыз

Ескірген пікір

Жаңа пікір

Көшбасшылық – сирек кездесетін қабілет

Көп адамдар көшбасшылық қабілеттерін көрсете алады

Көшбасшы болып туады

Көшбасшылыққа үйренуге болады

Көшбасшы – харизматикалық тұлға

Кейбір көшбасшылар салмақты, әсерлері көрінбеуі мүмкін

Көшбасшылар тек жоғарыдан көрінеді

Көшбасшылық ұйымның әр сатысында бар

Көшбасшы бақылайды, бағыт-бағдар береді ж/е ықпал етеді

Көшбасшы ынталандырады, тыңдайды, дамытады

  • ИБ тақтада дұрыс жауапты жасыру, қатысушылар тапсырманы орындап болғаннан кейін жауап парақтарымен алмасу, жауапты шығару, топаралық бағалауды ұйымдастыру.

«Мектепте басшылықтың қандай түрлері іске асады?» Слайдтарды көрсету

1. Басшы. Менеджер /басшының орынбасары/. Көшбасшы.

2. Стильдер: Өктeмшiл. Cыйлacымдық (дeмoкрaтияшыл).Немқұрайлы көшбасшылық.

- Стильдердің қайсысын сіз қолданғансыз?

- Стильдің қайсысы сізге ыңғайлы?

- Қайсы стильді дамытқыңыз келеді?

5 минут

№ 3 тапсырма

1. Бағалау критерийлерін құрастыру, постердің екінші бетінде берілген бағалау кестеін толтыру:

критерийлер/ топ

1.

2.

3.

4.

қорытынды

дескриптор

дескриптор

дескриптор

дескриптор

0

1

2

0

1

2

0

1

2

0

1

2

1

2

Топтарда постер құрастыру. Постердің1/3 бөлігін 2 тапсырма үшін сызып белгілеу.

1-топ «Мұғалім - оқушылар ұжымындағы көшбасшы»

2-топ «Мұғалім – мұғалім ұжымындағы көшбасшы»

10 минут

№ 4 тапсырма

Постерлермен өзара алмасу.

Мұғалім-мұғалім ұжымындағы көшбасшылық іс-әрекетінде кездесетін кедергілерді анықтау, жазу, қорғау.

Постерлерді қорғау

7 минут

4 минут

Бағалау

Дескриптор арқылы бағалау. (Әр топтан бір адамнан шығарып топ жасау. Олар бағалау критерийлері бойынша.)

3 минут

Тренинг-сергіту

«Өзін -өзі реттеу» бейнеролигі

3 минут

№ 5 тапсырма

Теориялық бөлім «Дейін - кейін» стратегиясын қолдану.

«Дейін»: пікірталас, «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?».

Ұсынылған кезеңдерді тәртіппен қою:

1. құндылықтарды анықтау

2. кәсіби міндеттерді анықтау

3. дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер

4. жұмыстардың жоспарын құру

5. желілік қоғамдастықтағы жұмыс

6. жоспар құруға арналған келісім мен кеңестер

7. көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыстар

«Кейін»: ІІ деңгей Нұсқаулығының 20 беттегі «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы»

5 минут

Қорытынды рефлексия

Бүгінгі коучинг сесиясынан кейін өзіңізді қалай сезінесіз?

«Аралдар» рефлексиясы

5 минут

Уақыты: 65 мин

Қосымша №1

Топтарға бөліну

Қиылған сөздерден сөйлем құрастыру /даналық сөздердің шрифті әртүрлі/

Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім

қандай болса, мектеп сондай болмақшы. А. Байтұрсынов

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық қылған жалықпас,

Үйретуден балаға. Абай Құнанбайұлы

Қосымша №2

Тест: "Сіз көшбасшы бола аласыз ба?"

1. Бала кезіңізде үлкеннің тілін алу мен өзгеге бағыну сіз үшін ауыр болды ма?

A.Иә (10 ұпай)

B.Есімде жоқ, білмеймін (5 ұпай)

C.Жоқ (0 ұпай)

2. «Ғылым мен мәдениеттегі жетістіктерге тек билік ете алатын жандар ғана қол жеткізе алады»деген пікірмен келісесіз бе?

A.Иә, әрине (10 ұпай)

B.Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)

C.Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

3. «Нағыз ер-азамат әйел затын өз талаптары мен заңдарына бағындыра білу керек» деген ойға көзқарасыңыз?

A.Өте дұрыс (10 ұпай)

B.Нақты айта алмаймын (5 ұпай)

C.Дұрыс емес (0 ұпай)

4. Жақын жандарыңыздың асты-үстіңізге түсіп, еркелеткендігі сізге ұнайды ма?

A.Иә, оған еш қарсылығым жоқ (10 ұпай)

B.Кейде-кейде (5 ұпай)

C.Шынымды айтсам, ұнамайды (0 ұпай)

5. «Әйел заты көнбіс болу керек» деген пікірмен келісесіз бе?

A.Иә, әрине (10 ұпай)

B.Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)

C.Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

6. «Мені қоршаған жандардың жағдайын жақсарту үшін мойныма көп дүниені жүктеп алдым. Алайда, мұны біреу білсе, біреу білмес». Сізге таныс жағдай ма?

A.Иә, дәл қазіргі менің жағдайым (10 ұпай)

B.Таныс жағдай, тек мұны барлығы білуге тиісті емес (5 ұпай)

C.Жоқ, мұндай жағдайға ұшыраған емеспін (0 ұпай)

7. «Мықты адам» деген теңеуге сай келетін жан көшбасшы бола алады» деген пікірмен келісесіз бе?

A.Иә, әрине (10 ұпай)

B.Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)

C.Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

8. Оңтайлы нәтижені тез табу керек болатын кейбір жағдайларда шешімді тез қабылдайсыз ба?

A.Иә, тез табуға тырысамын (10 ұпай)

B.Нақты айта алмаймын (5 ұпай)

C.Жоқ, шешімді бірден қабылдай алмаймын (0 ұпай)

9. Мен өзгелерді өзіме бағындырып, билік ете аламын

A.Иә, әрине (10 ұпай)

B.Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)

C.Жоқ, билік ете алмаймын (0 ұпай)

10. Ешкімнің алдында ашылып сөйлеп, өзімді толық көрсеткім келмейді

A.Иә (10 ұпай)

B.Білмеймін, әр кезде әр қалай (5 ұпай)

C.Жоқ (0 ұпай)

11. Мен беймаза, тыныш өмірді армандаймын

A.Иә, іште жатқан сондай арманым бар (10 ұпай)

B.Білмеймін, ол туралы ойланбаппын (5 ұпай)

C.Менің ондай арманым жоқ (0 ұпай)

12. Бағынышты адам бастығының кез келген тапсырмасын орындай білуі керек

A.Иә, әрине (10 ұпай)

B.Білмеймін, бәлкім, солай шығар (5 ұпай)

C.Жоқ, келіспеймін (0 ұпай)

13. Жақын жандармен тілдескен кезде, әсіресе, олардан өтініш-жәрдем сұраған іштей бір қарсылықтың тұрғанын сеземін

A.Иә, мұндай сезімдер менде жиі болады (10 ұпай)

B.Білмеймін, аса мән бермеппін (5 ұпай)

C.Жоқ, мұндай сезімде болған емеспін (0 ұпай)

14. Менен өзгелер түсінік сұрап, ақталуымды талап етеді.

A.Иә, онсыз да түсінікті дүниелерді қайта сұрап жатады (10 ұпай)

B.Білмеймін, байқамаған екенмін (5 ұпай)

C.Жоқ (0 ұпай)

15. Менің мінезім үйіміздің тірегі әкемнің/анамның мінезіне ұқсас

A.Иә (10 ұпай)

B.Білмеймін (5 ұпай)

C.Жоқ (0 ұпай)

Тест нәтижесі

150-100 ұпай: Сіз өктем жансыз. Сіз үшін алынбайтын қамал жоқ. Кез келген жағдайдың оңтайлы шешімін таба аласыз. Өзгені өзіңізге бағындыра аласыз. Басшы болуға лайықты жансыз.

99-50 ұпай: «Жеті рет өлшеп, бір рет кес» деген мақалмен өмір сүресіз. Барлығын ақылға салып, сабырлықты серік етесіз. Сіз басшылық ете аласыз, сондай-ақ, берген тапсырманы тыңғылықты орындайсыз.

49-0 ұпай: Сіз өте көнбіс жансыз. Өз күшіңізге өзіңіз сенбейсіз. Алайда, сіз оңтайлы шешім қабылдай аласыз. Өзгеден үлгі алып, мінез-құлқыңызды өзгертуге тырысып бағасыз.

http://massaget.kz/kyizdarga/psihologiya/1822/

Қосымша №3

«Ойлан, жұптас, пікірлес!»

Сәйкестікті анықтаңыз

Ескірген пікір

Жаңа пікір

Көшбасшылық – сирек кездесетін қабілет

Көп адамдар көшбасшылық қабілеттерін көрсете алады

Көшбасшы болып туады

Көшбасшылыққа үйренуге болады

Көшбасшы – харизматикалық тұлға

Кейбір көшбасшылар салмақты, әсерлері көрінбеуі мүмкін

Көшбасшылар тек жоғарыдан көрінеді

Көшбасшылық ұйымның әр сатысында бар

Көшбасшы бақылайды, бағыт-бағдар береді ж/е ықпал етеді

Көшбасшы ынталандырады, тыңдайды, дамытады

Қосымша №4

Постерлерді бағалау критерийлері

критерийлер/ топ

1.

2.

3.

4.

қорытынды

дескриптор

дескриптор

дескриптор

дескриптор

0

1

2

0

1

2

0

1

2

0

1

2

1

2

Қосымша №5

Теориялық бөлім «Дейін - кейін» стратегиясын қолдану.

«Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?».

«Дейін»: пікірталас, «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысын қалай ұйымдастыруға болады?».

Ұсынылған кезеңдерді тәртіппен қою:

1. құндылықтарды анықтау

2. кәсіби міндеттерді анықтау

3. дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер

4. жұмыстардың жоспарын құру

5. желілік қоғамдастықтағы жұмыс

6. жоспар құруға арналған келісім мен кеңестер

7. көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыстар

«Кейін»: ІІ деңгей Нұсқаулығының 20 беттегі «Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы»

Мұғалімге арналған нұсқаулық, ІІ деңгей, 20-21 бет.

Мұғалімдер үшін көшбасшылықтың маңызы

Мұғалім үшін оқыту мен оқудағы көшбасшылықтың бірнеше мәні бар:

• мұғалім өзінің оқыту және оқу үдерістерін түсінуін нақтылауға мән беруі;

• оқыту және оқу үдерістерін әріптестерімен талқылауға мүмкіндік беру;

• ересектерді де, балаларды да оқыту үшін барынша қолайлы жағдай жасау арқылы оқудың жоғары мәдениетті деңгейін орнату;

• оқудың қажетті ауқымын стандартты жетілдірумен шектемей, одан әрі кеңейту; • оқушылардың оқу үдерісіне тартылуы;

• әріптестерді кәсіби дамыту үшін барлық мұғалімдердің әлеуеттерін бөлуге болатындығына сенімді болу;

• оқыту мен оқу үдерістеріне әлеуметті, ата-аналар мен тиісті мүдделі адамдарды тарту.

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ)

Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы жоғарыда аталған барлық іс-әрекеттерді қамтуы мүмкін. Дамыту бойынша жүргізілетін жұмыс басқаларды серіктестікке тартып, рефлексия мен өзін-өзі бағалауға қатыстыратын тапсырмаларды қамтиды. Мұндай іс-шаралар жиі өткізіліп тұруы мүмкін, мысалы: әріптестер арасындағы пікірталастар, желіде орналастырылған есепті оқу, оқушылардың өздерінің іс-тәжірибелері туралы пікірлерін жинау, әріптестерімен іс-тәжірибе алмасу мақсатында басқа сыныптардың сабақтарына қатысу. Дәл осы жағдайда зерттеу үдерісті аяқтау үшін емес, диалог үшін ізденістің негізгі стратегиясы болып табылады. Бұл үдерістер ауқымы мен көлемі бойынша азғантай ғана болуы мүмкін, бірақ олар педагогикалық пікірталас қалыпты жағдай деп саналатын ортада мәдениеттің қалыптасуы мен жаңаруына үлес қоса алады. Мұғалiмдер дамыту жұмыстарын жүргізу барысында рефлексияны, жоспар құруды, кеңес беруді біртіндеп жүзеге асыру арқылы қолдау таба алады. Алғашқы қадам – әрбір ұстаз үшін маңызды шешімдерді талап ететін құндылықтар мен мәселелерді анықтау. Келесі қадам – өзгерістер бағдарламасы жөнінде әріптестерінің кеңестері. Осы әрекет басымдықтарын ұғыну мен келiсу бойынша атқарылған жұмыстардан соң мектептегі мәжiлiсте қаралып, мақұлдануы мүмкін. Мақұлданған соң мұғалім өзінің мәселесі бойынша нақты жоспар құра бастайды. Бұл жоспар жүзеге асатындай және оның құрамына кіретін әрбір әлеуетті қатысушы оны талқылай алатындай болу керек. Егер бұл келісу мен кеңесу үдерісі тиімді өтсе, онда дамыту жұмысы да жоспар бойынша жүзеге асырылады. Дегенмен мұндай жұмыс мектеп әкімшілігі тарапынан ұйымдастырылып, қолдау көрсетілгені маңызды. Мектеп әкімшілігінің мектеп құрылымы мен дамытудың басымдықтарын қайта қарастыруы қажет, себебі олардың кеңесі мен жетекшілігі өте маңызды. Бұл үдеріс жалпы түрде төмендегідей кезеңдерде айқындалады.

1-кезең. Құндылықтарды анықтау.

2-кезең. Кәсіби міндеттерді анықтау.

3-кезең. Дамыту бағдарламасын құруға арналған келісім мен кеңестер.

4-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құру.

5-кезең. Атқарылатын жұмыстардың жоспарын құруға арналған келісім мен кеңестер.

6-кезең. Зерттеуге негiзделген көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс.

7-кезең. Кәсiби бiлiмдердiң дамуына жәрдемдесуге ықпал ететін желілік қоғамдастықтағы жұмыс.

Көшбасшылықты дамыту бойынша жұмыс мектепте жаңа білімді қалыптастырады, дегенмен мектептен тыс жерде алынған жаңа білімдерді беру де мұғалімнің өз мектебіне орасан зор пайдасын тигізеді.

Тәжірибенің өзгеруі және білімдердің жинақталуы Мұғалiмнің өз бастамасына негізделген кәсіби даму үдерісінің нәтижесі, ең бірінші кезекте, жоба аяқталған соң емес, оның барысында сезiлуі керек. Сапалы даму жұмысына жаңа технологияларды сынақтан өткізу, бағалау, талқылау және шолу жатады. Олардың барлығының өзгертушілік әсерi болады. Нәтижелері әрдайым тәжірибелік бағытта болады, себебі оқыту мен оқу әдiстерiн жетілдіру негізінде орын алған тәжірибедегі өзгерiстер немесе жақсартуларды паш етеді, сонымен бiрге кәсіби өсуде маңызды бола алады. Осылайша олар осы Мұғалімге арналған нұсқаулықта айтылатын оқытудың көп деңгейлі моделінен көрінетін ішкі, сондай-ақ сыртқы өсудің айғақтары болып табылады. Көптеген мұғалімдер өз тәжірибесін жетілдіру жұмысы жақсы бастама деп санайды, егер жоба басынан нәтижелі болып, әріптестерін қызықтыра алса, онда бұл өзгерістер мектепте кеңінен қолдау тауып, мектептен өзінің лайықты орнын алуы мүмкін. Басқаша айтқанда, мектеп басқаша жұмыс істеуге үйренеді. Сол себепті әріптестерді қызықтырып, оларды бірлесе жұмыс істеуге шақыру қажет. Білім жинақтаудың сыртқы ауқымы оқыту мен оқу туралы идеяларды жай ғана тарату емес, сонымен бірге ол осы идеяларды өңдеу және оларды ары қарай дамыту болып табылады. Дәл осы жерде желілік қоғамдастық маңызды рөл атқарады. Осы бағытта желілік қоғамдастық арқылы біз идеяларымызбен бөлісіп, оны ары қарай дамыта аламыз. Сонымен бірге біз бұдан келесі жаңа идеяларды тауып, олармен жұмыс істей аламыз. Бұл білімді және сыни тұрғыдағы жұмысты жинақтау үдерісі әрдайым үздіксіз жүріп жатады. HertsCam-да (Хертс Кэм) бұл Network Events желілік қоғамдастығының семинарлары мен «Мұғалімнің көшбасшылығы» және «Дауыс» журналдарындағы жарияланымдар арқылы өтеді. Бұндай жарияланымдар webсайттарға сілтемелер арқылы мектеп және облыс аумақтарында мұғалімдердің білімдерін жинақтау мүмкіндіктерін кеңейте алады.

Оқуда көшбасшылықты дамыту стратегиялары Либерман және басқалар (2007) көшбасшылықты қолдау және мұғалімді дамыту мақсатында ойдағыдай қолданылып жүрген төрт стратегияға сипаттама берген. Мұғалімдер МКДЖ тәсілі ретінде өз беттерінше немесе әріптестерімен бірлесіп оларды жекелеп те, болмаса әртүрлі нұсқада ықпалдастырып та қолдана алады.

Қосымша №6

«Аралдар» рефлексиясы

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 219.22 Kb
Количество скачиваний: 80
Просмотров: 299

Похожие материалы