Коучинг: "Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану"

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Коучингтақырыбы:

Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану

Жалпы мақсат:

Мұғалімдер оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану әдістерімен таныса отырып, оны өз сабақтарында пайдалана білуге  үйренеді.

Сілтеме:

1.    Мұғалімдерге арналған нұсқаулық. 104-109-бет

Үлестірмелі нұсқаулық

 Күтілетін  нәтижесі

-       Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану стратегияларымен  және  әдістерімен танысу арқылы оқыту мен оқудағы жаңа көзқарастары қалыптасады;

-       Өз тәжірибесінде рефлексияда оқыту үшін бағалауды  қолдана алады;

-        Жаңа әдісті тәжірибесінде пайдалана алады.    

Түйінді идеялар:

1.     оқыту үшін бағалауды үйрену  нәтижесінде алынған ақпаратты ұғыну, бағалау, талдау және синтездеуде қолданылатын әдіс болып табылады, сонымен қатар ол әрекет жасауға негіз, түрткі болуы да мүмкін.

Сабақта қолданылатын ресурстар:

 А- 4 парақтары,стикер, флипчарт, маркер, қалам,

   Оқыту әдістері

Тікелей назар аударуға арналған ойлау құралы

Дереккөздері:

Мұғалімге арналған нұсқаулық 104-109 -беттер

Әдеби материалдар, газет-журналдар, портал материалдары

Тапсырмалар:

Ойлау карталары, топтық тапсырма және қорғау, рефлексия

Оқуға арналған тапсырма:

Мұғалімге арналған нұсқаулық.104-109-беттер

Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:

 

Психологиялық ахуал туғызу

Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімдердің іс-әрекеті

Коучинг деген не?

 (2 мин)

Бейнесюжет көрсету

Мұғалімдер бейнесюжетті тамашалайды.

Топқа бөлу(2 мин)

 

Сандар  бойынша 4 топқа 4 адамнан бөлу.

Ойынның шарты: Менің қолымда  сандар   жазылған парақтар бар. Ал, енді сіздер сандарды таңдаңыздар. Сандар бойынша  топтасыңыздар. Сабақ басындағы көңіл-күйді смайликпен белгілеу.

Сандар бойынша шағын төрт топқа бөлінеді.

 

Кіріспе тапсырма:

Топта ойланып,ойын қорытып, жеткізе білу (10 мин)

 

 «Дейін» стратегиясы

«Балауыз шам»

1-топ-Балалық шақ

2-топ-Менің досым

3-топ-Ұстазым

4-топ-Мен таңдаған мамандық

Берілген стикерлерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы  белгілейді..

Әр  топ мұғалімдері   бөлінген тақырыптар бойынша эссе жазады

Топ бойынша оқып,таныстырылады..

Топтар бірін-бірі бармақ арқылы бағалайды.

Оқуға ынтасын арттыру, нәтижеге жетуіне мүмкіншілік жасау,жауапкершілікті   сезіну (10 мин)

 

Дарынды,талантты оқушының моделін жасап шығу

 

 

Топ мүшелері талқылайды, постерге жазады және қорғайды,постерлер ілінеді.Мұғалімдер жеке-жеке өздеріне ұнаған постерлерге өз аттары жазылған стикерлерді жапсырады.Өз тобының постеріне жапсыруға болмайды.Топ бірін-бірі бағалайды.

Сергіту сәті (3 мин)

Сергіту сәті: « Асан-ақылды»Шеңберге тұрып, сағат тілімен «Адам есімінің бас әрпіне сәйкес сын есім қосу»

Шеңберге тұрып, сағат тілінің бағытымен бір-біріне теңеу сөздерді айтады.

Ақпарат (3 мин)  

Оқыту үшін бағалауды сабақта тиімді қолдану тақырыбында интерактивті тақтадан көрсетілім

Слайд көреді

Топтық жұмыс (5мин)

А-4-ке белгілеп жазу

Әр топқа тапсырмалар беріледі

Абай Құнанбаевтың И.С.Крыловтан аударған «Шегіртке мен құмырсқа» мысал өлеңіндегі іс-әрекетке баға беру.

Рефлексия(3 мин ) 

«Кейін» стратегиясы Стикерлер таратылады 

Стикерге өз көңіл-күйлерін смайлик арқылы белгілеп, сабақ басында көңіл-күйін белгілеген смайликпен салыстыру 

Кері байланыc (2мин)

«Екі жұлдыз,бір тілек»

Рефлексия жасайды

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 18.84 Kb
Количество скачиваний: 2
Просмотров: 100

Похожие материалы