Коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Предмет: Директору-завучу
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Коучинг пен тәлімгерлік жұмысын жүргізу

Тәжірибелі мұғалімдерге коучинг әдеттегі жағдайларға немесе проблемаларға басқаша көзқараспен қарауға көмектеседі. ХХІ ғасырда педагогтің рөлі өзгеріп, заманауи білім беру жүйесі жаңа талаптар қоюда. Мұғалімдерден жағдайға байланысты жылдам өзгеру, шығармашылық, жан-жақтылық, тұрақсыздық жағдайда шешім қабылдай білу және әрекет ету, болашақтағы идеяны тыңдай білу/көре білу талап етіледі. Бұрын – мұғалімдерге барлық уақытта алда жүріп, соңынан өзгелерді ерту керек болатын. Қазіргі уақытта және болашақта – мұғалім – мұғалімдердің қабілетін аша білетін адам болуы тиіс. Педагогтерді қалай өсіру керек? Не ықпалды болмақ? Даму және білім алудағы жаңа әдістерді сөз ете отырып, бүгінгі таңда жай ғана жекешелендірілген әдіс және тыңдай білу ғана емес, сонымен қатар мұғалімнің әлеуетін ашу – бұл оның негізгі міндеті мен негізгі нәтижесі екенін ашу барынша тиімді бағыт болып отырғанын атап өту керек. Мұғалімге өз жұмысында жетістікке жетуіне мүмкіндік беретін іс-әрекеттегі талдау және ол туралы ойлануға арналған құралдарды ұсыну мүмкіндігі коучинг пен тәлімгерліктің барлық түрлерін біріктіруші фактор болып табылады. Коучинг – мұғалімдердің ресурстарын ашып, оларды саналы оқуға және өмір сүруге үйрету мақсатында еңбек ету.Тәлімгерлік- тәлім алушылардың кәсіби дамуына бағытталған үрдіс.

Бірінші деңгейде ұсынылған тәлімгерлік пен коучинг идеялары мектептегі тәжірибе кезеңінде қалай жүзеге асырылатын қарастыратын болсак, коучинг пен тәлімгерлік үрдісін жүргізу ісі жоспарланған. Коучинг, тәлімгерлік үдерісін жоспарға сәйкес жүзеге асырлып отырады. Бұл жұмыс мазмұндарын іске асыру өзімнің кәсіби өсуіме және пән мұғалімі ретінде көзқарасымның өзгеруіне үлкен септігін тигізді. Ол ең алдымен өзінің педагогикалық тәжірибесіне өзгеріс енгізгісі келетін мұғалімдердің жұмысын ұйымдастыру. Сауалнама арқылы мұғалімдердің қажеттілігі анықталып, коучинг және тәлімгерлік үрдісінің ұйымдастыру түрлері жоспарланады.

Коучинг сабақтарының басты мақсаты әріптестерімізді оқыту болса, олар арқылы оқушыларды оқыту, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың белсенділігін жетілдіру болды.

Коучинг сессиясынан кейін кері байланыс ұйымдастырылып, 7 модульды ықпалдастыру аясында құрылған сабақтар өткіземіз . Меніңше , бұл оқушы жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша сындарлы кері байланыс.

Осындай сабақтар топтамасынан кейін мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау үшін кәсіби әңгіме жүргізіледі.

Бұл қызмет бүкіл мектептің мұғалімдерін кәсіби дамытуға, соның негізінде оқушылардың үлгерімін жақсартуға үлкен ықпал етуде.

Менің пікірімше , тәлім алушы тәлімгерлік тәжірибесінен өзіне керек мағлұматты ала алады деп ойлаймын.Тәлімгерлік үрдісі арқылы өзінің педагогикалық тәжірибесіне көп өзгеріс енгізе алады.

Әрбір ұстаз жаңа кезең мұғалімінің қызметіне сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 93 Kb
Количество скачиваний: 47
Просмотров: 238

Похожие материалы