Коучинг тақырыбы: Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Баядилова Асем Канатовна
|
Коучинг тақырыбы: “Оқушының оқу жетістігін бағалау критерийлері”
Мақсаты: Тыңдаушыларды негізгі бағалауда қолданылатын критерийлерімен таныстыру, олармен жұмыс жасаудың жолдарын көрсету
Мектебімізде осы коучинг алдында екі коучинг ұйымдастырылған болатын, бұл коучингтердің нәтижесінде алынған мұғалімдердің кері байланысы арқылы осы коучингтің тақырыбы анықталды.
Бұл коучингке дайындалу барысында, мен бізге арналған нұсқаулыққа жүгініп, мәліметтер мен анықтамалармен жұмыс жасадым. Осы коучингте бағалау критерийлері, рубрикатор, дескриптор ұғымдарымен таныстырып, осыларды негізге ала отырып, жұмыс жасауды көздедім. Ол үшін ең алдымен жоспар құрып, нұсқаулықтағы негізгі мәліметтерге жүгіндім.
Критериалды бағалау – нақты анықталған, ұжымдасып жасалған критерийлермен оқушылардың оқудағы жетістіктерін салыстыруға негізделген және оқушылар, ата-аналар мен педагогтар үшін түсінікті, білім мазмұнына және мақсатына сәйкес процесс.
Бағалау критерийлері - оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі (сипаттама).
Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі – бағалау моделі, ол үш түрлі: қалыптастырушы бағалау, ішкі жиынтық бағалау, сыртқы жиынтық бағалау.
Критериалды бағалау жүйесі
1. Критериалды бағалау жүйесі қалыптастырушы және жиынтық бағалау (ішкі және сыртқы) болып екіге бөлінеді
2. Қалыптастырушы бағалау әртүрлі формада іске асады (ауызша сұрау, жазбаша, практикалық жұмыстар, мадақтау, көтермелеу, т.б.) және жиынтық бағалауға дейін мұғалімге де, оқушыға да оқу барысында кеткен кемшіліктерін түзетуге, қайта қарауға мүмкіндік береді.
3. Жиынтық бағалау (сыртқы және ішкі) оқушылардың белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) аяқтаған кездегі меңгерген білімдерінің кіріктірілген деңгейі мен қалыптасқан дағдыларын бағалауға арналған.
4. Жиынтық бағалау әртүрлі болады (тест, сынақ, бақылау жұмысы, т.б.). Жиынтық жұмысқа қойылған баға белгілі бір есепті мерзімді (тоқсан, жартыжылдық, жылдық) қорытындылауды анықтайтын баға болып табылады.
· Рубрикатор (бағалау бойынша нұсқаулық) – әрбір критерий бойынша оқушының жетістігі жазылған нақты сипаттама және соған сәйкес ұпай саны.Ол қандай да бір тақырыпты зерттеу мақсаттарымен анықталады және мазмұндық жағынан сол рубриканы ашатын критерийлермен толықтырылады.
· Дескриптор – оқушының ең жақсы нәтижеге жетудегі әрбір қадамын сипаттайтын нақты бір ұпай бойынша жетістік деңгейі, әрбір деңгей белгілі ұпай санымен бағаланады: жетістік жоғары болған сайын – сол критерий бойынша ұпай да көп болады;
· Критерийлер - оқыту міндеттерімен анықталады және оқушылардың жұмыс барысында жасайтын, соның нәтижесінде жақсы меңгеруге тиіс әр түрлі іс-әрекеттерінің тізімін құрайды.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 17.61 Kb |
Количество скачиваний: | 60 |