"Көптен безген көгермес" 4 класс

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Көптен безген көгермес.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Мысал мазмұнын түсініп, идеясын ашуға мүмкіндік беру.

Дамытушылық : Шығарма құрылысын өз бетімен талдауға , ізденуге , шығармашылық дағдысын дамытуға жағдай жасау.

Тәрбиелік: Сыйластық, достық, бірлік қадірін түсінуге , құрметтеуге тәрбиелеу.

Көрнекілік: интерактивті тақта

Сабақ әдісі-тәсілдері: сұрақ- жауап, түсіндіру, әңгіме ,топпен жұмыс, жеке жұмыс

Сабақтың барысы

1.Ұйымдастыру кезеңі:

Бір-бірімізге алақанның жылуын беріп,сабағымыздың сәтті өтуін тілейік. Топқа жанашыр,бақыт,бірлік ,ақыл сөздері арқылы бөлінейік.

2.Үй жұмысын тексеру:

Болар бала жасынан

Қызығушылықты ояту:

Жанашыр, бақыт, қорқыныш,өкініш,ақыл, бірлік сөздерін пайдаланып Амангелді батырға сипаттама бер.

Амангелді батыр Халқына жанашыр болды,елінің бақытты болуын армандады, сол кездегі надандықтан қорықты,патша өкіметінің әділсіз саясатына өкінді, ақылды қолбасшы болды,ел-жұртын бірлікке шақырды.

3. Жаңа сабақ

Бүгін біз өткелі отырған кейіпкердің басынан да осындай сезімдерді басынан кешіргені туралы өтеміз. « Көптен безген көгермес » мысал Авторы Мұрат Қуанышбеков
Мысал – айтылатын өнегелі ойды тұспалдап жеткізетін, көбіне өлең түрінде келетін, сюжетті, шағын көлемді көркем шығарма. Мысалдың тақырыбы сан алуан, кейіпкерлері аң, құс, балық, өсімдік дүниесі, кейде оқиғаға адам да қатыстырылады. Негізгі сюжетке қоса, нақыл түрінде келетін түйіндемесі де болады. Кейіпкерлерді сөйлестіру – диалог тәсілі жиі қолданылады. Баяндауы ширақ, жинақы, тілі қарапайым келеді. Жанры жағынан ғибратты, уағыздық сарындағы дидактикалық әдебиетке жатады, кейде мысқыл - сықақ үлгісіне ауысады.

1 бөлім

Құмырсқа бір тал сабан әкеле жатып, шаршады да, демалуға отырды. Маңдайының терін сүртті. Сол кезде қасынан өтіп бара жатқан Қоңыз Құмырсқаны көріп:

- Саған қараймын да, жаным ашиды. Жаз бойы бір тынбайсың. Соның бәрін кім үшін істейсің осы?!- деді.

- Кім үшінің қалай?- деді Құмырсқа таңданып. – Бәріміз үшін.

- Е, міне, мәселенің өзі сол, өзің үшін емес, бәрің үшін істейтініңде ғой. Ақымақсың, жалғыз басыңа қанша керек! Өзіңе ғана жинасаң, қиналмас та едің.

- Не түсіндіңдер? Қоңызға кездескенге дейін құмырсқа қандай еді?

- Қоңызды шын жанашыр деп ойлайсыңдар ма? Дәлелдеңдер

- Қоңыз ақылды ма?

- Қалай ойлайсыңдар, енді Құмырсқа өзінің өмірін өзгертуі мүмкін бе?

Ауызша болжау.

- Осы оқиғаның басталуында өздерің айтқан ұғымдар мен сезімдердің қайсысы байқалды?

-Қоңыздың берген ақылын тыңдар ма едіңдер?...-бірақ біз қоңыздың ақылымен келіспейміз, құмырсқа бәрін ойлайды, осындай бірліктің арқасында тәуелсіздікке жеттік емес пе?

2- бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау

« Шынында, рас екен-ау, - деп, ойланып қалды Құмырсқа. – Бір басыма көп керек пе осы?!Кішігірім үйді өзім де салып аламын. Көп те азық керек емес.Еркімше қыдырып, еркімше демаламын» .

Құмырсқа әкеле жатқан сабанын тастады да, өзіне ғана үй салу үшін қолайлы орын іздеп кетті.Сөйтіп, бір томардың түбінен үйшік соғып алды. Сабан- шөпшек, қоқым- соқымды да, қыстық азығын да тасып алып, жалғыз тұра берді.

- Бұл үзіндіде қандай сезімдер мен ұғымдар байқалды?

- Әрине, бақыт. Құмырсқа бақытты ма? Оның бақыты ұзаққа созылуы мүмкін бе ?

-Жоқ, әрине.

- Неліктен олай ойлайсыңдар? ( Себебі жалғыздық жаман)

- Ары қарай Құмырсқаның тағдыры не болғаны туралы оқығыларың келе ме?

3- бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау

Бірде құмырсқа ұйықтап жатып, тықырлаған дыбыстан оянып кетті. Қараса, бармақтай бір Құрт үй қабырғасын тесіп өтіп, төніп келеді екен. Құмырсқаның үрейі ұшып кетті. Айқайлап, жолдастарын көмекке шақырды.Бірақ құр айқайдан не пайда, алыста қалған жолдастары мұның даусын естімеді. Енді амалы құрып, «құбыжықпен» жалғыз өзі шайқасуына тура келді.Әрең дегенде дәу Құртты үйінен қуып шықты.

- Бұл үзінді қандай сезім, ұғымдарға сай?

- Әрине ,үрей. Неліктен?

- Құмырсқаны осы тұста жазушы қалай бейнелеген? ( ол үрейленсе де, құртқа қарсы тұра б.лді....)

- Енді байғұс Құмырсқаның жағдайы қалай болар екен? Болжау.

- Ал, балалар, бұл бөлім қандай сезімдер мен ұғымдарға сай екенін байқаған боларсыңдар?

4- бөлімді оқып, топпен жұмыс жасау.

Есін жиып қараса, өз үйін өзі танымай қалды. Ойран- топыры шыққан, жататын да орын қалмапты.

Сүйретіліп сыртқа шықты. Әбден қалжырап, жүруге шамасы келмей, есік алдына құлап түсті. Сол маңнан өтіп бара жатқан басқа құмырсқа оны көріп қалып, жолдастарын ертіп келді. Бәрі жабыла көтеріп, өздерінің илеуіне әкелді.

Есін жиған соң, әлгі Құмырсқа өз көзіне өзі сенбеді. Мұнтаздай таза, әсем жайда жатыр. Жолдастары бәйек боп зыр жүгіріп жүр. Әлгі Құмырсқа жылап жіберді. Жолдастарынан кешірім сұрады. «Жазасын өзі де тартты ғой »,- деп, жолдастары оған ештеме демеді. Бір кәрі Құмырсқа ғана :

- «Көптен безген көгермес» деген сөзді бұдан былай есіңнен өзің де шығармассың,- деді.

- Мысалдың идеясын ашатын мақал- мәтелдер айтайық

Өмір- үлкен мектеп

Бірлік болмай, тірлік болмас

Адасқанның айыбы жоқ.

Дос көпті жау алмайды

Кәрі құмырсқаның : « Көптен безген көгермес» деген сөзін құптаймыз ба ? Ата –бабамыз ежелден бірлік болмай ,тірлік болмайтынын айтып ,бірлік арқасында талай жауды жеңіп,талай қиындықтан аман сау өткен.

Сергіту сәті.

Дәптермен жұмыс.

1-топ Бір кейіпкерге мінездеме беру.

2-топ Құмырсқа сөзіне бес жолды өлең

3-топ Құмырсқа сөзін топтастыру

4-топ Құмырсқаға жұмбақ құрастыру

Бекіту

«Автор орындығы» : Бүгінгі сабағымыздағы кейіпкерлерге хат жазамыз. Әр топ орындарында талдап, ортаға бір жақсы жұмысты шығарады

Бағалау. Әр топ басшысы бағалау парақшасына қойған бағасымен таныстырып шығады.

Дос,жолдассыз өмір сүру мүмкін бе ?

-Әрине дос,жолдас, ел-жұрттсыз өмір сүру қиын екенін бүгінгі мысал дәлелдеді.

Үйге тапсырма

Мәтінді мазмұндау дос,жолдассыз өмір сүрудің қиындығы туралы әңгіме

Бағалау

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 16.94 Kb
Количество скачиваний: 73
Просмотров: 235

Похожие материалы