"Критериалды бағалау – сапалы білім негізі" коучинг-сессиясының қысқа мерзімді жоспары

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Коучинг тақырыбы: Критериалды бағалау – сапалы білім негізі.

 

Мақсаты: 12 жылдық оқуға көшу жағдайында оқушылардың жетістіктерін жаңа заман талаптарына сай бағалау.

Коучинг сессиясының міндеттері: Білім жүйесінде критериалды бағалаудың алатын орнын әріптестерге түсіндіру.

Өзін-өзі және өзара бағалауда критерийлерді пайдаланудың маңыздылығын айқындау.

Критериалды бағалау арқылы оқытудың тиімділігін және оқу сапасын арттыруға болатынына көздерін жеткізу.

Оқу үдерісінде критериалды бағалауды қолдану жолдары мен түрлерін түсіндіріп, әріптестермен тәжірибе бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

1.     Коучинг сессиясына  қатысушы мұғалімдердің педагогикалық шеберліктері жоғарылайды;

2.     Өзін-өзі және өзара бағалау туралы түсініктері қалыптасады, критериалды бағалаудың стратегияларын біледі;

3.     Мұғалімдер оқу үдерісінде оқушылардың жетістіктерін жаңа жүйеде бағалайды.

Түйінді идеялар: «Бағалау» - (латын сөзінен шыққан «жақын отыру» дегенді білдіреді) мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасы мен қызығушылығын оята алатын пәрменді тетік. Критериалды бағалау – білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлылығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі. Баға – символ, оқу жетістігін не санмен таңбалау, не сөзбен жеткізу.

 

Қолданылатын модульдер мен әдіс-тәсілдер: оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер; сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау; оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану; оқытуды басқару және көшбасшылық; топтық жұмыс; диалогтық оқыту.

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 16.96 Kb
Количество скачиваний: 22
Просмотров: 146

Похожие материалы