Көркем әдебиет пәнінен "Менің Қазақстаным" тақырыбында сабақ жоспары

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Конспекты
Автор:

Павлодар облысы

Май ауданы

Жұмыскер ауылы

Қазан жалпы орта білім беретін мектеп

Бастауыш сынып мұғалімі

Кайдарова Самал Амангельдиновна

Пән: Көркем әдебиет

Тақырыбы: Менің Қазақстаным

Мақсаты:

Балалардың Отан туралы түсініктерін кеңейту. Туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін дамыту. Туған жерін сүюге, қадірлеуге тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс :Отан, туған жер.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрсету.

Көрнекіліктер: Қазақстан картасы.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Балалар шаттық шеңберіне тұрып, барлығы бірге қосылып айтады:

Отан деген-атамекен,

Отан деген-туған жер

Отан-ана, Отан-үлкен,

Қазақстан-туған ел!

-Отан-біздің сүйікті отбасымызбен бірге тұратын үйіміз, туған жеріміз, ауылымыз, қаламыз, айналаны қоршаған табиғатымыз. Біздің Отанымыз-Қазақстан.

- Қазақстан Республикасының астанасы қалай аталады?

- Рәміздерді атаңдар.

- Қазақстан Республикасының Президенті кім?

- Қазақстан картасын білесің бе?

- Сендер қай облыста тұрасыңдар?

Т.Молдағалиевтың«Қазақстан картасы» өлеңінің мазмұнын талдау.

Анау Жайық өзені, анау жатқан Атырау,

Бәрі сенің өз жерің, өз суларың батыр-ау,

Туған жердің тынысын ұққан орман нуымен,

Алтынды Алтай шығысың, қыран ұшқан шыңынан.

Балаларға өздері тұрып жатқан жерін картадан көрсетіп, арнайы белгілермен белгілеу.

Тыныштық сәті:

Балалар ыңғайланып отырып, табиғатты көз алдарына елестетеді. Көздерін жұмады.

- Дала табиғаты тамаша! Айнала жап-жасыл, сан алуан тамаша гүлдердің иісі аңқиды.Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіледі. Таза ауадан терең жұтайық. Туған өлкеміздің табиғаты қандай тамаша! Көзімізді ашайық.

Сергіту сәті:

Төскейден жел еседі,

Төбемнен бұлт көшеді.

Туған жерім мен үшін,

Көк майсасын төседі.

Дидактикалық ойын:«Қай қала екенін тап»

Ойынның шарты: Ойын үшін Қазақстан картасын пайдаланмыз. БалаларғаҚазақстандағы бірнеше қалалардың аттары беріледі. Картадан сол қалаларды тауып, жанына белгілерін іледі: Астана-Бәйтерек, Алматы-Қазақстан қонақүйі, т.б.

Қорытынды:

Қазақстан Республикасы –біздің сүйікті Отанымыз!

Қазақстан-өте үлкен, бай республика. «Жері байдың-елі бай».

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 15.76 Kb
Количество скачиваний: 62
Просмотров: 280

Похожие материалы