Кішкентай арулар байқауы

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Армысыздар жиналған қауым! Міне, бүгін 1 сынып қыздары арасында өтетін « Кішкентай арулар» қыздар сайысына қош келіпсіздер! Қыздарымыз сүйкімді болсын деп, Өнер –білімге икемді болсын деп, Бәйтеректей бойшаңдансын деп, Өрен-өршіл өркенді болсын деп, Жақсы жолды таңдайық. Жамандық тәлім алмайық, Дарынды мектеп дәстүрін Жаңалайық, жалғайық, Ары адал, жаны жаз, Арулар жолын таңдайық, - деп «Кішкентай арулар» атты кешімізді бастайық. Тілейміз жақсылықты баршаңызға,         Тұрмасын сұрғылт бұлттар аспанында         Аналар аяулы да, ардақты боп,          Мәңгілік жүріңіздер ортамызда.   І Ж: Армысың ару қыздар, абзал ана, Анаға тең келетін бар ма дана Мерекең бүгінгі күн құтты болсын! Қуаныш пен құшақтарға гүлдер толсын.   ІІ-жүргізуші: Өнер, білім, өнеге тұнған дарын, Өнерліге өз басым таң қаламын. Өнерді әділдікпен бағалайтын, Таныстырайын әділқазы алқаларын.   Әділ қазылар алқасын сайлаймыз.   ІІ  жүргізуші; Әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар 2. 3. 4. 5. І-жүргізуші: Сайыс 4 бөлімнен тұрады І Бөлім: Таныстыру ІІ.  «Өнерлі өрге жүзеді» дегендей өнер сайысы ІІІ.  «Сұлулық сыры»  сән үлгісі  V.  Жанкүйерлер сайысы ІІ Ж Өнер қуып арулар өтер деймін. Бір басына өнерлері жетер деймін. Бәсекеге түскен  9 ару Таныстырып өздерін өтер деймін.                                                                                    Өздерін таныстыру. Бірінші аруды ортаға шақырамыз Екіншіару Үшінші ару Төртінші ару                                    Әділқазылар өз шешімдерін берсін.   1А сынып ұлдарының музыкалық тартуы І жүргізуші:     Ал кімнің өнері бар қаншалықты    Би билеп, ал біреуі ән салыпты.    Бүгінгі қыз сынында, бәйге алуға,    Арулар аянбай – ақ жан салыпты.   ІІ-жүргізуші: Мың бұралып билеген. Аруды кім сүймеген. Күміс көмей аруларға. Кімдер басын имеген.- демекші, арулардың өнерін тамашалап көрейік, қол соғып бір желпіндіріп, әділ баға берейік.   І жүргізуші: Қыз сұлу көрінеді қылығымен. Жарыса қос бұрымымен Бұл күнде сұлулықтың үлкені осы. Қыз сұлу көрінеді білімімен. ІІ-жүргізуші: Сымбатына сән киім жарасатын, Аспандағы айменен  таласатын. Майысып саусақтары жайма жайған Ептілігі өздеріне жарасатын- дегендей  жайма жаю сайысына шақырамыз І-жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз береміз. ІІ-жүргізуші: Қыздарға әсемдік жарасады, Талғамы таң нұрымен таласады. Қыпша бел, сұңғақ бойлы қара көзге, Жан біткен таңдай қағып қарасады. Демекші аруларымыздың сән үлгілерін тамашалайық. І-жүргізуші: Әділқазылар алқасына сөз береміз. І-жүргізуші: Бойларында от бар екен байқадым. Жүректерде шоқ бар екен байқадым. Әрқашанда осы шоқты өшірмей Жалындатып, шарықтаңдар әрдайым. ІІ-жүргізуші: Демеңіздер деп өнерді аяп қалды Шежіре сыр беттері парақталды. Аз болса да, бұл өнер сөкпейсіздер, Арулар сайысымыз аяқталды.
Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 69.5 Kb
Количество скачиваний: 27
Просмотров: 258

Похожие материалы