Кәсіпкерлік - заман қажеттілігі
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Нургалиева Гулжахан Емутбаевна
|
"Описание материала:
Тақырыбы:«Кәсіпкерлік- заман қажеттілігі»
Сабақтың мақсаты: 1)Оқушылардың бизнес,нарық,адам қажеттіліктері туралы түсініктерін қалыптастыру; 2)Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізуіне ықпал жасау; 3)Отбасындағы табысты дұрыс,үнемді пайдалана білуге үйрету.
Әдісі: брейн-ринг
Көрнекілігі: плакаттар,тақта,кеспе қағаздар,суреттер.
Сабақтың барысы: Ұйымдастыру.Оқушылармен амандасу,екі топқа отырғызу. Тақтада жаңа сөздер: бизнес,акция,ақша,баға,кәсіпкер,өндіріс,қызмет, экономика,фирма,салық,табыс. 1-тапсырма:Топтарына ат таңдап,мағынасын ашу. 2-тапсырма:«Жақсы киініп,жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?» 3-тапсырма:Кестені толтыр. 4-тапсырма:Ситуациялық жағдай. 5-тапсырма:«Сөздер жасырынып қалды!» 6-тапсырма:«Адам қажеттіліктері» 7-тапсырма: Жеке бизнес артықшылығы мен кемшілігі. 1-тапсырма: Топтарына ат таңдап,мағынасын ашу қажет. Осы сөздердің арасынан екі топ сөз таңдап алып,топтарының аттары сол болады.Сонымен қатар таңдаған сөздерінің мағынасын ашып айту керек.Әр тапсырма сайын ұпаймен бағаланып отырасыңдар,яғни көп ұпай жинауларың керек. 2-тапсырма:«Жақсы киініп,жақсы өмір сүру үшін не істеу керек?» тақырыбы бойынша екі топ топтарымен ақылдаса отырып,өз ойларын айту керек.Осы тапсырмадан кейін айтқан жауаптарына байланысты ұпайлар беріледі.(2мин) 3-тапсырма: Кестені толтыр.(2-3 мин) Кәсіп атаулары Қызмет түрлері Мұғалім Журналист Дәрігер Құрылысшы Әр топ жауаптарын оқиды.Соған байланысты ұпай беріледі. 4-тапсырма: Ситуациялық жағдай. 1-топ.Әкесінің екі ұлы болды.Әкесі екі ұлына бірдей байлық берді.Енді әкесі 1 жетіден кейін екі ұлының қалай пайдаланғанын көрді.1-ші ұлы әкесі берген байлықтан сиыр сатып алды.Сүтті өзі ішті,сатты ақша жинады,байлығына байлық қосты. 2-ші ұлы әкесі берген байлықты біткенше өзі ішіп жеді,содан қайыршылыққа түсті.2 ұл байлықты қалай пайдаланды? 2-топ.Орман мекемесі әкесіне,екі балаға жәрдем ретінде 1000 теңге төлейді.Осы отбасы азық-түлікке 3000 теңге жұмсайды.Жеке транспортқа 500 теңге,2000 теңге жұмсайды.Күн көруге болама? Екі топ өздерінің пікірлерін айтады.Отбасындағы кіріс пен шығысты есептеп білдік.Оқушы сол үшін экономиканы білу керек.Үнемдеу керек деп қорытамыз. 5-тапсырма: Сөздер жасырынып қалды! Бұл тапсырма шарты былай: бірінші жолдан бастап,әр екінші әріпті сызып тастаңдар,сонда сендер сөзді оқисыңдар.Ал екінші топтар бірінші жолдан бастап,әр бірінші әріпті сызып тастаңдар,сонда сендер сөзді оқисыңдар. 1-топ.Сұраныс,тауар,ресурс,ақша,табыс. 2-топ.өндіруші,қызмет,бюджет,банк,бизнес Дұрыс тапқандары бойынша ұпай беріледі. 6-тапсырма:Адам қажеттіліктері. Киім Еңбек Білім Денсаулық Су Үй Қорғаныс Ауа Тамақ Берілген түсініктердің адамға бірінші кезекте қажет бесеуін алыңдар.Осы қажеттіліктердің маңыз деңгейі өсуіне байланысты,олардың қасындағы квадратқа 1-ден 5-ке дейінгі сандарды қойыңдар.Тапсырманы орындауларына байланысты ұпай қойылады. 7-тапсырма: Екі топ бизнестің артықшылығы мен кемшілігін айтып беру керек.Мына конвертті суырып,ішінде қайсысы келсе,сол бойынша айтып берулерің қажет.Айтқандары бойынша ұпай беріледі. Сонымен тапсырмаларымыз аяқталды.Жинаған ұпайларыңды санаңдар.Оны санап болғанша бір әнге кезек берейік. Екі топ өз өнерлерін көрсетеді. Екі топтың жинаған ұпайларын анықтап,топтарға мақтау қағаздарын беру. Қорытындылау: Осы тәрбие сағатымыз арқылы бизнес туралы түсініктерін қалыптасты деп ойлаймын.Семьядағы ата-аналарыңның еңбектерін бағалай алатын,табыс көзі қалай келетінін білдіңдер деп есептеймін! Сонымен бүгінгі ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.Сау болыңдар!
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 38.5 Kb |
Количество скачиваний: | 19 |