Кітапханаға саяхат

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Кітапханағасаяхат

«Оқу инемен құдық қазғандай» деп бекер айтпаған.Егеменді еліміздің жас ұрпақтары тәрбиелі, олардың болашағы баянды әрі өркениетті болуы үшін адамдарды сауатты, терең білімді болуы міндетті. Жастардың білім жолынашып,олардың заман талабына сай білімді ұрпақ болуына көптеген білім ошақтары бар. Солардың бірі ҚР-ның Ұлттық Академиялық кітапхана. Жуырда аталмыш кітапханаға 3,4,5 сынып оқушыларының ата-аналарымен және орыс бастауыш сыныптарындағы қазақ тілі пәнінің мұғалімдері : Бегалина Г.А.,Минтаева Г.С, Мусирова Г.Б ,Есалова А.Ш, Муканова Д.М. қатысуымен саяхатқа бардық.

Мақсатымыз:оқушыларды кітапханамен таныстыру,оқушыларды кітапқадеген құштарлығын оята білу.

Кітапхана табалдырығын аттаған кезімізде бізді осы ошақтың мәдениет бөлімінің меңгерушісі Күләш Бектемірқызы құшақ жая қарсы алды.Бірінші қабаттанбастап кітапхана ішіне саяхатжасатты.Ол балаларға киім ілетін орынды, келушілердің тіркелу орнын,кітапханаға оқырман құжатын көрсетіп қана өтуге болатынын ұғындырды. Екінші қабатқа көтерілгенімізде оқушыларды оқулықтар тізмінің картатекасымен таныстырды, яғни оқушы катологке келіп,өзіне керекті ақпараттарды тез жинап алады.Осы және келесі қабаттарда оқушылар «Шаңырақ», «Музыка», «Оқу залы», «Конгресс» залдарында болды.
Оқушыларға бұл залдар өте ұнады.Кітапқа деген қызығушылығы артты.Балалар кітапхананың оқузалдарында өздерін қалай ұстау керектігін, кітапты қалай пайдалану керек екенін білді. «Шаңырақ»залында балаларға арналған көркем әдебиеттер өтекөп.Баланың қызығушылығын тудыратын, ой-өрісін дамытатын шығармалар, суреттер, сөздіктер көз тартады. Кіші жастағы балаларға арналған ойыншықтар, интерактивті кітаптар, ойындар барекен.Бұл кітапхананың қызметкерлері оқушыларға кітапқа деген құштарлығын оята білді. Адамға рухани байлық беретін кітап екенін оқушылар түсінді. Әр залданәртүрлі әсер алды. Әр залдың өзіндік ерекшілігі бар.Оқушылар әр залдан том-том кітаптарды көргенде таңқалды. Оқушыларға бұл кітапхананың кітап қоры мен қызметкерлерінің қызмет көрсетуі қатты ұнады.Өздеріне бұл жерден қызықтыратын біразмәліметтер алатына көз жеткізді. Мұнда кітап оқуға ыңғайлы, қалаған оқулығының бәрін де табуға болады, - деп жаттыбалалар. Оқуға – тоқуға барлықжағдай жасалған осындай әдемі ғимаратта біз тек қана жақсы оқитын боламыз,- деп балалар сеніммен айтып жатты .
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 234.83 Kb
Количество скачиваний: 15
Просмотров: 178

Похожие материалы