Күздің кереметі сынып сағаты
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Молдабекова Бахтжамал Кореновна
|
Сабақтың тақырыбы: Күздің кереметі
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғаттың әсем көрінісін бақылата отырып, әсемдікке,сұлулыққа баулып, эстетикалық талғамын арттыру, әрі оқи білуге, жүйелеп сөйлеуге жаттықтыру.
Сабақтың дамытушылығы: Оқушылардың сөздік қорын, ой-қиялын дамыту. Жинақы дұрыс сөйлеуге, сұраққа нақты, толық жауап беруге дағдыландыру.
Сабақтың тәрбиелілігі: Оқушыларды күз байлығымен, көкөніс түрлерімен таныстыра отырып, оқушыларды табиғатты сүюге, қорғауға және еңбек етуге тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Суреттер, жеміс-жидек, көкөністер, слайд.
Сабақтың түрі: Жарыс сабақ.
Сабақтың типі: Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, сын тұрғысынан ойлау стратегиясы.
Сабақтың әдісі:Топтастыру, жұмбақ шешу, Венн диаграммасы, мақал-мәтелдер, сұрақ-жауап.
Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру, II үй жұмысын тексеру
Топпен жұмыс.
1.Күз мәтінін оқыту, мазмұнын айту.
2.«Сиқырлы әріптер» ойынын ойнату.
1.Күздің кереметі деген сөйлемдегі әрбір әріптерді жеке-жеке шығарып алу. Ол әріптерді теріс қаратып қалтаға салып қоямын. Әрбір оқушы сұраққа жауап беру арқылы сол карточкадағы номер бойынша теріс қарап тұрған әріпті ашады. Сонда «Күздің кереметі» деген жаңа тақырып шығады.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 60.5 Kb |
Количество скачиваний: | 22 |