Логические операци

Предмет: Информатика
Категория материала: Презентации
Автор:
ЭЕМ қатысуымен шешілетін еспетердің ішінде, әдетте логикалык деп аталатын есептер де аз емес. Логика - бұл адам ойлауының түрлері мен заңдары туралы, оның ішінде дәлелдеуге болатын пікірлердің заңдылықтары туралы ғылым. Ғылыми пән ретінде логиканың формальды, математикалык ықтималдықты логика және т.б. түрлері қалыптасқан. Формальды логика сөйлеу тілімен білдіретін біздің кәдімгі мазмұнды пікірімізді талдаумен байланысты. Математикалық логика формальды логиканың бөлігі болып табылады және оның дәлме-дәл анықталған обьектілері мен пікірлері бар, олардың ақиқаттығын немесе жалғандығын бір мәнді шешуге болатын ойларды ғана зерттейді. Математикалық логиканың саласы пікірлер алгебрасы ретінде (оның басқаша логика алгебрасы деп атайды, ол алғаш рет ХІХ ғасырдың ортасында ағылшын математигі Джордж Бульдің еңбектерінде пайда болды. Бұл - дәстүрлі  логикалық есептерді алгебралық әдістермен шешуге талаптанудың нәтижесі информатикада жақсы меңгерілген. Логика алгебрасының математикалық аппараты компьютердің аппараттық құралдарының жұмысын сипаттауга өте қолайлы, өйткені компьютердегі негізгі екілік санау жүйесі болып табылады, өздерің білесіңдер, онда екі  иифр: 0 мен 1 қолданылады, ал логикалық  айнымалылардың мәндері де екі; 0 және 1. Демек, компьютерді конструкциялағанда, оның логикалық функциялары, схемаларының жүмысы айтарлықтай жеңілденеді және қарапайым логикалық элементтердің саны азаяды. Қазіргі кезде пікірлер алгебрасының негізгі операциялары енбейтін бірде-бір программалау тілі жоқ. Логикалық есептерде тек сандар ғана емес, күтпеген, тым шиеленісті пікірлер де бастапқы деректер болып табылады.Есеп. Өзеннің жағасында тұрған қайығы бар шаруаның қасқыры, ешкісі және қырыққабаты бар. Шаруа өзеннің екінші жағалауына қасқырды, ешкіні және қырыққабатты өткізу керек. Қайыққа шаруаның өзінен басқа, не тек қасқыр, не тек ешкі, не тек қырыққабат қана сыяды. Шешуі: Ендеше, ең алдымен ешкіні алып өту керек, өйткені қасқыр қырыққабатты жемейді, ал сонан кейін қайтып келіп... Бұл есепті компьютерде шешкенде бағдарламада шарт қолданатын логикалық операцияларды пайдалану керек. Адамдар ақпарат алмасқандағы қатьшас түрлерінің бірі - бұл сұрақтар мен жауаптарды кезектестіру. Әрбір сұрақ бізді қоршаған зат әлемі туралы мағлұматтарды білу қажеттігін білдіреді. Бұл білімді біз пайымдау түрінде айтамыз. Пайымдау, әдетте тікелей бақыланатын фактілерді көрсете алады. «Күн жарқырап тұр», «Бұл тікбұрыш -квадрат» және т.с.с. Алайда пайымдауларда ойдан шығарылған обьектілер немесе әлі болып үлгермеген оқиғалар туралы тұжырымдар да айтылуы мүмкін: «Су перісі бұтақта отыр», «Бүгін жаңбыр жауады» және т.с.с. Пікір дегеніміз - жалған немесе ақиқат болуы мүмкін қандай да бір пайымдау.
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 681.5 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 156

Похожие материалы