"Логика - ойлау өнері" (шеберлік сағаты)
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Ашимова Перизат Султановна
|
Семей қаласы
«№22 жалпы орта білім беретін мектеп» КММ
Ашимова Перизат Султановна.
Бастауыш сынып мұғалімі.
Логика – ойлау өнер
А. Арно, П. Никель –
француз логиктері
Мақсаты:
Логика дегеніміз не? сұрағына қысқаша түсініктеме беру. Логикалық ойындардың бала дамуына ықпалы.
Оқушыларды шапшаң дұрыс ойлауға үйрете отырып олардың байқағыштығын, тілін, зейін т.б. танымдық қабілеттерін дамыту жолдары.
Топтық жұмыстар, шығармашылық тапсырмаларды орындауда, бір-бірімен татулыққа, достыққа жұмыс істей білуге баулу, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Логика дегеніміз не?
Кіріспе
Логика гректің «логос» (ой, сөз, ұғым) сөзінің «лог» деген түбіршегі және «ика» жұрнағы екеуі кірігіп құрмаласуынан жасалған біріккен сөз болып табылады. Сонда логиканы ойқисындама немесе ой өнері, ой тану деп сөзбе-сөз аударуға болады.
Біз логика деген ұғымға сананы дамытушы құрал немесе жақсы дамыған ақыл-ой деген анықтама берер едік. Бірақ логика сөзінің тарихы ғылыми тұрғыдан тетереңде жатыр.логика тек жақсы әрі тез деген ұғымдармен шектелмейді. Оның әлі зерттелмеген дүниесі көп.
Логика – объективті дүниенің, шындықтың даму заңдарын бейнелеу.
Логика ойлаудың ғана емес, болмыстың да байланысын көрсетеді.
Ойлау мен таным қатар жүретіндіктен Логика таным теориясымен де байланысады. Логика философияның да негізгі бөлігі болып табылады, өйткені философия «оймен басталып, оймен жалғасады», сондықтан оны кейде «ойлау туралы ойлау» деп анықтайды.
Логиканың алғашқы тарихи нұсқасын ежелгі грек философы Аристотель жасаған. Аристотельдің логикалық идеяларының сақталуына, мән-мағынасының ашылуы мен тарихи жалғасын табуына ортағасырлық философтар әл-Фараби, ибн Сина, ибн Рушдтың сіңірген еңбегң зор. Аристотельдің дәлелденбейтин пікір индукция туралы ілімін әл Фараби жүйелі түрде дамытты. Шығыс зерттеушілермен қатар Батыс ғалымдары да логика мәселесімен көп айналысты.
Ерте дәуір ойшылдарының салып кеткен сара жолын қазақ әдебиетінің ірі өкілі, хан Абылайдың кеңесшісі дана адам Бұқар жырау жалғастырды.
Болашаққа көз жүгірте отырып, алда күтіп тұрған оқиғаларды ақыл-оймен айта білген Бұқар жырау нағыз дана адам болған Логика қалтарыста жол табу формасы екенін Бұқар жырау дәлелдеді. Жалпы алып қарағанда Логика ол – өмір сүру формасы, лгика ол стратегия.
«Логика өнері – интеллектінің кемеліне келуіне жағдай туғызатын, адамды ақиқат жолға бағдарлайтын заңдар жиынтығын йрететін пән».
Әбу Насыр әл-Фараби
Өркениеттің ең маңызды міндеті – адамды ойлай білуге оқытып, үйрету – деп Томос Эдисон анықтама береді.
Ал енді сабақта балаларды қалай ойлауға үйретіп жүрміз? – деген сұраққа жауап берейік.
Бастауыш сыныптарда көбінесе Логикалық ойлау ойын түрінде жүреді.
«Ойын жоқ мектеп адам миын кептіріп жүрегін жүдедетін ең зеріктіргіш «қазыналық» енжар мекемеге айналады», - десе В.А. Сухомлинский.
Кел балалар ойнайық
Ойналық та, ойлайық! –
деген қазақы ғибарат сөз ойынның маңызының қаншалықты зор екенін білдірмей ме?
Жалпы қазақ халқы ойға жүйрік қой. Осыны тағы бір дәлелдейікші. Оның үстіне логикалық тапсырмалар адамды ширатып телпіндірмей ме? Ендеше іске сәт!
Тапсырмаларды шешу барысында кімнің ойы жүйрік екенін байқаймыз.
І. Ширату сұрақтары
· Қонжықтың 3 банка балы бар еді. Ол бір банкадағы балын жеп алды. Неше банка қалды?
· Бір жұмыртқаны пісіру үшін 10 мин уақыт керек. Ал 3 мұмыртқаны пісіру үшін қанша уақыт керек?
· Ерте уақытта бір топ қаз ұшіп келе жатады. Алдынан бір қаз шығып
- Сәлеметсіздер ме 100 қаз? – дейді.
Сонда топ қаз: біз 100 емеспіз, бізге өзіміздей және жартымыздай, тағы жартымыздың жартысындай одан кейін өзің қосылсаң сонда ғана 100 боламыз», - депті. Ұшып бара жатқан қаздар нешеу?
Шешуі: + + + + 1 =100
11 ширек=99 (қаз) 9*4 =36 (қаз)
1 ширек=9 (қаз) 36+36+18+9+1=100
· Аулада қаз, тауық, қой және стыр жүр. Егер тауық үшеу және қаз сонша болса және қой сиырдан артық тауықтан кем болса ауладағы үй жануарлары нешеу?
· 3 тауық 3 күнде 3 жұмыртқа туса 6 тауық 6 күнде неше жұмыртқа туады?
· Торғай аттым, қарға түсті. Кім біледі, қалай болды?
· Бір бала жүгіріп келе жатып, бір кезде құлап қалады. Сол кезде шалқасынан жүгіреді. Сонда ол қалай?
ІІ. «Зерделілер» аялдамасы
Тізбектің құрылу ерекшелігін анықтап, тиісті санды жаз.
ІІІ. «Тапқырлар» аялдамасы
Әр бөлікте бір гүл қалатындай етіп, тортты тең бөлектерге бөл.
IV. Теңдік тура болатындай етіп, амал таңбасын және жақша қой
І топ. 4 4 4 4 4 4 = 52
ІІ топ. 3 3 3 3 3 3 3 = 57
ІІІ топ. 5 5 5 5 5 5 5 = 30
V. «Ойлан тап!»
3 тауық 3 күнде 6 балапан шығарады.
9 күнде 3 тауық неше балапан шығарады?
Бір сөзден 10 сөз
І топ – Қазақстан
ІІ топ – Желтоқсан
ІІІ топ – Ақпарат
Бұл қандай сөздер?
І топ: Т З А А Қ Ы Л, Ы Б М Д О Р А
ІІ топ С Ы Н Б А Й Л А, А Н М А И Ш
ІІІ топ Л Е М Е Т Е К М, Т А А Қ Р А П
VІ. Сан өлеңдер
Жерге қ10ды к2лік,
Қуанды 1жан с2ріп.
Қолға ұстап 40тық,
40 қойды 40тық.
С10адайдан к3ігін,
Танып келді 3 інім.
Бұрқыратқан тем2,
Б2ш қандай дөр2.
2нді де б2реге,
Тойған к3ік к2реме?
Жел90да 90 бітеді,
Ақшасын Досқан күтеді.
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 4.07 Mb |
Количество скачиваний: | 10 |