Логикалық ойлау бағдарламасын жүзеге асыру-интеллектуалды дарынды балаларды дамытудың жемісі

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

№11 мамандандырылған физика

-математикамектебінің математика

пәні мұғалімі

Баймұханова Клара Табынбаевна

Логикалық ойлау бағдарламасын математика пәнінде-жүзеге асыру-интеллектуалды дарынды балаларды дамытудың жемісі

Балалардың бойында ұлы мүмкіншіліктердің бәрі бар» деп Т.Фуляр айтқандай бала бойындағы дарындылық,ғылымилық қабілетін ашу, жақсы танымдық қасиеттерін зерттеу – бүгінгі заманның талабы

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстанның болашағы - дарынды балалар қолында» деп бекер айтпаған. Елбасының көреген саясатының арқасында Қазақстан әлемдік қауымдастықтың ортасынан лайықты өз орынын таба білді. Президентіміздің «Біз таяу уақытта дамыған 50 елдің қатарына жетуіміз керек» деген мақсатына еліміз биылғы жылы қол жеткізді. Тәуелсіздік алған 20 жылдың ішінде Кеңес үкіметі заманында даярланған кадрлардың орнын заманауи техниканы меңгерген білімді мамандар басты. Бүгінде барлық салалар жоғары қарқынмен даму үстінде. Ал күн сайын өзгеріп отырған технология, нанотехнология, молекулярлық биология, космосты игеру сынды ғылым салаларына ілесіп отыру үшін білім саласындағы мамандарға үлкен ізденіс керек. Адам құндылығын дамыту арқылы әлем елдері ғылым мен білімге аса көңіл бөліп, білімді де білікті маман даярлау ісіне зор мән беруде.

Еліміз дербестік алған күннен бастап, білім мен ғылым деп аталатын ұлы көштің алдыңғы қатарында келе жатыр. Президентіміз Н.Назарбаев 1993 жылғы 5 қарашадағы қаулысымен шетелде дарынды жастарды оқыту үшін Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындады. Елбасы өткен жылғы Жолдауында: «Қазақстанның білім сапасы 2015 жылға қарай ең жоғары халықаралық талаптарға жауап беруі тиіс. Елдегі жобалар әлемнің жетекші университеттерінің рейтингіне енуге ұмтылулары керек. Инновациялық жүйе толыққанды жұмыс істеп, 2020 жылға қарай елде енгізілетін талдаулар, патенттер мен дайын технологиялар түрінде өз нәтижелерін беруге тиіс» деген міндеттер қойған еді.

Қзақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Халқымыз дарынды ұлға, талантты қызға қай заманда да кенде болмаған. Олардың бәрі де халқымыздың тарихында өшпес із қалдырып, аспанымызда шоқжұлдыздай жарқырап тұр... Ендігі кезекте алған білімдеріңізді туған елдеріңнің кәдесіне жаратып, мемлекет артқан үмітті ақтаңыздар. Қазақстанның жарқын болашағы жолында аянбай еңбек ететіндеріңізге мен сенімдімін» - деп ел болашағы жастарға үміт артқан болатын .

Дарындылық — "табиғаттан берілген ерекше қабілет" деп түсіндіріледі.
Жас жеткіншектерге тәрбие, білім беру мен шығармашылық қабілетін дамытуда, жалпы қабілеттілікті дамыту үшін көп жағдайлар керек.Дарындылық дəрежесiнiң артуы қажеттi бiлiмдер мен ептiлiк, дағдыларды игерiп, іс-әрекетте оны жүзеге асыруда. Мұғалім жұмысында төмендегідей әрекет болуы керек:
1) оқу материалын шəкiрттерге түсiнiктi күйге келтiру;
2) оқушы көңiл-күйiн қалтқысыз тану;
3) жұмыста шығармашыл болу;
4) балаларды өз еркiне көндiре алу;
5) балалар ұжымын бiрiктiруге қабiлеттiлiк;
6) сөз мəнерлiгi мен мазмұндылығы;
7) сөйлеу көркемдiлiгi мен нанымдылығы;
8) педагогикалық əдептiлiк;
9) оқу материалын тұрмыспен байланыстыра алу;
10) шəкiрттерге қаратылған байқағыштық;
11) педагогикалық талапшылдық (Ф. Н. Гоноболин).
Дарынды баланың интеллектуалдық қуаты - мемлекеттің баға жетпес резерві.

Әлемдік білім беру кеңістігіне енуде дарынды балаларды анықтай отырып,тұлғаның шығармашылық өмірінде дарындылықтарын дамытуға барлық жағдайлар жасау; тиімді, жанына жайлы жеке жолын таңдауға көмектесу;
оларға ыңғайлы, жарқын, эмоционалды орта құру басты талап болып тұр. Интеллектуалды дарынды жасөспірімдер тұлғасының эмоционалды сферасын дамытуда мұғалім мен оқушының өзара әрекеттестігі сыйластыққа, қолдаушылыққа, жауаптылыққа негізделген. Оқушылар мұғалімі мен ұжымына сенеді. Мұғалімдер мен оқушылар бір-біріне достықпен қарайды және олардың моральдық деңгейі жоғары болуы керек. Олар мектеп жетістігінде өздерінің үлесі барын сезінуі керек. Мұғалім, оқушы, ата-ана өздерін біртұтас сезінеді. Білім алудың мәні тек қана материалды меңгеру емес, орындалатын әрекетке деген эмоционалды қатынасты көрсетеді. Мұғалім пәнді терең білуімен қатар шығармашыл тұлғаны тәрбиелеуде кәсіби шебер болуы керек.

Психологиялық-педагогикалық әдебиетте шығармашылық әрекетті әрекеттің эмоционалды-еріктік жағымен байланыстырады,яғни жеке тұлғаның бойындағы батылдық,ойлаудың стандартты емес түрі, рефлекстік-болжамдық қабілеттер,оптимизм,табандылық,жаңалыққа құмарлық және т.б. эмоционалдық ерекшеліктеріне көңіл аударылады. Бірақ жеке тұлғаның бойында шығармашылық үрдісті баяулататын жағымсыз қылықтар да болуы мүмкін. Бұған әуелі оның өзін төмен бағалауы,соған байланысты пайда болатын сенімсіздік жатады. Сондықтан мұғалім бұл қылықтардың оқушыда болмауына жағдай жасауы қажет.

Қазақстандағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасында Қазақстанда оқитындарды сапалы біліммен қамтамасыз етіп, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, сондай- ақ педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру мәселелеріне үлкен мән берілген.

Осы ұстанымды негізге ала отырып, математика ғылымдардың ғылымы екенін, яғни бүгінгі жас буынның «шығармашылық-логикалық ойлау жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі» ұғымын терең түсінуіне жағдай жасау керек.

Шығармашылық логикалық ойлау ұғымын бұрын болмаған жаңа нәрсені әрекет нәтижесінде тудыру, яғни жеке тұлғаның шығармашылық туындысы,мқабілеті ғылым, өнер, білім, өндіріс, техника, тұрмыс, мәдениет, саясат және тағы басқа салаларда жаңалық ашу, жаңаны жасау деп түсінеміз. Сондай-ақ шығармашылықты жаңа, соны бірегей нәрселер жасаудан өзге жеке адамның қабілеті, ынтасы, білімі, іскерлігі, тағы сол сияқты қасиеттердің жемісі деп ұғынуға болады. Әрине, мұнда ғылыми шығармашылық қабілет пен балалардың шығармашылық әрекетінің арасында үлкен айырмашылық бар екенін айта кетуіміз керек.

Математика сабағында оқушылардың шығармашылық логикалық ойлау қабілетін дамытуға бағытталған дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісі пайдаланылса, онда оқушыларың танымдық қызығушылығы артады, білімді игеру сапасының деңгейі жоғарылайды.

Заманның талабына сай мектеп бағдарламасында математика пәні мазмұнының күннен-күнге күрделене түсуі, көлемінің өсуі және оған бөлінетін уақыт мөлшерінің жылдан жылға кемуі мен пән мазмұнын оқушылардың аз уақыт ішінде шығармашылықпен қарқынды меңгерулерінің қажеттілігі арасында қарама қайшылық туындап отыр.

Қазіргі математика оқулығының басты ерекшеліктерінің бірі – оның әрбір сабаққа лайықталған материалы, негізінен алғанда, төрт текті жаттығулардың тобынан тұрады. Солардың бірі — балалардың шығармашылық логикалық ойлау іс-әрекетіне бейімдеу мақсатын көздейтін, оқулықтағы арнайы шығармашылық логикалық жаттығулар.

Осы шығармашылық жаттығуларды орындау икемділігін бағдарлама талаптары деңгейінде орындау барсында көптеген кемшіліктер көрінеді.

Математиканы оқыту процесінде жаттығулардың алатын орны ерекше. Жаттығу дегеніміз не? Жалпы алғанда, ғылым мен тұрмыстың әр алуан салаларында, «жаттығу» термині әр түрлі мәнде қолданылады. Ал, педагогикалық әдебиетте жаттығу ұғымы оқытудың әдісі жөніндегі дәстүрлі түсінікпен іштей байланысты мағынада анықталады. Анықтамалардың көпшілігі, жаттығу дегеніміз білімді бекітудің және білік пен дағдыларды қалыптастырудың, сондай –ақ оқушылардың ойлау қабілетін дамытудың негігі әдістерінің бірі дегенге әкеп саяды

Көбінесе осы шығармашылық логикалық жаттығулар үздіксіз орындалмай жатқандығы белгілі. Кейбір мұғалімдер шығармашылық жаттығу міндетті деңгейге жатпайтындықтан оны орындамайды, орындағанымен сабақ соңында асығыс шешуін оқушыларға жалпылама айтқыза салады, яғни талдау жүргізілмейді. Балаларда ой операциялары толық жүргізілмегендіктен логикалық ойлаудың даму деңгейі төмен болады. Ал оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың бір жолы — шығармашылық логикалық жаттығуды жүйелі орындату.

Негізі математика пәнінің құрылымы оқыту үрдісін жүйелі де нақты құру, математикалық ұғымдар мен олардың қасиеттерін қалыптастыру үшін, оқушылардың шығармашылық логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға әсер ететін есептерді құрастыру дидактикалық бірліктерді ірілендіру әдісінің принциптеріне негізделген.

Математика пәнінде шығармашылық логикалық тапсырмаларды құрастыру, оларды шығару арқылы оқушылардың теориялық материалды түсінуі, оның практикамен байланысын ұғынуы артатын ескере отырып, есептерді кейбір берілген элементтері бойынша құрастыруға бағыттауымыз керек.

Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Бұл оқушылардың түрлі мазмұнды есептерді шығаруда, есептің шартын құра білуге қалыптастырады. Бір есептің бірнеше шешімдерін табуға жетелейді. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталып, логикалық есептер оқушылардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуі қажет.

Оқушының зейінін, есін, қиялын, интеллектісін дамыта отырып, ойлау қабілетін, шығармашылық іс-әрекетін жоғары деңгейде көтеруге болады.

Математикалық ұғымдарды меңгертуде, оқушылардың ережелерді ұғынып, шығармашылық логикалық ойлауына әсер ететіндей есептер жинағын шеше отырып дамыту.Өз әрекетіне саналы көзқарасқа ұжымда өз бетінше жұмыс жасай білуге, есептеу әдістерін күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу керек.

Қоғамның ой-санасының өсуі, жаңа сапалық деңгейге шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, әлемнің өркениетті елдерінің қатарына қосылуы жаңа заман жастарынан жаңашылдықты, ізденімпаздықты талап етеді. Бұл орайда математика, информатика пәндері басты мәнге ие. Қазіргі кезеңдегі мектеп математикасында әлі шешімдері табылмаған проблемалар аз емес. Солардың бірі – оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту, кітапқа, оқуға, білім алуға деген құштарлықтарын арттыру.Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күшқуаты мен сенімін арттырып, қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағыт берген абзал. Логикалық жаттығуларды орындау баланың ақыл-ойын, қиялын, ой ұшқырлығын дамытады. Өз тәжірибемде оқушыларды түрлі мазмұнды есептерді шығаруға, оның шартын құра білу дағдысын қалыптастыруға, бір тапсырманың бірнеше шешімін табуға жетелеймін. Әрбір сабақ қызықты есептермен аяқталуына, логикалық жаттығулардың олардың жас ерекшелігіне қарай күрделене түсуіне мән беремін. Шығармашылық жұмыстар математикалық біліммен қатар күнделікті өмірде кездесетін әртүрлі жағдайға байланысты болғаны дұрыс. Сондықтан есептерді оқушылардың байқағыштығын, ойлауын, қиялын дамытуға негіздеймін. Баланың ойлау қабілетін оқу мен жазу арқылы дамыту барысында олардың логикалық есептер, кестелер, суреттер, ребустар, сөзжұмбақтар, анаграммалар, оқулық-дәптермен жұмыс істеу іскерліктері де артады. Нәтижесінде оқушылардың өзін-өзі бақылау, бағалау, сөйлеу, тыңдау қабілеттері жетіледі.

Оқушылардың математика сабағында шығармашылық қабілеттерін дамытудың стратегиялары өте көп. Ол іс-әрекеттер оқушыларды еркін ойлауға, ақыл-ойын дамытуға, шығармашылық белсенділігін арттыруға талпындырып, ұжымдық іс-әрекетке тәрбиелеуге, басқаларды тыңдай білуге, қарым-қатынас жасауға, ел алдында өз ойын еркін айтуға мүмкіндік береді. Шығармашылық ізденіс, талдау, интерпретация және т.б. есептерді шығару, талдау жұмыстары жеке – жұппен – топпен атқарылады. Бұл кезеңнің оқушыға қоятын талабы жоғары. Сонымен қатар, дарынды балалардың математика сабағында жаңа ақпараттық технологияны, Интернет жүйесін қолдануы, шығармашылық ізденістері өзіндік қабілеттерін ашып қана қоймай, жеке бір салаларды дамытады. Осындай ой шеберлігін шынықтыратын тапсырмалар арқылы тың жаңалықтар да ашуға болады. Ол үшін ізденіске жетелейтін зерттеу тақырыптарын беремін. Оқушылар арасында математика саласындағы шығармашылық сайыстарын ұйымдастырып, ғылыми-практикалық жұмыстарға, пәндік Online олимпиадаларға, әртүрлі конкурстарға қатыстырамын. Аталған жұмыстарды ұйымдастыру оқушылардың өз бетімен ізденуіне жəне өздерінің логикалық ойлау тұрғысынан шығармашылық жұмыстарын жүзеге асыруларына мүмкіндік береді.

Біз ақпараттық қоғамда өмір сүретін жеке тұлғаларды тəрбиелеп жүргенімізді міндетті түрде ескеруіміз қажет.

Қорыта айтқанда, мұғалім – оқушының жеке тұлғалық және зияткерлік дамуын жобалаушы. Бұл мұғалімнен ақпараттық құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабілеттілікті, оқушыларды қазіргі қоғамның түбегейлі өзгерістеріне лайық бейімдеуді, олардың ізденімпаздық дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін дамыту бағыттарын талап етеді.

Қолданылған әдебиеттер:

1 Қазақстан Республикасында 2015жылға дейінгі білім беруді дамыту

тұжырымдамасы//Астана. 2004. 3-4б

2. Б.А.Тұрғынбаева. Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 22.7 Kb
Количество скачиваний: 9
Просмотров: 139

Похожие материалы