«Әліппе- білім бастауы» ертеңгілігі

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: Әліппе- білім бастауы

Мақсаты:

Оқу тілін дамытып, сөздік қорын молайту. Оқушылардың әліппеден алған білімдерін тиянақтау.

Әр оқушының іс- әрекеттері арқылы икемділігін, қабілеттерін көрсету,шығармашылық мүмкіндіктерін ашу;

Оқушылардың елін, Отанын сүюге,оны қорғай білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі,суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, ауызша есепке көрнекілік, шарлар.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі «Әліппе – білім бастауы» атты мерекемізге қош келдіңіздер! Осыдан 4 ай бұрын мектеп табалдырығын қысыла да қызыға аттаған бірі отбасының тұңғышы, бірі кенжесі, бірі әзірге жалғызы, ата-әжесінің сүйікті де еркесі болып жүрген ұл-қыздарымыз, өздерінің ең алғашқы оқулығы болған Әліппемен бүгін қоштасқылы отыр. Балаларымыздың білім өлкесіне қарай басқан алғашқы қадамдары құтты болсын! Ендігі сөз кезегін 1 б сынып оқушыларына ұсынсақ!

Сахна сыртынан:    

-Ерте, ерте, ертеде бір жаһанда «Әліпби» атты ел болса керек. Бұл елде хан мен оның ұлы өмір сүріпті (сахнаға шығады) .

Хан

Уа, халайық! Армысың,

Ағайын туған, бармысың

Жарлығымды тыңдаңдар,

Босқа қарап қалмаңдар

Мен сендерге сенемін

Ұлымды мектепке апарғанға

Ат басындай алтын беремін

Ұлы:

-Жоқ, әке!

Бұл не дегенің?

Оқымай-ақ мен бәрін білемін

Сабақ, оқу, әріп, жазу

Дәптер, кітап – ол не керек?

Ол не береді?

Мен  мықтымын, ханзадамын,

Батыр ұлдың бірімін.

Оқуыңа өзің бар,

Керек емес білімің!

Білімбек бала: Уа, тақсыр, армысыз,

                         Ханзада бармысыз?

Хан: Сен кімсің? Қайдан жүрген баласың?

Білімбек: -Менің атым Білімбек. №1 мектептің оқушысымын. Жақсы хабарым бар.

Естідім ұзынқұлақтан

Балалардың барлығы,

Келеді бүгін мектепке,

Ән салып, би билемекке.

Қоштасқалы отыр екен

Сүйікті кітап Әліппемен.

  -1 «б» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлайын деп жатыр, соны көріп ханзаданың пікірі өзгерер, қонаққа барып көрелік.

Хан: Ойбай, ұлыма көмегі тисе, жүр, түс алға!

Ханзада: барсақ, баралық, көрсек, көрелік!

Сахнадан шығып кетеді.

 Вальс.

1-жүргізуші: Ассалаумағалейкум, халайық!

2-жүргізуші: Армысыздар, ардақты әкелер мен аналар.

1-жүргізуші:

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2-жүргізуші:

Кешегі сәби балаңыз,

Жарады міне қараңыз.

Ғылым, білім жолына

Енді күшті саламыз.

1-ж: Осы біздер қандаймыз?

1 – оқушы: Мың бұралған бишіміз.

2 – оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз.

                   Сәл еркелеу бұзықпыз.

3-оқушы:

Біз шеберміз.Ақылдымыз!

4-оқушы:

Үлкенге ізеттіміз

Кішіге қамқоршымыз  

5-0қушы:

Көп оқимыз

Терең ойлаймыз!

6-оқушы:

Жанып тұрған шырақпыз

Толқынды су бұлақпыз.

7-оқушы:

Елімізді өркендететін

Қазақ тілін көркемдететін

8-оқушы:

 Бабаларға тағзым ететін

Аналарға бас иетін.

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

2-ж:

-Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені аяқтадық.

1-ж:

-Мен енді өзім оқып, өзім жаза аламын. Ертегі, әңгімені де өз бетімше оқи аламын.

2-ж:

-Біз көп нәрсені-кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

1-ж: Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.

Мұғалім:- Дұрыс айтасыңдар.Біз өз өнерімізді көрсетуге дайынбыз ба?

-Балалар, мына сұраққа жауап беріңдерші:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол -сүйікті Әліппе,

Ол-сүйікті Әліппе!

Мұғалім:

Олай болса, бәрімізге ең қымбат «Әліппені»  қошемет көрсетіп, ортаға шақырайық!

Хормен: Әліппе,Әліппе,Әліппе

Әліппе ортаға шығады:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің

Қуанышы баланың

Қуанышы ананың

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!

1-оқушы:

Әліппем менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

2-оқушы:

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріпте,

Оқимыз қазір ертекте,

Үйреткен оны Әліппе!

3-оқушы:

Әліппе деген алтын жол

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес ауыр жол

Тырысып бақ намысқа.

4-оқушы:

Бүкіл қазақ баласы дәріптеген,

Қоштаспақпыз сүйікті Әліппемен.

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен.

Ән : Әліппе

Мұғалім: - Әліппе ,біздің балалар сенен әріп таныды. Сен арқылы сауаттанып, әріп үйреніп, енді өздері қосып оқып, өздері жаза алады.

 

Әліппе: Балалар, барлық әріпті меңгердік пе?

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 27.74 Kb
Количество скачиваний: 16
Просмотров: 153

Похожие материалы