Ұлттық Бірыңғай Тестілеу жоспары 2014-2015

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Оқушыларды жалпы кәсіби біліммен қамтамасыз ете отырып,  ҰБТ-ға жүйелі дайындалуына жағдай жасау.Оқушылардың пән бойынша білім сапаларын анықтау. Жоғары  оқу орнына түсуіне жағдай жасау. ҰБТ-ға дайындықты жүйелі жүргізу. 2013-2014 оқу жылында 11- сыныпты бітірген  барлық оқушылар  саны-30. ҰБТ-ға қатысқан оқушы саны-17, мектепте мемлекеттік емтихан тапсырғандар саны - 13. ҰБТ-ға қатысу пайызы-56,7%. Таңдау пәндері бойынша: Физика - 6, Биология – 11 оқушы таңдады. Дайындық жұмыстары күнделікті кесте бойынша жүргізіліп, әр сенбі сайын сынама тест алынды. Жыл бойы оқушыларға ҰБТ-ға дайындық жоспары жасалынып, жоспар бойынша дайындық сабақтар  өтті, сынама тесттер алынды. Ата-аналармен ҰБТ-ға дайындық мәселелері жайлы 5 рет жиналыс өткізіліп, онда ата-аналарға Қ.Р.Үкіметінің 27.02.2012 жылғы №261 қаулысымен және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 05.12.2011 жылғы №506 бұйрығымен бекітілген «Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары», әр ай сайынғы сынама тест қорытындыларымен, оқушылардың тоқсан сайынғы білім сапаларымен таныстырылып отырды. Жыл бойы 35 рет мектепішілік сынама тест, 2 рет он-лайн тест, 3 рет ҰБТ ӨП –де аудандық білім бөлімінің бақылауымен сынама тест, бірнеше рет «Алтын белгіге»   үміткерлерге арналған сынама тесттер алынды. Әр айдың 25-не дейін ҰБТ –ға қатысатын оқушылардың тест қорытындысы жайлы және олармен жүргізілген түзету жұмыстары жайлы аудандық білім бөліміне есептер беріліп отырды.

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 176 Kb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 122

Похожие материалы