Ұлттық бірыңғай тестілеуге психологиялық тұрғыда оқушыларды дайындау
Предмет: | Классному руководителю |
---|---|
Категория материала: | Презентации |
Автор: |
Жексенова Әйгерім Тасболатқызы
|
Тәрбие және білім беру мекемелері қоғам болашағын тәрбиелеуге, жан-жақты білім беруге және баланың өмірі мен болашағына қатысты барлық келеңсіздіктердің алдын алуға міндетті. Бала тәрбиесі – қоғамдық жауапты іс. Бала тәрбиесі мәселесіне қоғам болып араласпаса, кешенді, мазмұнды іс-әрекеттер талап деңгейінде атқарылмаса нәтижелі жұмыс болмайды.
Қай ұлт тарихын алып қарасаңыз да ұрпақ алдындағы жауапкершілік әрдайым қатал сын саналған. Баланы өсіру, оны азамат етіп тәрбиелеу – елдік мәселе. Бала тәрбиесі жөнінде ұлы Абай: «Адамның жақсы болуы тегінде емес, тәрбиесінде, ақылында, өнер, білімінде. Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады: ата-анадан, ұстазынан, құрбысынан. Әсіресе олардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады», - деп, осы үшеуінен баланың болашағы шешілетінін ескерткен. Ұрпақ тәрбиесіндегі басты мақсат-жан-жақты дамыған тұлғаны тәрбиелеу. Негізгі тұлғаның өз өміріндегі орнын, атқаратын міндетін, қазіргі және болашақ ұрпақ алдындағы жауапкершілігін, дүниесінің күрделі құрылымын түсіну және өзін-өзі тану арқылы дара тұлға ретінде өзін үздіксіз бірқалыпты қалыптастыруға баулу. Бала санасына Қазақ елі тарихының бастаулары, Қазақстанды мекен ететін халықтардың мәдениеті, ана тілі туралы нақты түсініктер мен ұғымдар сіңірілуі қажет. Алайда тәрбие және білім беру мекемелерінің тәрбие және білім беру бағдарламаларында жоғарыда аталғандармен қатар туып - өскен өңірдің табиғаты, халқының мәдениеті, жергілікті жер экономикасының ерекшеліктерімен байланысты толыққанды материалдарға жеткілікті дәрежеде көңіл бөлінбейді. Сонымен бірге, жастарымыздың бойында ұлттық тәрбиенің қажеттілігін түсіну, азаматтық көзқарас, патриоттық сезім, ұлттық құндылықтардың қалыптасуының жеткіліксіз деңгейі арасындағы қарама-қайшылық байқалады. Бала тәрбиесі – баршаның ісі. Отбасының да, балабақшаның да, мектептің де мақсат-мүддесі біреу ол – заман талабына сай ұрпақ тәрбиелеу.
Бүгінгі күні облысымыздағы тәрбие және білім беру ұйымдарының көкейтесті мәселелері:
– жасөспірімдер ортасында ксенофобия, кемсіту мінез-құлқы мен жауығушылықтың туындауына әкеліп соқтыратын балалардың жекелеген санаттарының этикалық, азаматтық-патриоттық, мәдени-эстетикалық тәрбие деңгейінің төмендеуі;
– Ата-ана мен бала, педагогтар арасындағы тұрақты байланыстың әлі де болса жетімсіздігі;
Тип материала: | Презентация Power Point (pptx) |
---|---|
Размер: | 2.54 Mb |
Количество скачиваний: | 9 |