Ұлттық қолөнер бұйымдарының бірі тұскиіздің жасалу технологиясы
Предмет: | Технология |
---|---|
Категория материала: | Конспекты |
Автор: |
Бесбаева Калдыгул Бекмаганбетовна
|
Қазақ халқы өте талғампаз халық. Ұрпағына қалдырған бай мұрасы-тұнған ғибрат-өнеге, ұрпақ жалғастығын байланыстырып тұрған халықтың өміршең тәжірибесіне толы. Әр халықтың ұлт екенін дәлелдейтін үш арнасы бар: сөз өнері, саз (музыка) өнері, қолөнері.
Қолөнер-халық өмірімен, тұрмысымен бірге жетіліп, біте қайнасып келе жатыр. Сан алуан түрлі қолөнер бұйымдар әсемдігі, өрнегі тұрмысқа сән берумен бірге адамдарға рухани ләззат әкелген. Көз салып, байыптап қараған адамға бұйымдардағы түрлі-түсті ою-өрнек, оның орналасуы адамзат дүниесінің табиғатпен біте қайнасқан сонау заманнан келе жатқан қарым-қатынасын, көңіл - күйін, жан дүниесіндегі тылсым күштердің бірлігін аңғаруға болады. Қолөнер шеберлері табиғат сұлулығын өнер туындыларына арқау еткен. Өнер туындыларының бет-бедеріне ширатыла түскен ғажайып өрнектер өзгеше бір тілмен атқарыла сыр шертетіндей. Қазақ қолөнерінің түрі,сапасы, өрнегі, бояуының өмірге келуі көшпелі өмірімен тығыз байланысты.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 23.26 Kb |
Количество скачиваний: | 9 |