Ұлттық ойындарды ағылшын тілі сабағында пайдалану әдісі.

Предмет: Украинский язык
Категория материала: Презентации
Автор:
Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру мақсатында  ұлттық ойындарды енгіздім. Мақсаты: Ағылшын тілі сабағында ұлттық ойындарды  енгізудің тиімділігін әріптестермен бөлісіп, оқушыларға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге үлес қосу, педагогикалық тәжірибе алмасу. Қазақтың ұлттық ойындары өте көп соның ішінде мына ойындарды сабақ барысына енгіздім: “Тоғыз құмалақ” “Айтыс” “АЛТЫН САҚА” “Көршіңмен татусың ба?” “Қоржын  той”  “Бес тас”  “Соқыр теке”  “Сақина тастамақ” Адамның үнемі ізденіске, жаңалыққа ұмтылуы ол физиологиялық құбылыс, ал заманауи технологиялардың қоғамымыздың түрлі салаларында орын алып, дамуы бүгінгі күннің талабы.   Және сонымен қатар келешегімізге ұмтыла отырып өткен өркениетімізді де ұмытпай ұлттық ойындарды сабаққа жаңаша әдістерді пайдалан  отырып енгізу . Қазіргі таңда жаңа педагогикалық технологиялар түрлері өте көп. Оларды тиімді етіп шет тілі сабағында қолдану мұғалім шеберлігіне байланысты. Қоғам талабына сай шетел тілдерін оқытуда қойылып отырған ортақ міндет – тілді коммуникативтік бағытта оқыту. Ондағы мақсат оқушылардың өз ойларын жеткізумен шектеліп қана қоймай, өзара тіл табысып, пікір алмасуға үйрету, өз жұмысына, топтағы немесе жұптасқан оқушының жұмысына, жауабына сыни тұрғыдан ойлап талдау жасай алу, өз ойын қорытындылай білу. «Interactive» ағылшын тілінен аударғанда «ортақ белсенділік» деген мағынаны білдіреді. Инновациялық оқыту технологиялардың білім беру жүйесін дамыту ісіне берері мол. Оларды қолдану оқушының өздігінен сабаққа дайындалу деңгейін арттырады; оқу үдерісін жүргізуді қызықты етеді; шығармашылық жағынан бұрын болмаған кәсіби дағдыларды қалыптастырып, жаңа мүмкіндіктер туғызады. Ал өзім қазіргі уақытта ағылшын тілі пәні мұғалімі ретінде, Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлері өз біліктілігін арттырып , күнделікті ізденіс үстінде отыру біздің басты мақсатымыз. Сабақты қызықты өткізу мұғалімнің қолында екені баршамызға белгілі. Жаңаша әдісті пайдалан ал ұлттық құндылығымызды ұмыттырма дегім келеді.  
Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 515.5 Kb
Количество скачиваний: 21
Просмотров: 165

Похожие материалы