Ұлттық тәрбие отбасынан сынып сағаты 8 сынып

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Тақырыбы : «Ұлттық тәрбие бастауы- отбасынан»

Мақсаты :

  • Оқушылардың ұлттық тәрбие бастауы, отбасынан басталатындығы, отбасы құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.
  • Ұлттық тәрбие туралы білу іскерлігін дамыту.
  • Ұлттық тәрбие негізіне тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: рөлдік ойын

Сабақтың әдісі:сұрақ-жауап, әңгімелесу, ойын

Көрнекі құралдар: үнтаспа, сюжетті суретттер,

Өту барысы:

Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгенне кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді. Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса ұлттық тәрбиенің бастауы – отбасы деп бекерге айтылмаған.

  • Топқа бөліну : (Жұп және тақ сандар бойынша бөлінеді)
  • І топ: Ғалым отбасы. ІІ топ: Білгір отбасы.
  • ( отбасы мүшелері рөлдер бөлініп беріледі)
  • І тапсырма: Келіңіздер , танысайық. «Отбасымның портреті» ( топ бірге өз отбасыларының портретін салып қорғайды)
  • ІІ тапсырма: Әжелер кезеңі.
  • Отбасында әженің рөлі қандай?
  • Ұлттық тәрбие беруде әжелердің үлесі неде деп ойлайсындар?
  • Өзі білетін бір ертегіні немересіне айтып беру. (қысқаша)
  • ІІІ тапсырма: Сәбидің ең алғашқы сөзі не?- ана
  • Келесі тапсырмамыз аналарға.
  • Ұлттық тағамдарымыздың аттарын айту. Біреуінің дайындау жолымен таныстыру.
  • ІҮ тапсырма: Отбасында аталарымыздың орны қандай? Қандай іспен айналысады?
  • Ұлттық ойындарды атау. ( немересімен ойнауға болатын)
  • Ү. Тапсырма: Әке – асқар тау. Отбасында әкенің рөлі қандай деп ойлайсыздар?
  • Анасына жағымды, жылы сөздер айту. (Мақал мәтелдер ана туралы)
  • ҮІ. Тапсырма : Бала – болашағың. Балалар кезеңі . Атомдар мен молекулалар ойыны.
  • Қорытынды. Әке мен шеше, ата мен әже, аға мен әпке – біз жақсы көретін ең жақын адамдар. «Ата – бәйтерек,бала –жапырақ», «Әкеден – ақыл,анадан- мейір», «Ағасы бардың- жағасы бар,інісі бардың – тынысы бар»,-дейді халық. Осындай ынтымағы бір, тілегі бір отбасында өмір сүріп жатқан біз-бақыттымыз.
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 14.75 Kb
Количество скачиваний: 75
Просмотров: 232

Похожие материалы