Ұлы Жібек жолы бойымен саяхат

Предмет: История
Категория материала: Презентации
Автор:

Ежелгі Қытай деректеріне қарағанда, б.з.б. Iғ. ортасында алғаш рет

Қытай елінен Батыстағы елдерге қарай жібек артқан керуендер

жолға шыққан. Ал бұған жауап ретінде Қытайға немесе Шығыс елдеріне

қарай Жерорта теңізі жағасындағы елдерден, Таяу және Орта

Шығыстан, Орта Азиядағы елдерден әр түрлі тауарлар ағыла бастаған.

Халықаралық сауда жолы арқылы Орта Азияның атақты асыл

тұқымды жылқылары, Шығыс елдерінен пілдер мен мүйізтұмсық,

барыс пен арыстандар, аң аулауға және саятшылық құруға қажетті

құстар (қаршыға, бүркіт) сияқты сирек кездесетін жан-жануарлар

сатыла бастаған.

Әсіресе, бұл жолдың бойымен қолда өсірілетін мәдени өсімдіктердің

ішінде жүзім түрлері, шабдалы, қауын, Шығыстың, Орта Азияның

жемістері сатылған. Көкөністердің сирек кездесетін түрлері тұқымымның

сатылуы олардың Азия елдерінде де егіліп, шаруашылықтың

жандануына пайдасын тигізіп отырған.

Тип материала: Презентация Power Point (ppt)
Размер: 882.5 Kb
Количество скачиваний: 6
Просмотров: 95

Похожие материалы