Ұлы жеңіс - жасасын!
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Тесты |
Автор: |
Жамантаева Зәуреш Рахметуллаевна
|
Сабақтың тақырыбы:Қадірлейік қарттарды, майдангерді
Ұлы Отан соғысының ардагері Саулебаев Болысбай
атаның өмір жолы және ауыл ардагерлерін еске алу туралы қазақша тәрбие сағаты
Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға Ұлы Жеңісті дәріптеу, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеу, ауылдасымыз Саулебаев Болысбай атаны т.б. ауыл ардагерлерін еске алып, өмір жолын, ерлігін таныту және үлгі-өнеге тұту.
2. Оқушылардың өз Отанына, еліне, туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін оятып, елін құрметтеп, қорғай білуге, ұлтжандылыққа тәрбиелеу және патриоттық сезімін ояту.
3. Оқушылардың ой-өрісін арттырып, мәнерлеп айту дағдыларын жетілдіріп, сөздік қорларын молайту.
Сабақтың көрнекілігі: безендірілген сахна, интерактивті тақта слайдтар.
Сабақтың барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Кіріспе бөлімі
Кіріспе сөз (интерактивті тақтада слайдтар арқылы суреттер көрсету)
Тарих кеші үнемі жаңаланып отырады. Десе де, ұмтылмайтын, ескірмейтін тарихи оқиғалар болады. Соның бірі әлемді дүр сілкіндірген екінші дүние жүзілік соғыс. Өздеріңізге белгілі 1941 жылы 2-маусым күні таңғы сағат 4-те бейбіт жатқан елімізге фашистңік Германия тұтқиылдан соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер-жердегі ауыл-селоға тарады. Ер-азаматтар асығыс соғысқа аттанды. Кейбірі өздері сұралып кетті. Қасиетті жеріміз, бейбіт жатқан еліміз, құлақ естіп, көз көрмеген апатқа ұшырады. Елімізге жауынгерлері қасық қаны, шыбындай жаны қалғанша шайқасты. Жауынгерлер батырлықтың, батылдықтың үлгісін көрсетті. Орасан зор майдан шебінде соғыс қатты жүріп жатты. Осы соғыста Совет Одағының басқа Республикаларымен бірге біз – Қазақстан да аянбай жаумен шайқасты.
Иә, балалар бұл жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Осы Ұлы Отан соғысында жерлес атамыз Саулебаев Болысбайда аттанған еді. Ол соғысқа дейін және соғыстан кейін «Лақалы», «Итқырылған» ауылы, «Сталин» колхозында 17 жылдай мектеп директоры және балалар үйінде меңгеруші қызметін атқарған. Пед Рабфакті бітірген, мамандығы - географ. 1941 жылы 28 жасында соғысқа аттанған ол 1942 жылы 1-Украина майданында №147 запастағы 1-категориялы аттылы әскер полкында ковалирист болады, одан химиялық қорғау взводында қатардағы химик қызметін, 1943 жылдан-1945 жылға дейін 8 гвардия аттылы әскер полкінде командир бөлімінің гвардия аға сержанты қызметін атқарды. 1945 жылы 28 желтоқсанда жасының ұлғаюына байланысты ауылға оралды. Ол сол отты жылдарда 1942 жылы «Отечественная война» ордені, 1943 жылы «Гвардия» значогі, 1944 жылы екі рет «За отвагу» медалімен, сол жылы «Красный звезды» орденімен, 1945 жылы немістің Верхный селезный, Катовице, Беутен қалаларын азат еткені үшін марапатталды. Келгеннен кейін 1946, 1969, 1980, 1985, 1995, 1997, 1999 жылдарында бірнеше медаль ордендермен марапатталды. Осы сынды ауылымызда Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагерлер де бар. Олар: Бекбанов Жұбаныш, Дарбозов Қаби, Қиятбаев Жәрмедет, Әбекеев Қайролла, Тажимов Балмахан, Тәжбенов Бекбосын, Әбдіреев Бертілеу, Әбдиров Әбдіуәли, Жарманов Қалмырза, Әбдіраманов Әбдәли, Маханов Дүйсенбай, Түлкібаев Мәнтібай, Әбішов Әбдірей, Әбішов Әбдіроман, Есіркеев Еленбай, Дүйсенбаев Шүкірәлі, Өмірзақов Айтжан, Аманбаев Есенбай, Дәрменқұлов Бақдәулет.
Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. 50 млн адамның өмірін жалмады. Міне, осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына 65 жыл толып отыр. Соғыс өрті қашан да халық есінде. Осы қан майданда мерт болған ерлердің рухына, бүгін арамызда асқартаудай болып жүрген аталарымызға басымызды иіп, тағзым етейік.
Дәл осынау жадыраңқы жай күні,
Болсадағы қай ғасырдың қай күні
Ұлы Отаным басын иіп бір минут,
Есіне алмақ сол бір апат қайғыны
(1-минут үнсіздік, еске алу).
Хор: «Майданға»
1. Сәнім
«Соғыс!» деп айтқан суық сөз,
Сіресіп қатқан мұз – қардай
Тыныштық сүйген қауымды,
Тітіркендірді ызғардай.
2. Дамир
Екі дүние айқасты,
Майдандасқан аулада.
Фашистерді шайқаста,
Езгіледі табанда
Бейбітшілік орнаттық
Күн ортақ барлық адамға.
3. Перизат
Талай құс содан бері қайта оралды,
Талай бақ әлемінде қайта оранды.
Соғыста өлгендер тек оралмайды,
Тек ұрпаққа олар жайлы айтады әні
4. Жайнагүл
Жерден, көлден, аспаннан
Соқты, жауды ел күнде
Берлинде алғаш басталған
Бітті соғыс Берлинде.
Хор: Мәншүк
5. Айдос
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Түн түндігі түрілген
Күн күлімдеп, таң шапағы білінген
Сол сұрапыл қанды ұрыста
Біздің ерлік танылған
Әрбір көше, әр бұрышта
Жеңіс дабылы қағылған
6. Нұрсұлтан
Сүйінші, сүйінші халқым!
Белін бекем буыншы
Жеңдік жауды күйрете
Жасалған той – мереке
7.Нұржан
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары,
Жігерленген құштарлықтың құралы.
Күрескердің арманы мен ұраны
Қуаныш пен мерекенің бұл әні.
8. Айман
Ер азат, еңбек, ерлік,ер ерлікті,
Еңбектің өрнегімен жер көріпті
Мыңдаған Қазақстан күрескері
Жеңіске жеткізді елін, ерлер ері.
9. Амантай
Биік ұш бибітшілік көгершіні,
Асып өт нелер мұхит, небір шыңды.
Қаққанда қанатыңды бірге естілсін,
Әлемгше жас ұрпақтың өршіп үнің
Хор: «Ақ кептерлер»
Мұғалім
-Иә, сұрапыл соғыс ешкімді аямады. Ана жарынан айырылды, бала әкесінен айырылды. Бірақ үміт оты еш өшкен жоқ. Бала әкесін күте берді, күте берді.
1. Ән «Соғыстан қайтқан солдаттар» орындайтындар: Ғарифолла, Аян
2. Ән «Батыр бала Болатбек» орындайтындар: Ислам, ғарифолла
3. Көркем сөз «Жеңіс туралы жыр» Назерке
4. Би «Катюша» Бір топ қыздар
5. Ән «Ақ көгершін» орындайтындар: Назерке, Жайнагүл
6. Ән «Солдат болам мен ертең» орындайтындар: Аян, Амантай, Айдос
Мұғалімдер
Жеңіс күні! Ол қалай келді? 1945 жылдың 30 сәуірінде рейхстаг үстінде Р. Қошқарбаев тіккен жеңіс туы желбіреді. 8-мамыр Берлинде фашистік Германия жеңілгенін мойындап қол қойды. 1945 жылдың 9 мамыр күні бұрын соңды болмаған мың зеңбіректен 30 дүркін салют атылды. Міне, жеңіс күні осылай келген еді.
10. Назерке
Жеңіс келді далама,
Жеңіс келді қалама,
Жеңіс келді әке боп
Ендігі бар балаға
Жеңіс келді ән болып,
Келді ауылға сән көрік
Жеңіс келді алақай!
Тойып жейтін нан болып.
11.Аян.
Арылтып жерден жауыңды,
Табанға жаншып өлімді
Жеңіске желпіп өмірді,
Десеңдер бұл қай күні?
- 9 – май күні
12. Альбина.
Кептерлер қалқып көкте ойнап,
Қызыл ту шалқып, көк байлап.
Мәре-сәре, мәз-мәйрам,
Отанымыз той тойлап
Десеңдер бұл қай күні
- 9 – май күні.
13. Ислам.
65 жыл – бейбіт көктем таң атқан,
65 жыл – шуақты күк таратты әнін
Есімде сонан бері 65 рет
Ашылды жеңіс күнінің парақтары.
14. Ғарифолла.
65 жыл – үзілмейді құстар әні
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әрі
65 жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің ел үстінен ұшпағаны.
Хор: «Әрқашан күн сөнбесін!»
Қорытынды сөз
Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды. Отан үшін ерлікпен қаза тапқандарды ел әр уақытта есінде сақтайды. Өйткені олар біздің бақытымызды қорғады. Отан үшін, ел үшін құрбан болады. Отанымыздың даңқы – ерлік пен қаһармандықтың даңқы. Біз оның жүріп өткен ерлікке толы жолдарын, азаттық үшін күрескен ерлері мен батырларын ешқашан ұмытпаймыз. Қарттарды, майдангерлерді қадірлейік! Олардың есімі ел есінде мәңгі сақталады. Ұмытылмас тұлғалардың бейнесі біздің көкейімізді ұялап, мәңгі қала бермек.
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 20.46 Kb |
Количество скачиваний: | 7 |