Ұлылар сөзі жадымызда
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Баймаганбетов Руслан Тлепович
|
Күні: 10.03.2015ж.
Сынып: 5 «Г» (орыс сыныбы)
Пән: қазақ әдебиеті
Сабақтың тақырыбы: Ұлылар сөзі жадымызда
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ақын-жазушылар жайлы түсініктерін жүйелеп, талдау;
Сабақтың міндеттері:
Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ
Сабақтың типі: бекіту сабақ
Сабақтың әдіс-тәсілдері: түсіндіру, талдау, жүйелеу
Сабақтың көрнекілігі: ақын-жазушылар портреті, ағаш суреті, таратпа қағаздар
Пәнаралық байланыс: бейнелеу өнері, орыс тілі
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
А) Сәлемдесу;
Ә) Кезекшімен жұмыс;
Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару;
ІІ. Негізгі кезең
Балалар сабағымызды бастамас бұрын ең алдымен топқа бөліну үшін мына үстелдің үстінде тұрған кез келген кәмпитті алыңдар. Енді кәмпиттерді алып болған соң алынған кәмпит түсіне қарай топқа бөліне қойыңдар. Қызыл түсті кәмпитті алғандар – Білгірлер, сары түсті кәмпитті алғандар – Алғырлар, жасыл түсті кәмпитті алғандар – Тапқырлар тобына отырыңыздар.
Енді әр топқа отырғаннан кейін сол топтың басшысын сайлаңыздар. Міне мен сіздерге бағалау парағын беремін сол бағалау парағына әр тапсырмаға белсенді қатысқан оқушыға 2 ден 5 ке дейінгі бағалауды қоясыздар.
1 – тапсырма. Таратпа қағаздарда берілген кесілген қағазды бір тұтас қылып біріктіріп, сол суретте берілген ақын-жазушы жайлы қысқаша мәлімет айту.
2 – тапсырма. Ақын-жазушыларға кластер жасау. Кластерде жазылған сөздердің аудармасын жасау
Сергіту сәті. Атомдар мен молекулалар ойыны
Әр қатысушы- жеке атомдар .Жүргізушінің айтуы бойынша атомдар қозғалысқа түседі , бір-бірімен жеңіл қақтығысқа түседі . Жүргізуші қанша атомның қосындысынан молекула құралатынын айтады , сол кезде сол санға сай бірігіп тұра қалу керек . Молекула құрамына кірмей қалғандар ойыннан шығады
3 – тапсырма. Таратпа қағазда өлең шумағы беріледі, сол өлең шумағының мазмұнына қарай оқушылар алдарында тұрған А4 парақтарына сурет салады.
ІІІ. Қорытынды кезең
Балалар бүгінгі сабағымызда аяқтау үшін, ең алдымен қандай мезгіл келгенін есімізге түсірейікші. Дұрыс, көктем келді. Ендеше алдымызда тұрған ағашқа көрік беріп жапырақпен безендірейікші. Ол үшін әр жапырақта сұрақтар берілген, сол сұрақтарғажауап берейік.
ІҮ. Бағалау кезеңі
Топ басшылары бағалау парақтарын жинап береді, оқушылардың бағалары сол бағалау парағының негізінде қойылады?
Тип материала: | Документ Microsoft Word (docx) |
---|---|
Размер: | 146.89 Kb |
Количество скачиваний: | 11 |