«Мақал-мәтелдер, олардың айырмашылықтары» 5 сынып. Қазақ тілі.

Предмет: Информатика
Категория материала: Конспекты
Автор:

Білімділік: мақал-мәтелдер халықтыңрухани қазынасы екендігі, олардың өзара ұқсастығы мен ерекшеліктерін, мақалдың ғибраттық, өсиеттік мәні, мәтелдің ишара, меңзеу тұрғысында қолданылатындығын түсіндіру.

Дамытушылық: тіл байлықтарын, ойлау қабілеттерінн өз беттерінше салыстыру, қорытынды жасау және таным белсенділіктерін дамыту;

Тәрбиелік: мақал-мәтелдерді орынды пайдалана білуге, ұшқыр ойлы сөйлеуге, ұлжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас

Сабақтың типі: Дістүрлі емес, талдау сабағы

Сабақтың әдісі:Іздендіру, түсіндіру, сұрақ-жауап, даралық және топтық жұмыс.

Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, орыс тілі, ағылшын

Сабақтың көрнекілігі: Кесте, сызбалар, үлестірмелі парақшалар

Техникалық құралдар: Интерактивті тақта, слайдтар

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру

А) Оқушыларды түгендеу

Ә) Оқушыларды сабаққа психологиялық дайындау

«Жүректен - жүрекке» (тренинг)

Оқушыларға жүрекшелер таратылып, сабақ барысында білім шыңына жету үшін керекті қасиеттерді бір-біріне тілейді.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

1.     121 – жаттығу

2.     Тұрақты тіркес пен еркін тіркестердің айырмашылықтары мен ортақ белгілерін ата.

Үй тапсырмасын қорытындылау

Тест жауаптарын таба отырып, тұрақты тіркестің ережесін шығару

1.     Тұрақты тіркеске тән белгінікөрсет

А) Бетінен оты шықты – ұялды

Ә) Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

Ереже: Тұрақты сөз тіркестердің құрамындағы сөздер 4-еу немесе 5-еу болса да бір мағына береді.

1.     Қай тұрақты сөз тіркестің құрылысы дұрыс орналасқан?

А) Тайға таңба басқандай

Ә) Зу жүрегі етті

Ереже: Тұрақты сөз тіркес сыңарларының орнын ауыстыруға, алмастыруға болмайды.

1.     Тұрақты тіркестің ерекшелігін тап.

А) Оның бетін қақпай (қалай? пысықтауыш) өсірді

Ә) Ерке түнімен көзін ілмеді (Несін? Нені? Не істеді? толықтауыш, баяндауыш)

 

Ереже: Тұрақты тіркес бір ғана сұраққа жауап беріп, бір сөйлем мүшесінің қызметін атқарады.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 25.7 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 134

Похожие материалы