"Мұқағали - ақиық ақын" атты әдеби-сазды кеш сценарийі (8-9-кластар)
Предмет: | Другое |
---|---|
Категория материала: | Рабочие программы |
Автор: |
Жарманова Бахит Абдуллаевна
|
Перде ашылып,Жетімкөлдің суреті көрінеді.Сахнада-Қасиет(көгілдір не ақ түсті капрон жамылғысы бар көйлек киген).Музыка ойналып тұрады.Жетімкөлдің қызығына қуанған Қасиетжүгіріп қайыңдарды аялайды,жерге отыра қалып шөпиермен орамалды желпейді.Сахнаға қайта жүгіріп барып,келе жатқандарды тыңдайды.
Сахнаға бір ұл мен қыз шығады.Жетімкөлге қарай жүгіріп барып,біріне бірі су шашысады.Сол кезде алдарынан Қасиет ұшып өтеді.Қыз бен ұл сахнаның екі бұрышына қарай аяңдайды.
1-қыз.
Өзен де жоқ сыймаған арнасына,
Жылға да жоқ даламен жалғасуға.
Таста тұнған жаңбырдың тамшысындай,
Қалай біткен мына көл тау басына?!
Мөлдірейді,қарайды қарға,шыңға,
Жалғыздықтан жамандық бар ма,сірә.
(5-6 қыз-жігіт Жетімкөлдің қасына келіп әнгімелескендей,біреулер ойланып,көрерменге қарап отырады.)
1-жігіт.
Қанша ғасыр өтті екен,қанша заман?
Қанша ұрпақ кетті екен,қанша адам?
Қанша шырша өсті екен,құлады екен,
Жетімкөлге қараудан шаршамаған
Жетімкөлден су ішкен қанша марал,
Қанша киік қалды екен сай-салада?
Қанатынан үзіліп ән-самалы,
Қаншама аққу кетті екен-аңсаған ән?
2-жігіт.
Ортаймаған Жетімкөл,толмаған да,
Болған өмір ұқсайды болмағанға.
Сызат та жоқ бетінде,сызық та жоқ,
Айдынына аққуы қонбаған ба?!
Сорлағанға ұқсайды,сорлағанға,
Шүрегейлер айдынын қорлағанда,
Көкқұтандар қанатын қомдағанда...
2-қыз.
Беу,дүние-ай,аққулар оралғанда,
Айдын көлдің иесіжол алғанда.
Жетісіп бір Жетімкөл қалушы еді-ау,
Тынушы еді-ау теңселген қара орман да.
Таянғанда аққулар қонар маңға,
Басушы еді-ау байызын бар арман да.
3-жігіт.
Қанатынан аққудың балапандап,
Ән ұшатын сымпылдап таң атарда.
Сүйінші бер дегендей бір толықсып,
Сыбырлайтын Жетімкөл Алатауға.
Тына қалып бұлбұл да жаға-талда,
Қарайтұғын айдынға,ақ отауға.
(Музыка;Н.Тілендиев.«Аққу».)
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 78.5 Kb |
Количество скачиваний: | 17 |