Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»(ашық тәрбие сағаты)
Предмет:
Биология
Категория материала:
Рабочие программы
Автор:
Баймуханова Толганай Узакбаевна
Здесь была ссылка на работу Мұқағали Мақатаев – поэзия тұлпары»(ашық тәрбие сағаты) автора Баймуханова Толганай Узакбаевна.
Ссылка на нее удалена по требованию посредника Инфоурок.
Если вы являетесь автором этой работы и хотите подтвердить её публикацию на этом сайте,
.
Мақсаты: Мұқағали Мақатаевтың ақындық талантын шәкірт жүрегіне ұялату арқылы поэзияны сүюге, оны бағалай білуге, сыршыл да шыншыл ақын өлеңдерінің мәні мен маңызына үңілдіруге, рухани танымын кеңейтуге ықпал ету. Көрнекіліктер: слайд,көрме, буклет.ақын туралы пікірлер жазылған плакаттар. С.Тұрысбековтің «Көңіл толқыны» күйі ойналып тұрады. Күй әуенімен жайлап Мұқағалидың «Арыз жазып кетейін» өлеңі оқылады. Жүргізуші: Әрбір әрпі қанға шомған тарихыңа қараңдар, Отырардай опат болған қала жоқ па, жарандар? Тату-тәтті бармысыңдар , армысыңдар , Адамдар! – деп Мұқағалидың салемдесу салтымен амандасамыз. Қош келіпсіздер, өлең сүйер , өнер сүйер қауым! Біздің халқымызда біртуар азаматтар аз болған жоқ. Қазір де аз емес. Кейінгі қауымға өнеге – өсиеттерін қанатты қалам арқылы қалдыра білген зерделі ақын – жазушыларымыздың бірі, тіпті бірегейі Мұқағали Мақатаев десек,қателеспейміз. Өйткені,оқырманның қай кезде де көңіл-күйін тамыршыдай тап басатын жыр-құдірет Мұқағали ақынға ғана тән. Әлем –дархан ,саялаңдар, Бәріңе де орын бар, Қорған емес ,салтананатты Сәнді сарай соғыңдар.