Мұғалім мен оқушының бірлескен әрекеті, топтық жұмыстан рефлексияға дейін немесе оқушыны жаңаша ойландыруға ұмтылыс
Предмет: | Начальные классы |
---|---|
Категория материала: | Другие методич. материалы |
Автор: |
Кургунбаева Зауре Тургуновна
|
XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры. Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. Білім жүйесіндегі осы өзгерістерді жүзеге асыратын, оның сапасын көтеретін ұстаздың теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі екені белгілі.
Елбасымыз «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер-бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан ұстазға жүктелетін міндет ауыр» деп атап көрсеткеніндей, ұстаз алдында жауапты да, қызықты да іс пен үлкен міндет тұр. Жас ұрпақты жан–жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы – оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жетелеу.
Ал шығармашылық жұмысты оқушылар топтасып отырып істесе, қарым-қатынастары нығайып, жақсы білім алуға мүмкіндік туады. Берілген жұмысты бірлесе отырып талдайды, талқылайды, содан кейін барып қорғайды.
Мұғалімнің міндеті барлық оқушылардың іс-әрекетінің бірлікте болуын басқару, яғни барлық оқушылар бірдей тапсырманы орындайды, жұмыс бәріне ортақ, барлық сынып талқылайды, нәтижені салыстырады, жинақтайды. Бұл тәсіл
- оқушылар мен ұстаз арасындағы сенімді нығайтады;
- ұжымдық сезімді тәрбиелейді;
- пікірлерді талқылауға үйретеді;
- басқаның ойын, өзінің ой-түйіндерімен салыстыруға дағдыландырады;
- сабаққа деген қызығушылықтарын арттырады.
Топтық жұмыс кезінде мұғалімге қойылатын басты талап қандай болмақшы ?
- оқушылардың ішінен ең тиімді ой-тұжырымды дәл таба білуі;
- оны алдын ала болжауы;
- сабақтың міндеттеріне жауап іздеуі ;
- барлық айтқысы келген ынталы оқушыны ықыласпен тыңдауы;
- оны мәдени тұрғыда қолдауы;
- қажетті сәттерде түзетулер енгізуі;
- әр оқушының мүмкіндігіне жол ашуы.
Топтық жұмысты бастауыш сынып мұғалімі ретінде, маған қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика сондай-ақ , еңбек сабақтарын өткізгенде қолданған тиімді. Жұмыстың бұл түрінде ұжымдық талқылау қолданыла отырып, өзара кеңес беріп, іс-әрекетті біртіндеп күрделендіріп , өздік жұмыс тиімділігі жағынан бұрынғыға қарағанда жақсара түсетіні анық. Сабақ барысында топтық жұмыс кезінде оқушылардың білім деңгейлеріне сәйкес тапсырмаларды орындауда,
- танымдылық қасиеті артады,
Тип материала: | Документ Microsoft Word (doc) |
---|---|
Размер: | 45.5 Kb |
Количество скачиваний: | 24 |