Мұғалімдер коучингісі

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:
Есептің мазмұны  1-бөлім: Тақырыпты негіздеу Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқушы шығармашылық қабілетін дамыту   Мұғалім өз жұмысында үнемі ізденісте, жетістікке ұмтылатын тұлға болып есептеледі. Білімнің дәрежесіне, кәсібилік деңгейіне қарамастан кім болмасын өзінің үздік нәтижелерін өз бетімен үнемі ұстап тұра алмайды, сол себептен «Кембридж бағдарламасы» бойынша бірінші «Бетпе- бет» кезеңін аяқтап келгеннен кейін мектеп басшыларымен кездесіп коуч туралы оның маңызы мен міндеті туралы бойынша мұғалімдер арасында сабақтар жүргіздім.«Коучинг» сөзінің сөзбе - сөз аудармасы «тәлім ету,дайындау, жаттықтыру» деген мағынаны береді. Бұнда қолданыстағы оқыту тәжірибелерін бірлесіп ойластыру, идеялармен алмасу, басқа мұғалімдер өз жұмысының жекелеген салаларын жетілдіру оларды тереңірек дамытып, анағұрлым жоғарғы сапалық денгейге көтеру және іске асыру жөнінде шешім қабылдау мақсатында кәсіби білімін, игерген дағдылары мен тәжірибелерін жетілдіреді. сұрақтарға теориялық білімімді  негізге ала отырып, жауап бердім. Менің еңбек ететін мектебім Үшарал қаласындағы №2 орта  мектеп «мектеп жанындағы шағын орталығы бар» Мемлекеттік мекемесінде - 783 оқушы екі тілде білім алады.    Білім сапасын арттыруда инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдану мұғалім  үшін өте маңызды үрдіс.  Осыған орай «Назарбаев Зияткерлік мектептер» дербес білім беру ұйымы мен Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген деңгейлік бағдарлама бойынша педогог кадрлардың  біліктілігін арттыру курсының ұсынған  жеті модульдерін қолдану  маңызды. Себебі қазіргі кезде Қазақстандағы білім беру барысында  маңызды болып табылатын педагогикалық түсінік. Осы орайда  мектептің жоспарына сай өткізілген директор жанындағы отырыста  курстың мәнмәтіні жайлы шағын мағлұмат бердім. Жаһандану заманында нені оқыту емес, қалай оқыту керектігін айта « Заман өзгереді мен өзгеремін» деген  шағын бейнеролик көрсеттім. Курстың мағынасын терең түсіне білген, жаңашылдыққа жаны құмар ұстаздар ұсынысы тақырып таңдауыма негіз болды.  Менің коучинг сабағымның тақырыбы «Сын   тұрғыдан ойлау арқылы оқушы шығармашылығын қалыптастыру» .Сын  тұрғысынан ойлау - Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты педагогикалық түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауды көздейді (Мұғалімге арналған нұсқаулық 41-бет) Мақсатым әріптестеріме сабақ барысында оқушының  ойлануын, ізденуін және  зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын  шығармашылық жұмыстар арқылы арттыру. Әріптестерімнің коучинг деген не? Оның мақсаты  қандай? Ол нені өзгерткісі келеді?    деген сұрақ болып тұр. Осы сұраққа жауап беру мақсатында мектепте инновациялық педагогикалық технологияларды қолдану белсенді түрде іске асырылуда. Сессияны бастамас бұрын  мұғалімдермен жеке сөйлестім. Ондағы мақсатым мұғалімдердің кедергісін анықтап, сол тақырып аясында тереңірек мағлұмат дайындасам деген ой болды.Әңгіме барысында анықтағаным  барлық ұстаздар бірауыздан сыни тұрғыдан ойлау модулінің тиімділігі оқушының шығармашылық қабілеттерін дамыту барысында  қалай іске асыру керектігін  айтты. Себебі   мұғалімнің шығармашылық тақырыбы осы модуль аясында болды. Коучингі сессиясына  қатысқан мұғалімдердің көпшілігі оқушылар сабақ барысында тек жаттанды түрде айтатыны туралы және сол оқушыларды сыни ойлау арқылы сабаққа деген белсенділігін арттырғысы келетіні туралы айтты.Осы пікірлерді ескере отырып бірінші коучинг сессияның тақырыбын «сыни ойлау арқылы оқушы шығармашылылық қабілеттерін  дамыту » тақырыбында өткенім дұрыс шығар деп шештім.Коучингіге қатысқан тыңдаушыларына жеті модульдің әдіс-тәсілдері, мектепте білім сапасын арттыруда үлкен септігін тигізетінін жайында қысқаша мәлімет бердім.Олардың маған берген сұрақтарынан мұғалімдердің жаңалыққа деген  қызығушылығын байқадым.  Менің коучинг сабағыма алты мұғалім қатысты. Бүгінгі таңда оқыту мен оқудың аспектісіне көңіл аудару, маңызды мәселелерді талқылау  білім саласындаға өзгерістерді  ой елегінен өткізуді қамтиды.    
Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 40.75 Kb
Количество скачиваний: 8
Просмотров: 112

Похожие материалы