"Мұғалімнің кәсіби біліктілігін жетілдіруде жеке тұлғаның сын тұрғысынан ойлауын дамыту"

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

“Маған айт, мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін»                                                           Қытай мақалы                                                                                         

Сабақ беруге және оқытуға барынша мақсатқа сай және креативті амалдарды дамытуда орталық аспект мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынастардың түсінікті болуы керек. Үзінді түрінде келтірілген дәйексөзден ұғатынымыз, егер оқытуға белсенділік пен өзара әрекет кіретін болса, ол тиімдірек бола алады. Сыныптағы барынша белсенді және демократиялық атмосфераның дамуы мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысқа қатысты белгілі бір принциптерді қабылдауды білдіреді.

      Кез-келген оқыту белгілі мөлшерде адамды дамытады.Соңғы жылдары жеке адамды қалыптастыруды дамыту мен оған жан-жақты терең білім беру мақсатында көптеген технологиялар ұсынылуда.

   Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да,мұғалім оқушының өз белсенділігін  туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін,белсенділігін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.

  «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» бағдарламасын үнемі сабақта қолданып келемін.бұл жүйеде қойылатын сұрақтар проблемалы,ойлануды қажет етеді.Оқушы сондай сұраққа өз ойын,өз пікірін білдіре  жауап беруге дағдыланады.Жаңа материалды талдауға үйренеді. 

   «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту»бағдарламасын ұсынған американдық педагог-ғалымдар-Ж.Пиаже,Л.С.Выготскиий,Чарльз Темпл

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 379.38 Kb
Количество скачиваний: 14
Просмотров: 103

Похожие материалы