МҰҒАЛІМНІҢ ҮЗДІКСІЗ КӘСІБИ ДАМУЫ - ЕЛ БОЛАШАҒЫНЫҢ ӨРКЕНДЕУІ

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Қазіргі қоғамда болып жатқан терең әлеуметтік өзгерістер білім беруді дамытуға  жаңаша көзқараспен қарауды, педагогикалық ғылым әдістемелері мен парадигмасын өзгертуді талап етеді. Осындай өзгерген әдістерді мектеп өміріне енгізетін де, мектепті жақсартатын да негізгі тетік  – қабілетті мұғалім. Бауыржан Момышұлының сөзімен айтсақ, мұғалім «болашақтың баласын да, данасын да, ғылымын да өсіреді». Сондықтан,  қазіргі қоғам болашағының данасын өсіру үшін  мұғалімнің өзі де дәстүрлі сабақ беру әдістерін өзгертіп,  жаңа формацияның мұғалімі болуға жан-жақты бетбұрыс жасауы керек.

 

Жаңа формацияның мұғалімі деген кім? Жаңа формацияның мұғалімі – жаңа заманға сай өзгерген мұғалім. Қазақстан Республикасының білім беру Тұжырымдамасында: «Жаңа формацияның мұғалімі – кәсіптік дағды мен педагогикалық дарыны қалыптасқан, жаңалыққа жаны құмар, рухани дүниесі бай, шығармашылықпен жұмыс істейтін тұлға», - деп нақтыланып көрсетілген [1]. Ал жаңа формация мұғалімін қалыптастыруға қойылатын негізігі талап – жаңа технологияларды меңгеру болғандықтан, жаңа формация мұғалімі кәсіби шеберлік пен бірнеше құзіреттілік түрін игеруге міндетті.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 35.86 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 100

Похожие материалы