«Мақта қыз бен мысық» ертегісінің желісі бойынша математикадан қайталау сабағы.1сынып

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Сабақтың тақырыбы: "Мақта қыз бен мысық"

Сабақтың мақсаты: оқушылардың математикалық тапсырмалар

(жаттығулар, мысалдар, есептер) түрлерін ажырата білуін, ойлау қабілеттерін, жылдамдық, Есептеу дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге үйрету.

Көрнекіліктер: 10 – 90 дейін кеспе цифрлары интерактивті тақта слайтар

жазу үлгісі логикалық есептер.

“Мақта қыз бен мысық” ертегісінің суреттері

Кейіпкерлер тапсырмалары: бөлек – бөлек конвертке салынған қосу, айырма, өрнек, тура, тура емес теңдік және теңсіздіктер жазылған карточкалар, карта ойыны.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сабағымызды мынандай әнмен бастаймыз:

Есептеуге жүйрік болсаң жасыңнан,

Математикаға орын берсең басыңнан

Барлық ғылым саған үйір болады

Досың солар табылатын қосыңнан

ІІ. Психологиялық дайындық

Бір – біріміздің қолымыздан ұстап, алақан жылуы арқылы бір – бірімізге жылы лебіздер тілейік.

1.Еліме тыныштық тілеймін!

2.Күніміз жарық болсын!

3.Аспанымыз ашық болсын!

4.Деніміз сау болсын!

5.Нанымыз көп болсын!

6.Көк туымыз биік болсын!

ІІІ. Негізгі бөлім:

Балалар, бүгін біз ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа шығар алдында өткен тақырыптарды қайталап өтейік. Мұғалім: Бізге математика сабағында есептер шығару үшін нелер қажет?(сандар)

1 тапсырма: 0-10-ға дейінгі сандарды тура және кері санау.

Алдарындағы карточкалар мен сандарды өсу ретімен қою.

1,2,3,4,5,6,7,8,9,10.

Екі таңбалы сандарды ретімен қою.

10,20,30,40,50,60,70,80,90.

2 тапсырма: Логикалық ойын-жұмбақ (Үнтаспадан тыңдалады)

Бес асықтың екеуін

Досың сұрап алады.

Айтшы сонда нешеуі

Өз қолыңда қалады? (үш асық)

IV. Мұғалім: Өте жақсы, біз енді ертегі сабағымызды бастаймыз. Ертегіміздің аты: “Мақта қыз бен мысық”

Ерте, ерте ертеде Мақта қыз бен мысық екеуі дос болыпты. Мақта қыз үй жинап жүріп бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады. Мысық келмейді. «Келмесең, Келме». деп мейізді өзі жеп қояды. Бір кезде мысық келіп «Неге шақырдың? деп сурайды. Мақта қыз айтпайды. «Айтпасаң, айтпа мен қатығыңды төгіп тастаймын, - дейді мысық. Мысық қатықты төгеді, Мақта қыз мысықтың құйрығын кесіп алады. Мысық: «Aпa қуйрыгымды берші?» - дейді. «Сен менің тапсырмаларымды орындасаң мен сенің құйрығыңды қайтарып беремін», - дейді Мақта қыз. Aл, балалар, енді біз мысыққа көмектесейік. Мақта қыз құйрығын беру үшін осы ертегілердегі кейіпкерлердің тапсырмаларын орындайық.

Сиырдың тапсырмасы:

№1Өрнектерді пайдаланып, теңсіздіктер құрастыр.

5+4 6-3 8+2 9-2

9-5 4+3 2+4 8-4

2. Ағаштың тапсырмасы: Өздік жұмыс

Әр оқушы үлестірмелі қағаздан есептер шығарады

3.Дүкеншінің тапсырмасы: Есепте: «Математикалық парашюттер»

5+3 10-4 6+3 8-6 10-5 3+3 10-7

Сергіту сәті:

Тауықтың тапсырмасы: №2

Есептердің шартын,сұрағын, шешуін және жауабын салыстыр:

10 бала айналмалы әткеншек Бірнеше бала айналмалы әткеншек

теуіп жүр еді. Олардың 7 – еуі теуіп жүр еді. Олардың 7 – еуі түсіп

түсіп кетті. Әткеншекте неше кеткеннен кейін әткеншекте 3 бала

бала қалды? қалды. Барлығы неше бала әткеншек

тепті?

Тышқанның тапсырмасы : №3

7+0*7-0 5-5*5-2

6+0*6+2 4+4*4+0

3+2*3+0 8+0*8-8

Мақта қыздың тапсырмасы: Блиц-турнир сұрақтары.

1.2 мен 4-тің көршісі кім?

2. Жыл мезгілдері нешеу? Ата

3.5+4 қосындысы нешеге тең ?

4.Қосындының компаненттерін айт

5. Бұтақта 5 торғай отыр еді. Оның 3 ұшып кетті. Бұтақта неше торғай қалды?

V. Қорытынды бөлім:

Балалар, Мақта қыз сендердің білімдеріңе риза болып, мысықтың кұйрығын қайтарып беретін болды. Мысықта сендерге өте риза.

VI. Үйге тапсырма беру.

VII. Сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау, мадақтау.

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 133.49 Kb
Количество скачиваний: 25
Просмотров: 149

Похожие материалы