Математика 1- сынып .1- 10 дейін тура және кері санау

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Сабақтың  тақырыбы: «1 – 10 -ға  дейін  тура және кері санау»

          Мақсаты: Сан таңбаларын пайдаланып, тура және кері санауға үйретуді жалғастыру. « Балықтан» көмек сұрап алтын балық тапсырмасын орындай білу. Қанша? Нешінші? алдында, артында, оң солын айыра білу, салыстыру..
Әдіс – тәсілдері:
1. Балық пішіндерін айыру.
2. «Кім жаңылыспайды» 1 - 10ға тура және кері санау.
3. «Қандай сандар жетіспейді»
4. Шортан мен алабұғаны салыстыру. Санау Жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.
5. Сергіту жұмысы.
6.  Маржан моншақтарын санау.
7. Сурет ішіндегі балықтару. Оңға 5 балық, солға 5 балық.
8. Алдында 3 балық, артында 2 балық. Балықтар бірінен соң бірі келе жатыр.
9 .Сұрақ –жауап.
Көрнекілігі. Пішіндер, сан таңбалары, балықтардың суреттері
Қиыршық ішіндегі моншақтар, су және «Алтын Балық» кеме.

  І.Ұйымдастыру.

  Шаттық шеңбері . 

    Табиғат біздің анамыз,
    Табиғатқа баламыз.
    Иіліп сәлем береміз,
    Біз әдепті баламыз,
    Бір - бірімізге қарап күлімдейміз.

     Мұғалім:   Жарайсыңдар, барлықтарыңның жүздерің күлімдеп, жайнап кеттіңдер. Олай болса бүгінгі сабағымызды бастамас бұрын мына сұрақтарға жауап беріңдерші.
Апта күндерін сұрау.
Бір аптада неше күн бар?
Балалар: 1 аптада 7 күн бар.
Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем мезгілі.
Күн жылынады, күн ұзарады. Ағаштар бүршік атып жатыр, құстар жылы жаққа келіп жатыр. Адамдар жеңіл киіне бастады.
 ІІ.Негізгі бөлім.
-Балықтар қайда тіршілік етеді?
-Балықтар суда тіршілік етеді, сусыз тіршілік ете алмайды.
-Дұрыс айтасыңдар балалар. Енді бәріміз кемеге отырып, теңізге барып, су асты балықтарын тамашалайық. Балалар кемеге отырады, кеме гуілдейді ы - ы - ы - ы. Балалар кемеге отырып келе жатқанда музыка әуенімен: Қатты толқын соғып, кеме суға кетеді. Балалар жүзіп су жағасына шығады. Бір бала су астындағы торға түсіп оралып қалады.
-: Су астындағы «Алтын балықты» көмекке шақырады. Алтын балық – деп айқайлайды.
Алтын балық: Саламатсыздар ма балалар! Мені неге шақырдыңдар?
Балалар: Алтын балық бізге көмектес.
Мұғалім: Біздің бір баламыз су астындағы торға оратылып қалды.
Алтын балық: Достарыңды құтқарамын, бірақ менің сендерге қоятын тапсырмаларым көп соны орындайсыңдар.
Балалар: Уәде етеді.
Алтын балық: Баланы тордан босатады.
Алтын балыққа балалар рахмет айтады.

- Ендеше балалар алтын балықтың тапсырмасын орындайық. Қандай тапсырмаларыңыз бар?
Алтын балық: балалар сендер су астына түстіңдер онда не көрдіңдер?
Балалар: Әр түрлі пішіндегі балықтарды, ұсақ шөптерді, қайышық тастарды, сегіз аяқтарды, жұлдыз құрттарын.
Алтын балық: Олай болса
1 - тапсырма. Балықтардың пішінін айыру.
2 - тапсырма. «Кім жаңылыспайды» 1 - 10 ға дейін тура және кері санау.
3 -  тапсырма. «Қандай сандар жетіспейді?»
Кіші көршім оң жақта
Үлкен көршім сол жақта
Тұрушы еді қасымда
Қайда кеткен жан жаққа.. 2.. 5.. 8.. 10
4 - тапсырма. Шортан мен алабұғаны рет санымен қоя отырып санау, салыстыру, жалпақ - жіңішкені, ұзын - қысқаны айыру.

ІІІ. Сергіту сәті . «Жүзуді үйренеміз».
Сылдырлайды теңіз суы (қояды төмен сермелеу)
Теңіз суға денеңді жуу (денеңді жуу)
Қояды артқа сермейіп (қояды артқа сермеу)
Балық болып жүзейік (ирелеңдеп жүзу)

3бөлім. Үлестірмелі материалдармен жұмыс. Барлық бала қиыршық тастарды су жағасынан жинап алады.
5 - тапсырма. Қиыршық ішіндегі Маржан моншақтарын санай отырып қанша моншақ болса сонша санды қою.
4 бөлім. Суретті карточка бойынша жұмыс.
6 - тапсырма. Сурет ішіндегі балықтардың қай бағытқа жүзіп бара жатқанын сұрау.
Оң жаққа Сол жаққа
5балық 5балық
Барлығы 10 балық.
7  - тапсырма.
Алабұға Шортан
1, 2, 3, 4, 5 алдында 3 балық, артында 1 балық
Бірінің артынан бірі кетіп бара жатыр.
Алтын балық: Рахмет балалар. Тапсырмамды жақсы орындадыңдар, мынау менің сендерге сыйлығым. Алтыннан жасалған тәттілерімді ала келдім. Сау болыңыздар. Мен теңізіме қайтып оралайын.
Бала тілегі: «Жаратқаның жар болсын, алтын балық жүре берші теңізде, асыр салып» деп тілек айтады.
Мұғалімі: Балалар көрдіңдер ме алтын балық тек қана жақсы тілектерді ғана орындаған. Сендерге риза болып кетті.
ІҮ. бөлім. Қорытындылау. Су астындағы балықтарды қайталап сұрау.

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (doc)
Размер: 33.5 Kb
Количество скачиваний: 59
Просмотров: 336

Похожие материалы