Математика Бағасы.Саны.Құны (3 класс)

Предмет: Начальные классы
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

Тақырыбы: Баға, сан , құн шамалары


Мақсаты: 1.Оқушыларға баға, сан, құн туралы түсінік беру,күнделікті өмірмен байланыстыру.
2. Оқушыларға экономикалық білім беру.
3.Оқушылардың есептеу дағдыларын жетілдіру
Көрнекілік: интерактивті тақта, кеспе цифрлар, сызбалар
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, салыстыру
Сабақ түрі: саяхат сабақ
Жүрісі:
Сабақтың бөлімдері Сабақтың мазмұны

Ұйымдастыру бөлімі Оқушылардың назарын сабаққа аудару
Кітап-құралдарын түгендеу

Дайындық бөлімі -Біз бүгін сабағымызда бағалар әлеміне саяхат жасаймыз.
-Баға деген сөзді естулерің бар ма? Ол қайда кездеседі? (сабақта да, дүкенде де баға ұғымы бар екенін айтып өтемін)
Саяхатқа шығу үшін алдымен оған дайындаламыз.
Бізге ол үшін алдымен жақсы білім керек.Білімдеріңді тест жұмысы арқылы тексеремін.
1. Кез-келген сан мен 1-дің көбейтіндісінің мәні неге тең?
А . нольге тең Ә .бірге тең Б. сол санға тең
2. х•19=0 теңдеуінің мәні неге тең?
А. О Ә. 1 Б шешімі жоқ
3. 4000:100
А. 4 Ә. 40 Б. 400
- Енді біз саяхатқа толық дайынбыз.

Жаңа сабақ - Бағалар ең көп кездесетін жер ол дүкендер.Біз бүгін үш дүкенді аралаймыз.Ондағы заттармен танысып, бағаларын салыстырамыз. Нәрселер сатып аламыз.
-Қай дүкенге баратынымызды білу үшін жұмбақ шешейік.
Жоқ өзінде бас та, қас та мойын да
Ұзындығы жазулы тұр бойында.(сызғыш)
-Сызғыш қай дүкендерде сатылады?
(Абди кеңсе тауарлар әлемі)
-Дүкенде өзіңді қалай ұстауың керек?
Есеп: Сызғыш 100 теңге, дәптер 20 теңге.Мен екі дәптер,3 сызғыш сатып алсам, қанша теңге төлеуім керек?
Сызбамен түсіндіру
Бағасы саны
құны
100 3 ?
20 2
Құны дегеніміз-сол заттар үшін төленетін ақшалар саны.
Дүкенде басқа нелер бар? Осы заттарды қатыстырып есеп құрастырайық.
Дәптер-40 тг.3 дәптер қанша теңге тұрады?Сатып алынған үш дәптердің құны қанша?
-Енді келесі қандай дүкенді аралайтынымызды білу үшін жұмбақ шешейік.
Сырты қатты, іші тәтті.
Аспай піскен , қайнамай түскен
Азық- түлік
Дүкенннің есігі құлыптаулы тұр.Оны ашу үшін кітабымыздағы 2-тапсырманы орындап жіберейі

-Дүкенде нелер бар екен? Олардың не сатып алып тұрғанын есептей аламыз ба?
Сергіту сәті
Логикалық есеп: Алма ағашында 4 алма, теректе 5 алма өсіп тұр. Барлығы қанша алма өсіп тұр?
Келесі дүкеннің есігін ашу үшін 1-тапсырманы орындайық
-Есептің сұрақтары бойынша талдау жасау.
Дүкенде нелер бар? Осы заттар туралы мәліметтерді пайдаланып есеп құрастырыңдар.
Доп-500 тг, машина 800 тг.Екеуі үшін қанша тг төленді?
-Енді біз де саяхаттан сыныпқа оралайық.
Бекіту -Бүгін біз қайда бардық? Нелерді көрдік? Енді сендердің білімдеріңді одан әрі сынау үшін «Дүкен » ойынын ойнайық.
Жақсы оқитын бір оқушы сатушы болады да, заттар сатады
Заттарда тапсырмалар жазылып тұрады.Тапсырмалар шешілсе, оны сатып алады.

Қорыту Бағалау.Үйге тапсырма беру
6-тапсырма,97 бет

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 23.86 Kb
Количество скачиваний: 13
Просмотров: 156

Похожие материалы