Математика пәнінен ашық сабақ «Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару»(8-класс)

Предмет: Математика
Категория материала: Рабочие программы
Автор:

«Квадрат  теңдеулерді шешуге есептер шығару»

 

  Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылардың тақырып бойынша алған білімдерін жинақтау, квадрат    теңдеудің түбірлерінің формуласын есептер шығару барысында қолдана білу дағдыларын жетілдіру.

Дамытушылық: теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып ауызша есептеу, ой қорыту қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды өз бетімен еңбектенуге, өзіне сенімділікке, нәтижеге қол жеткізе білуге, жүйелі білім алуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: практикалық

Сабақта қолданылатын әдіс тәсілдер: сұрақ- жауап, ойтудыру, сто элементтері.

Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, кестелер, кеспе қағаздары

Сабақтың барысы:

 

         І. Ұйымдастыру бөлімі

 Сәлемдесу. Оқушыларды түгелдеу, олардың бар назарын сабаққа аудару.Оқушыларды екі топқа бөлу.

1-    топ «Әл- Хорезми»

Алгебраға жаңа мағына берген, квадрат теңдеуді шешудің қазіргі формуласына пара- пар сөз жүзінде шешу ережесін келтіріп, геометриялық тұрғыдан дәлелдеген ғалым атамыз Әл-Хорезми құрметіне атадық.

2-    топ « Виет»

Жалпы түрде квадрат теңдеуді шешудің формуласын қорытып шығарған француз математигінің құрметіне атадық.

 

         ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма  №120 (3) есептің дұрыстығын тексеру.

 

       ІІІ. Ой қозғау.Өтілген тақырып бойынша теориялық материалды қайталау

Өтілген материалды қайталау үшін мына жасырылған сөзді табайық.

1.      Алгебрада өзіне қатысты формулалары бар, геометрияда негізгі фигулардың бірі, айтылмаған көп теңдеудің бірі.   (квадрат)

2.     Математикалық бір ғалым,

Бір мүшеліктен іріктеп

Атын жайып әлемге,

Топ көңілін тоқ қылды

Екі алып ол топты

Нөлге теңеп жоқ қылды.   (теңдеу)

Сұрақтар (блок схема)

1.     Квадрат теңдеудің жалпы түрі (ах2 + вх+ с =0)

2.     Квадрат теңдеудің түрлері:  толымды, толымсыз, келтірілген

3.     Толымды квадрат теңдеудің түрі: (ах2 + вх+ с =0)

4.     Толымсыз квадрат теңдеудің қандай түрлері бар? (ах2 = 0;ах2 + вх =0;ах2 + вх+ с=0)

5.     Келтірілген квадрат теңдеу деп қандай теңдеуді айтамыз? (х2 + рх+ q=0)

 

 

 

квадрат

 

теңдеу

ах2+вх+с=0

 

толымды

ах2+вх+с=0

келтірілген

толымсыз

ах2+вх+с=0

 

ах2+вх+с=0

 

ах2+вх+с=0

 

в=0,с=0

ах2=0

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 65.91 Kb
Количество скачиваний: 34
Просмотров: 235

Похожие материалы