Математика пәнінен презентация " 1-ден 10-ға дейінгі сандарды қайталау"

Предмет: Математика
Категория материала: Презентации
Автор:

Сабақтың тақырыбы: 1-ден 10 дейінгі сандарды қайталау

Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтары бойынша алған білімдерін тексеру.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.

3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс: дүниетану, еңбекке баулу, бейнелеу өнері

Сабақ түрі: қайталау сабағы

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, көрнекілік.

Көрнекілігі: проекторлы тақта, (топтамалар) слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: – Балалар бүгін сыныпқа көптеген қонақтар келіпті кәнеки, қонақтармен амандасайық: Сәлеметсіздер ме, қонақтар!

-Жарайсыңдар, балалар, олай болса бір-бірімізге деген жүректен шыққан жылы сөзімізді білдірейік:

Шаттық шеңбері: (слайд №3)

Қайырлы күн, достым,
Қайырлы күн болсын.
Сәрсенбінің сәті.
Сәттілікке толсын!
Біздің алар бағамыз.
Кілең бестік болсын!

ІІ. –Балалар бүгін бізде ерекше сабақ, өйткені біздің сабағымызға тек ұстаздар ғана келіп қоймай, Дара және оның достары да сендердің математика сабағынан алған білімдеріңді тексеру үшін тапсырмалар әкелмекші. (слайд №4)

- Сендер Дараны танисыңдар ма?

- Ол кім? (саяхатшы)

- Дараның достарын атаңдаршы. (Боти, карта, жолдорба, Алаяқ)

- Олай болса Дара мен Боти бізге қарай жолға шықпақшы, бірақ қай жолмен жүретіндерін білмейді. (слайд №5) Сендерден көмек сұрап жатыр. Жол бағдарлаушы кім еді? Біз не деуіміз керек?

-Карта, карта.

-Дұрыс, жол бағдарлаушы - Карта.

- Ал, Карта сендерге тапсырма дайындапты.

Дәптермен жұмыс: Сандарды өсу ретімен орналастырып, дәптерлерімізге көркем жазамыз. (слайд №6) Балалар орындарында цифрларды 1-ден 10-ға дейін өсу ретімен орналастырады, цифрларды дәптерге көшіреді.

-Жарайсыңдар балалар, Дара мен Боти жолға шықты.

- Бірақ биік қақпаға тап болды. Боти қақпаны аша алмады. ( слайд №8)

-Балалар қараңдаршы, есікте неше тесік бар? Ал кілтте неше тісі бар? (4) ( слайд№9) Қақпаның есігін ашу үшін 4 санының құрамын табу керек. ( слайд № 10) Балалар тақтада орындайды. Дәптерлеріне теңдіктер құрастырады. 1+3=4 2+2=4 3+1=4

- Балалар кім 10 санының құрамын біледі? 8 санының ше?

-Алақай қақпа ашылды! (слайд №11) Дараның тапсырмаларын орындау үшін дем алып алайық.(слайд №12)

ІІІ. Сергіту сәті:

Санын біліп алайық.
Біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу.
Қолымда саусақ сонда нешеу.
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Қосып едім екеуін
Болып шықты он саусақ.

IV. Дараның тапсырмасы: -Ал енді, балалар Дара сендерге есептер дайындапты. «Кім тез есептейді?» (слайд №13, 14) Жауабын оқушылар тақтаға шығып жазады.

1.Ақ балапан 2. Алма ағашта 5алма 3.Аулада 6 үйрек.

Сары балапан Қандай тәтті жесе алма Қорада 3 үйрек,

Шұбар балапан Бесеуінде жеп қойсам 1 үйрек тығылды,

Қара балапан Қалады онда неше алма? 1 үйрек жығылды.

Барлағы неше балапан? Қалғаны неше үйрек?

4.Бір-бірімен жарысқан 5.Он асықтың үшеуін 6.Табақта 5өрік

Бір аю,бір арыстан, Досың сұрап алады. Қолымда 4өрік

Екі қоян,үш түлкі, Айтшы сонда нешеуі Қосқанда барлығын

Бәрі нешеу ойлан тап? Өз қолыңда қалады. Болады неше өрік?

V. Ботидің тапсырмасы (слайд 15) Карточкамен жұмыс
«Көршісін тап» ойыны 4...6;...7...;......10.
«Сандарды тура және кері сана»
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10

VI. Алаяқтың тапсырмасы (слайд №16)

- Балалар, Алаяқ қандай кейіпкер? (айлакер, қу) – Ол әрдайым жасырынып жүреді, сондықтан цифрларды жасырып қойған.

Көзге арналған жаттығу. Цифрлар қайда жасырынған? (слайд №17)

VII. Жолдорбаның тапсырмасы. (слайд №18)

-Алдымен санамақтар айтыңдар.

Қуыр-қуыр қуырмаш

Тауықтарға тары шаш

Балапанға бидай шаш

Балаларға тәтті шаш

Сен түйеңе бар

Сен жылқыға бар

Сен сиырға абр

Сен қойыңа бар

Сен үйіңде отырып шешеңе көмектес!

Салыстыр (слайд №19)

Балалар тақтадағы суреттерді салыстырып, тиісті таңбаларды қояды. Дәптерлеріне суретке сәйкес теңсіздіктер жазады.

7*4; 3*5.

Теңдіктер жаз.

Ребус шешу: Алтын, тон.

VIII. Бағалау. Балалар Дараның сендерге деген арнайы сыйлығы бар екен. Ол сендерге өте риза. Сондықтан мына жұлдызшаларды қабыл алыңдар.(слайд №20)

ІХ. Үйге тапсырма: Сандар құрамын қайталау.

Тип материала: Презентация Power Point (pptx)
Размер: 3.89 Mb
Количество скачиваний: 11
Просмотров: 271

Похожие материалы