Материктік және мұхиттық жер қыртысы, геологиялық жыл санау

Предмет: География
Категория материала: Конспекты
Автор:

Тақырыбы: Материктік және мұхиттық жер қыртысы, геологиялық жыл санау және геохронологиялық кесте

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Литосфералық тақталар және олардың қозғалыстары, геологиялық жыл санау, геохронологиялық кесте, материктік және мұхиттық жер қыртыстары, геосинклинальдар мен платформалар, материктер мен мұхиттардың пайда болу жолдары туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – Оқушылардың географиялық ой-өрісін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, танымдық қызығушылығын дамыту, географиялық ойлауын қалыптастыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру. Саяхатшылардың батыл да табандылығы мысалында оқушыларды Отансүйгіштікке, батылдық пен табандылыққа тәрбиелеу.

Оқу құралдары: Оқулық, Дүниежүзінің физикалық картасы, глобус, кескін карталар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Түсіндірмелі, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Сабақты өткен сыныптардан алған білімді еске түсіруден бастауға болады. Одан әрі жер қыртысының түрліше бөліктері мен олардың арасындағы айырмашылықтарды 10-сурет бойынша ажыратады.

Содан кейін геологиялық жыл санау мен геохронологиялық кестені түсіндіре бастайды. Оны мұғалім 11-сурет көмегімен геологиялық жыл санаудың кезеңдері мен басты оқиғалармен таныстырады.

Сосын Литосфералық тақталар мен олардың қозғалыстарын түсіндіру үшін 12, 13-суреттерді пайдаланады. Барлық литосфералық тақталарды картадан көрсетеді.

Сосын бұл тақырыпты өздерін оқып шығып, талқылаңдар деген тапсырманы береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды.

Оқушылар топтарға бөлініп, өз тақырыптарын қорғайды, сосын бір-біріне сұрақтарды қояды.

ІІІ

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды. Әрбір литосфералық тақта мен ежелгі материктерді мұғалім картадан көрсетіп, балаларды толықтырады.

Оқушылар білімдерін бекіту үшін сұрақтарға жауап береді. Бір бірін тыңдап білімдерін бекітеді.

ІV

Үй жұмысы:

1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға литосфералық тақталарды түсіру.

3. Аралдардың орналасқан жерлерін жаттау және картадан көрсету.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 13.9 Kb
Количество скачиваний: 38
Просмотров: 215

Похожие материалы