Мектеп және отбасы (тренинг)

Предмет: Классному руководителю
Категория материала: Конспекты
Автор:

Мақсаты: Оқушылардың өз Отанына деген сүйіспеншілігін арттыру, мемлекеттік рәміздерді  құрметтеу, халқымызды сүюге, елжандылыққа ,патриятизмге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Қазақстан картасы,Елбасы партреті,ҚР мемлекеттік рәміздері, тапсырмалар

І-бөлім: Оқушылармен танысу

ІІ-бөлім: 2014/2015 оқу жылындағы  Білім күнінің ұраны «Қазақстан -2050 жолы: бір мақсат,бір мүдде,бір болашақ».

Президентіміз айтқандай , «бір мақсат»-бұл барлық еліміздегі халықтың алдына қойған мақсаты, «бір мүдде» - бұл барлығымызға ортақ Отанымыз, «бір болашақ» - бұл барлығымыздың басымыздан өткен қиындықтар мен жеңістер, бұл-біздің ортақ келешегіміз-көркейген және гүлденген Қазақстан.

Елбасы атап өткендей, Отанға, туған жерге, ата-бабаларымызға, еліміздің тарихына деген махаббат бүкіл қазақстандықтар үшін ерекше маңызды.Қазақстан жиырма жыл ішінде ұлт жеңісінің үлгісі болды,осындай жетістікке тек күшті халық жете алады.Біз сондай халық бола алдық және осы биіктен көріне беруіміз керек.

ІІІ-бөлім: «Сен білесің бе?»

-Балалар,мемлекеттік рәміздер дегеніміз не? Оларға не жатады?

 Мемлекеттік рәміздер – мемлекеттің тәуелсіздігін білдіретін символикалық айырым белгілері.Мемлекеттік рәміздерге еліміздің елтаңбасы,туы, әнұраны жатады.

1992 жылы 4 маусымда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері бекітілді.

Жеке-жеке рәміздерге тоқталу.

Қазақстан Республикасының туы- ҚР мемлекеттік негізгі рәміздерінің бірі. «ҚР президентінің мемлекеттік рәміздері туралы» конституция заң күші бар Жарлығымен 24,1. 1996 жылы белгіленген.Мемлекеттік ту көгілдір түсті тік бұрышты кездеме. Оның ортасында арайлы күн, күннің астында қалықтаған қыран бейнеленген. Тудың сабын бойлай ұлттық ою-өрнек салынған тік жолақ кетеді.Күн, күн сәулесі, бүркіт және ою-өрнек алтын түстес бояумен боялған.

ҚР-ның мемлекеттік елтаңбасы-ҚР-ның негізгі мемлекеттік рәміздерінің бірі. «ҚР президентінің Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы» конституция заң күші бар Жарлығымен 24.1. 1996 жылы белгіленген.Рәміздік тұғырдан ҚР мемлекеттік елтаңбасының негізі шаңырақ. Ол –елтаңбаның жүрегі.Шаңырақ-күн шеңбері.Шаңырақ-мемлекеттің түп негізі, отбасының бейнесі. Шаңырақ пен уықтар біздің Отанымызда тыныштықта жарасымды өмір сүріп жатқан көптеген халықтардың бірлігін көрсетеді.

ҚР мемлекеттік әнұраны –ҚР-ның негізгі рәміздерінің бірі.ҚР Президентінің «ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы» конституция заң күші бар Жарлығымен 24.1. 1996 жылы белгіленген. ҚР-ның әнұранының сөзін жазған:Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев. Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов.

ІҮ-бөлім: Оқушылардың Отан туралы мақал-мәтелдерді білу деңгейін анықтау.

Ү-бөлім: «Мен елімді сүйемін,өткені...» әр оқушы сөйлемді аяқтау керек.

ҮІ-бөлім: Қорытынды.

Қазақстан Республикасы

                Ту                                         Елтаңба                              Әнұран

 

                                                Ата заң                 Астана

 

Еркіндік

                        Күрес                                                                         Бостандық

ТӘУЕЛСІЗДІК

             Татулық                                                                                Арпалыс

                          Ата-бабамыздың арманы                       Бейбітшілік

Осылай әрқашан Отанымызды, рәміздерімізді құрмет тұтайық,халқымызды қадірлейік,еліміздің асқақтап гүлденуіне озат оқу, үлгілі тәртіппен үлес қосайық!

 

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 41.22 Kb
Количество скачиваний: 45
Просмотров: 170

Похожие материалы