Мектеп ұжымына арналған жаңа жылдық бағдарлама

Предмет: Другое
Категория материала: Другие методич. материалы
Автор:

Мектеп ұжымына арналған жаңа жылдық бағдарлама

2015 жылды қарсы алу                30 желтоқсан 2014 жыл                №7 орта мектебі

Жаңа жылдық әуен ойнап тұрады.

 

І жүргізуші: -Ассалаумағалайкум! Құрметті қауым!

ІІ жүргізуші: -Армысыздар, ардақты әріптестер!

І жүргізуші: Құрметті, ұстаздар, әріптестер! Сіздерді осындай бақытты шақтың қуанышы – Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

ІІ жүргізуші: -Келе жатқан қой жылы мерекесімен құттықтай отырып, бүгінгі кешімізді бастауға рұқсат етіңіздер!

І жүргізуші:

Жаңа жыл – жаңа қадам, жаңа бағыт,

Болашақ сыйлайтындай жаңа бақыт.

Қой жылы кеп қалды ортамызға,

Жақсылықпен жалғассын жаңа уақыт.

 

ІІ жүргізуші:

Құтты болсын жаңа жыл, барша халық.

Қуанышқа, шаттыққа тамсанайық.

Бірімізге шынайы тілек тілеп,

Бар әлемге бақытпен жар салайық!

 

І жүргізуші:

Жаңа күнде ән қылып,

Тек жүреміз сән құрып.

Көңілдердей қартаймай,

Шырша тұрар мәңгілік!

(І жүргізушіге) Білесің бе, осы Жаңа жыл әлемдегі ең көп, әрі ең керемет тойланатын мереке екен.

ІІ жүргізуші: Дұрыс айтасың, бұл күні қуанбаған жан қалмайды. Бәрінің жүздерінде күлкі мен шаттық. Әлемнің әр жерінде от шашулар  атылып, жаңа жылдық шыршалар бой көтеріп, еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін бақыттың құшағында жүреді екен!

 

І жүргізуші: Жаңа жыл тек қана бақыт, қуаныш әкелсін дей отырып, бүгінгі көңілді кешіміздің алғашқы мерекелік құттықтау сөзін мектеп директоры Ибраева Гүлсайран Намазбайқызына береміз.

ІІ жүргізуші:

Жаңа жыл - қайсарлық пен жүректілік,
Баратын болашаққа білек түріп.
Әдемі тілектерге қол соғамыз,
Әлемге жақсылықтар тілеп тұрып.

І жүргізуші:    Келтірейін сәніңді.

Бұзба енді мәніңді.

Әнші бала, тоқтама,

Шырқап жібер әніңді.

Өзінің құттықтау әнімен ортаға әнші  ұлдарыңыз Кинбаев Нұрболды  қарсы алыңыздар!

 

ІІ жүргізуші: Ойбуууу, ұят болды ғой! Біз шынымен осы Жаңа жылдың иесін ұмытып кетіппіз ғой. Достар, ендеше бәріміз бір ауыздан Аяз ата мен Ақша қарды шақырып алайық. Қалай қарайсыздар?!

І жүргізуші: Ақ киімді, денелі, ақ сақалды - деп, Абай атамыз жырға қосқандай, ұзақ күттірмей, барлығымыздың қуанышымыз Аяз атаны ортаға шақырайық.

Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Біз бәлкім шын көңілмен шақырмай жатқан болармыз! Кәне, достар, не тұрыс, шын ниетпен, бар күшімізбен Аяз атаны шақырайық! Аяз ата! Аяз ата! Аяз ата!

Аяз ата келеді. Қасында Ақша қары бар. Таяғын тарсылдата кіріп келеді.

 

І жүргізуші: Аяз ата, ортамызға қош келдіңіз. Сіз де, Ақша қар.

 

(Хоровод айналдыру. "Жаңа жыл" әнімен)

І жүргізуші:

-Биылғы келіп отырған қой жылы қазақ халқы үшін өз табысы мен, өз жетістігімен, молшылығымен келсін! Ендеше бабына келіп отырған жүйріктерді ортаға шақырмыз! Өнерлерімен біздерді тамсандырсын!

ІІ жүргізуші: Бәрекелді! Шабытарыңыз шарықтай берсін!

(Сатиралық көрініс)

ІІ жүргізуші:

-Ендеше жарысымыздың 1-ші бөлімі сатиралық көрініс. Жарысымызды алғаш болып, бастау үшін жеребе тастау арқылы анықтаймыз.

І жүргізуші: Аяз ата! Көрелік. Сіз және Ақша қар төреші боласыздар. Кім жеңімпаз екенін бірге анықтармыз.

Ән:  "Карнавал" фильмінен "Позвани мне позвани" орындайтын әнші қыздарыңыз Есеналиева Айгүл

 

Тосын сый (жеміс-жидектер иогурты )

 

(Көңілді ойындар марафоны)

 

ІІ жүргізуші: Ал, Аяз ата! Бағасын беріңіз! Сіздіңше кім жеңеді?

Аяз ата: Әәә не дейін, Жаңа жылдың осынау шаттықты кешінде бірі жеңілді, бірі жеңді деп айту маған да оңай емес. Дегенмен бүгін бірлік пен достық жеңсін. Мен өзімнің осы уақытқа дейінгі жолымда тек Ақша қарымды алып сапар шегетін едім. Енді қарап тұрсам бәрі басқаша екен. Ендігі жылдан бастап мен көмекшілерімді ерте келемін. Бірақ жарысу мақсатында емес, бірігіп өнер мен қызықтар көрсетіп, Жаңа жылдың жаңа күнін тойлатуға келемін.

І жүргізуші:  Бәрекелді, Аяз ата!

ІІ жүргізуші: Шынымен де сөзіңіздің жаны бар! Барлық топ та өнерден кенде емес екендерін көрсетті.

 

(Лотория ойнату)

І жүргізуші: -Келе жатқан қой жылы молшылығын, несібесін ала келсін деп, ортамызға қой жылы туылған (қойларды) ортаға шақырамыз. Ол үшін бүгінгі кешіміздің бас рөліндегі киіпкерді де қоса шақырамыз. Ол осы мектептің кәсіподақ төрайымы Қалқаева Айғаным Әбимолдақызы. Қошеметпен ортаға шақырайық.

Жаңа жылдық сыйлықтар тарату ұжымға-ортаға қой киінген киіпкерлер шығады.

Торт әкелу, шампан ашу

І жүргізуші:

Жаңа жыл - жаң бағыт,

Әкелсін далама құт.

Өнерлілерің көп болсын,

Елде уайым жоқ болсын.

 

І жүргізуші: Құрметті достар!

ІІ жүргізуші: Қадірлі ұстаздар, қонақтар!

І жүргізуші: Жаңа жыл! Осы жыл барлық отбасыларыңызға бақыт пен шаттық әкелсін. Еңбектеріңіз жемісті болсын. Табысқа кенеліп, тұлпардай жүйрік болайық!

ІІ жүргізуші: Жаңа жыл құтты болсын! Келесі жылы дәл осы жерде төрт көзіміз түгел, аман-есен қауышайық!

 

 

 

 

Тип материала: Документ Microsoft Word (docx)
Размер: 43.99 Kb
Количество скачиваний: 23
Просмотров: 126

Похожие материалы